"Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22536 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйетегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банк жүйесінде 2018 жылғы 09 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "___"_______ 2021 жыл

  Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 151
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 503 бұйрығына қосымша

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесі

Білім беру ұйымы типінің атауы

Білім беру ұйымы түрлерінің атауы

1.

Мектепке дейінгі ұйымдар

1. Бөбекжай-бақша

2. Балабақша

3. Отбасылық бөбекжай-бақша

4. Санаторлық бөбекжай-бақша

5. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені

6. Мектепке дейінгі шағын орталық

2.

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) *

1. Бастауыш мектеп

2. Негізгі орта мектеп

3. Жалпы білім беретін мектеп

4. Гимназия

5. Лицей

6. Бейінді мектеп

7. Мектеп-гимназия

8. Мектеп-лицей

9. Қосымша білім беретін мектеп-орталық

10. Оқу-тәрбие орталығы (кешен)

3.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары **

1. Колледж

2. Кәсіптік даярлау оқу орталығы

3. Жоғары колледж

4.

Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары **

Жоғары колледж

5.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары **

1. Институт

2. Университет

3. Академия

      Ескерту:

      * шағын жинақты мектептерден, ауылдық жерде орналасқан орта білім беру ұйымдарынан, түзету мекемелері жанындағы, денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы, мәдениет және дене шынықтыру-спорт ұйымдары жанындағы орта білім беру ұйымдарынан, республикалық орта білім беру ұйымдарынан басқа;

      ** медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясынан басқа.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады