БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу:
1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органында;
2) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдау жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Отбасының екі мүшесі де әскери қызметші болып табылған жағдайда ақша төлеу екеуінің біреуіне ғана олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
Әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу тұралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жергеөз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.
Әскери оқу орындарын (бұдан әрі – ӘОО-лар) бітірушілерге оларды жаңа қызмет орнына тағайындаған кезде, егер бұл басқа жергілікті жерге қоныс аударумен байланысты болса, Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен шетелдік ӘОО-ларды бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;
2) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ӘОО-ларын бітіргендерге – әскери оқу орны орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік ӘОО-ларды және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін.
Бұл жағдайларда осы Қағидалар 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген әскери қызметшінің кетуі туралы бұйрықтан үзінді ұсыну талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және шет мемлекеттердің ӘОО-ларында қашықтан немесе сырттай оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қосымша білім беру (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, курстық даярлау, жетілдіру, мамандандыру және интернатура) бағдарламалары бойынша оқыған әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.".
2. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15659 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік оқу орнына қабылданған кезде және оны аяқтағаннан кейін, сондай-ақ уәкілетті орган қосымша білім беру (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, курстық даярлау, жетілдіру, мамандандыру және интернатура) бағдарламалары бойынша шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген кезде әскери қызметшілердің жол жүруі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) 61-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызметші шетелдік әскери оқу орнына оқуға қабылданған кезде және оны аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің багажы мен қол жүгін тасымалдау авиатасымалдаушы экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құжатының (билеттің) құнына қосқан багаж бен қол жүгінің рұқсат етілген салмағы шегінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Рұқсат етілген салмақтан асатын қосымша багаж бен қол жүгін тасымалдау үшін ақы төлеу әскери қызметшілердің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте осы шығыстар мемлекет есебінен өтеуге жатпайды.Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің шетелдік әскери оқу орындарына оқуға және кері қарай жол жүруін әскери білімге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің өтінімдері бойынша әскери қатынастар органдары орындайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидаларда мемлекет есебінен жол жүру көзделген жағдайларда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алғаны үшін шығыстарды төлеу (бұдан әрі – жол жүру үшін шығыстарды төлеу):
1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алатын күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгеде;
2) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде;
3) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған жол жүру жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу туралы бұйрығы әскери қызметші баянатты, жол жүру құжаттарын (билеттерді) және отырғызу талондарын ұсынған кезде шығарылады";
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу тұралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.".
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) әскери эшелон – бір пойызда, бір кемеде тасымалдау үшін ұйымдастырылған әскери бөлім, бір немесе бірнеше бөлімше;
2) әскери көлік – саны бір немесе одан көп вагонмен, контейнермен әскери жүктерді бір уақытта жөнелту;
3) әскери команда – тағайындау орнына әскери мүлікпен (оның ішінде қарумен және оқ-дәрілермен) немесе онсыз жылжитын саны екі және одан көп әскери қызметшілер тобы;
4) әскери қызметшінің отбасы мүшелері – зайыбы (жұбайы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары, әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары;
5) әскери талап (әскери тасымалдау құжаты) – теміржол көлігіндегі әскери тасымалдарды және ілеспе көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) ресімдеу үшін арналған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қатаң есептіліктегі бланк (бұдан әрі – 1, 2 мен 3-нысандарындағы әскери талаптар);
6) ақтау құжаттары – жол жүру құжатының (билетінің) алынғаны немесе жүктің, жүк-багажының тасымалдануы іске асырылғаны фактісін куәландыратын құжат, бұл ретте: 1-нысандағы әскери талаптар бойынша – жол жүру құжаты (билет), 2-нысандағы әскери талаптар бойынша – жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, 3-нысандағы әскери талаптар бойынша – жүк-багаж түбіртегі ақтау құжаттары болып табылады.
7. Әскери жолаушыларға:
1) ҚР ҚК жоғары қолбасшылығы (жоғары командалық құрам);
2) әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер;
3) әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары мен кадеттері;
4) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері;
5) ҚР ҚК азаматтық персонал адамдары;
6) әскери қызметтен шығарылған адамдар ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда) жатады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әскери жолаушыларға мынадай жол жүру шарттары айқындалады:
1) теміржол көлігінде:
ҚР ҚК жоғары қолбасшылығы (жоғары командалық құрам) мен олардың отбасы мүшелеріне –кез келген санаттағы пойыздың жатын вагондарында және "Бизнес" класс вагондарында;
келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда), олардың отбасы мүшелеріне, ҚР ҚК азаматтық персоналына – кез келген санаттағы пойыздың купе вагондарында және "Турист" класс вагондарында (осы тармақшаның күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады);
әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтен, әскери жиындардан шығарылған адамдарға – кез келген санаттағы пойыздың плацкарт вагондарында, ал плацкарт вагондарда қажетті орындар саны болмаған жағдайларда – әскери қатынастар органдарының қолбасшылығымен келісу бойынша купе вагондарда және "Турист" класс вагондарында;
2) ішкі су көлігінде:
ҚР ҚК жоғары қолбасшылығына (жоғары командалық құрамға), келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда), олардың отбасы мүшелеріне, ҚР ҚК азаматтық персоналына – 1-санаттағы каюталарда (осы тармақшаның күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады);
әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтен, әскери жиындардан шығарылған адамдарға – 2-санаттағы каюталарда;
3) автомобиль көлігінде – кез келген қолайлылықтағы автобустарда.";
21-тармақ алып тасталсын;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Әскери тасымалдарды төлеу:
1) теміржол көлігінде – 1, 2 мен 3-нысандарындағы әскери талаптар бойынша, сондай-ақ қолма-қол емес және қолма-қол есеп айырысулар үшін;
2) басқа да көлік түрлерінде – қолма-қол емес және қолма-қол есеп айырысулармен жүзеге асырылады.
Әскери талаптар бойынша әскери тасымалдаулар үшін көрсетілетін қызметтерді төлеу және қолма-қол емес есеп айырысу, сондай-ақ орындарды броньдау және резервке қою бойынша қызметтерді төлеу заңнама шеңберінде көлік түрлеріндегі ұйымдармен жасалған шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес орталықтандырылып республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, олармен бір уақытта әскери тасымалдарды орындауға байланысты көрсетілген қызметтер үшін қосымша алымдар төленеді.
24. Әскери жолаушы мемлекет есебінен жол жүру көзделген жағдайларда жол жүру құжаттарын (билеттерді) өз қаражатына сатып алған жағдайда мыналарды:
1) мерзімді әскери қызметтен және әскери жиындардан шығарылуды;
2) әскери бөлім орналасқан жерді өз бетінше тастап кетуді, қамаққа алынуды немесе сотталуды қоспағанда, осы шығыстар кейіннен төленуге тиіс.
Тұрақты жүретін қалалық (ауылдық), қала маңындағы және аудан ішіндегі автомобиль тасымалдарының, такси және қалалық рельстік көлік (метрополитен, трамвайлар, жеңіл рельстік және монорельстік көлік) тасымалдарының маршруттары бойынша, сондай-ақ жеке автокөлікпен жол жүру шығыстары мемлекет есебінен төленуге жатпайды.";
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Осы Қағидаларда мемлекет есебінен жол жүру көзделген жағдайларда жол жүру үшін шығыстарды төлеу:
1) әскери жолаушы ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде немесе әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органында;
2) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған жол жүру жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының жол жүру үшін шығыстарды төлеу тұралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ жол жүру үшін шығыстарды төлеу заңдылығын тексеруден ерте емес, әскери тасымалдау жөніндегі іс белгіленген тәртіппен жойылады.
27. Әскери талаптар бойынша әскери тасымалдарды ресімдеуді әскери қатынастар комендатуралары әскери коменданттарының (бұдан әрі – әскери коменданттар) әскери талаптың әрбір бланкісінде мөртаңбамен куәландырылған "ресімдеуге" деген жазбасы бар болған кезде билет (тауар, багаж) кассалары жүргізеді.
Әскери талаптар бойынша әскери жолаушылардың жол жүруін ресімдеу қысқаша маршрут бойынша жүргізіледі, қажетті бағытта теміржол қатынастары болмаған кезде ресімдеу әскери қатынастар органдарының қолбасшылығымен келісілген маршрут бойынша жүргізіледі.
28. Осы жергілікті жерде әскери қатынастар комендатурасы (бұдан әрі – комендатура) болмаған кезде ресімдеуді билет (тауар, багаж кассалары байланыс құралдары арқылы әскери комендантпен келіскеннен кейін жүзеге асырады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Әскери талаптарда түзетулерді тек әскери коменданттар жөнелту станциясында немесе жүру жолында мыналар:
1) көрсетілген деректерді әскери жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттардағы деректермен салыстырғаннан кейін – әскери талаптарда көрсетілген әскери жолаушылардың тегінде бас әріптердін, сондай-ақ инициалдарының болуын немесе болмауын қоспағанда, екіден астам әріптің сәйкес келмеуі;
2) станциялардың атаулары орнына елді мекендердің атауларын көрсету немесе станциялардың атауларын дұрыс көрсетпеу;
3) көрсетілген ақылы әскери жолаушылар санының дұрыс болмауы;
4) қысқа маршруттың орнына анағұрлым ұзақ маршрутты көрсету анықталған жағдайларда жүзеге асырады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Жүру жолында әскери талаптарды ауыстыруды (беруді) тек әскери коменданттар, ал осы жергілікті жерде олар болмаған кезде әскери қатынастар органдары қолбасшылығының жазбаша рұқсатымен (телеграмма бойынша) жергілікті әскери басқару органдарының басшылары жүзеге асырады.
Оларда ақшалай ризықта тұрмайтын әскери қызметшілердің жол жүруін ресімдеу үшін әскери талаптарды әскери бөлімдер тек әскери қатынастар органдарының қолбасшылығымен келісілген жоғары қолбасшылықтың жазбаша нұсқаулары бойынша жүзеге асырады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Ауыстырылған әскери талаптар комендатурада (жергілікті әскери басқару органында) қалады және әскери тасымалдар жөніндегі іске тігіледі.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Жергілікті әскери басқару органдары бірге жүрушілердің жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу және нұсқау беру үшін команданы жөнелту уақытына дейін бір тәуліктен кешікпей комендатураларға келуін қамтамасыз етеді.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Уәкілетті орган әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының ұйымдарына курстық даярлыққа, семинарларға, біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға, жетілдіруге және мамандандыруға, сондай-ақ интернатурадан өту үшін жіберген кезде олардың жол жүруі әскери талаптар бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "оқу орнына" деп көрсетіледі.";
75-тармақ алып тасталсын;
78-тармақ алып тасталсын;
104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"104. 1, 2 мен 3-нысандарындағы әскери талаптар:
1) 1-нысандағы әскери талап – кез келген санаттағы пойыздарда әскери жолаушының, әскери команданың жол жүру құжаттарын (билеттерді) және қосалқы кө рсетілетін қызметтерді ресімдеу үшін;
2) 2-нысандағы әскери талап – әскери эшелондарды, әскери көлікті, әскери жүктерді, ҚР ҚМ жылжымалы мекемелерін тасымалдауды, сондай-ақ қосалқы және қосымша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде ҚР ҚМ меншікті жолаушылар вагондарына қызмет көрсету және оған ілесіп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді ресімдеу үшін;
3) 3-нысандағы әскери талап – әскери жүктерді (әскери мүлікті) багажбен және жүк-багажбен тасымалдауды ресімдеу үшін арналған.
105. Әскери талаптардың бланкілері әскери қатынастар органдары қолбасшылығының өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында дайындалады.";
107, 108, 109, 110, 111 және 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Әскери талаптарды есепке алуды, сақтауды, беру, жол жүру үшін шығыстарды мемлекет есебінен төлеу және өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу заңдылығын тексерулерді (бұдан әрі – тексерулер) Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы (бұдан әрі – ҚР ҚК БШБ) бекіткен тексерулердің жылдық жоспары негізінде әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы берген нұсқамалар бойынша актіні жасаумен әскери қатынастар органдарының өкілдері жүргізеді.
Ақшалай ризықта жоғары қолбасшылықтың лауазымды адамдары (жоғары командалық құрам) тұратын әскери бөлімдерде және әскери оқу орындарында тексерулерді әскери қатынастар органдарының өкілдері ҚР ҚМ ішкі аудит органдарының өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
Әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы жоспардан тыс тексерулерді мынадай:
1) әскери талаптар бланкілерін жоғалту, ұрлау немесе жетіспеу фактілері туралы ақпарат келіп түскен;
2) әскери бөлімнің, жергілікті әскери басқару органының дербес шотын жапқан;
3) алда болатын әскери бөлімді таратқан, қайта құрған, әскери қатынастар органдарының өкілдерін тиісті комиссиялар құрамдарына қосумен әскери бөлім командирлері, жергілікті әскери басқару органдарының басшылары істер мен лауазымын қабылдаған, тапсырған жағдайларда тағайындайды.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейін әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы ҚР ҚК БШБ мекенжайына анықталған бұзышылықтар туралы баяндауды, ал тексеру барысында жоғалту, ұрлау немесе жол жүру үшін шығыстарды мемлекет есебінен заңсыз төлеу фактілері анықталған жағдайларда дереу ұсынады.
108. Әскери талаптардың бланкілерімен республикалық бюджет есебінен қамтылған және әскери талаптар бланкілерімен жабдықталуға дербес шоты бар әскери бөлімдер, жергілікті әскери басқару органдары жабдықталады.
Әскери бөлімді, жергілікті әскери басқару органын әскери талаптардың бланкілерімен жабдықтауға дербес шотты әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы береді.
109. Әскери талаптардың бланкілерімен жабдықтауды әскери бөлімдердің, жергілікті әскери басқару органдарының негізделген өтінімдері бойынша жылдық айналым туралы деректерге сәйкес әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы жүзеге асырады.
Әскери талаптардың бланкілерімен жабдықтау кезінде әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы әскери бөлімдердің, жергілікті әскери басқару органдарының өкілдерімен есептік және бухгалтерлік деректерді салыстырып тексеруді жүргізеді.
Әскери талаптардың бланкілерін әскери бөлімдер, жергілікті әскери басқару органдары арасында ауыстыру әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы берген нарядтар негізінде жүргізіледі.
Әскери бөлімдердің, жергілікті әскери басқару органдарының өзіне бағынысты бөлімшелерді әскери талаптардың бланкілерімен жабдықтауына жол берілмейді.
110. Әскери талаптардың бланкілерін тексеру және кіріске алу үшін әскери бөлім командирі, жергілікті әскери басқару органының басшысы ішкі тексеру комиссиясын тартады.
Ішкі тексеру комиссиясы әскери талаптар бланкілерінің әр парағын тексеруді жүргізеді, тексеру және кіріске алу нәтижелері бойынша әскери талаптар бланкілерінің серияларын, нөмірлері мен санын көрсетіп, акт жасайды.
Кіріске алу актісін әскери бөлімнің командирі, жергілікті әскери басқару органының басшысы бекітеді және оның бір данасы әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі.
111. Әскери бөлімді, жергілікті әскери басқару органын таратқан, қайта құрған немесе дербес шотын жапқан жағдайларда пайдаланылған әскери талаптардың түбіртектері ақтау құжаттарымен бірге, пайдаланылмаған және бүлінген әскери талаптар бланкілері, сондай-ақ әскери тасымалдау жөніндегі істер әскери қатынастар органдарының өкілдері оларды тексергеннен кейін:
1) сақтау мерзімі аяқталған – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – әскери талаптарды жою актісі) есептен шығарылады және әскери талаптарды жою актісін жасаумен жойылады;
2) сақтау мерзімі аяқталмаған – жоғары тұрған әскери басқару органының қаржы бөлімшесіне одан әрі сақтау үшін жолданады.
112. Осы Қағидалардың 111-тармағында көрсетілген жағдайларда, басталмаған әскери талаптар бланкілерінің кітапшалары белгіленген тәртіппен әскери қатынастар органдары қолбасшылығының мекенжайына жолданады.";
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"120. Есепті жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әскери талаптарды алуға, есепке алуға, сақтауға және беруге жауаптылар әскери талаптар бланкілерінің қозғалысын есепке алу кітабында:
1) есепті жылдың 1 қаңтарына сериялары мен нөмірлері бойынша әскери талаптар бланкілерінің қалдығы;
2) есепті жыл ішінде сериялары мен нөмірлері бойынша әскери талаптар бланкілерінің келіп түскені;
3) есепті жыл ішінде сериялары мен нөмірлері бойынша әскери талаптар бланкілерінің жұмсалғаны, оның ішінде бүлінгені;
4) есепті жылдың соңында сериялары мен нөмірлері бойынша әскери талаптар бланкілерінің бар болуы туралы белгілер жасайды.
Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери талаптар бланкілерінің қозғалысы бойынша есеп беру жыл сайын әскери қатынастар органдары қолбасшылығының мекенжайына ұсынылады.";
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"122. Пайдаланылған әскери талаптардың түбіртектері ақтау құжаттарымен бірге, пайдаланылмаған және бүлінген әскери талаптардың бланкілері тиісті кітапшадан соңғы бланк берілген күннен бастап осындай тәртіппен бес жыл бойы сақталады.
Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ әскери қатынастар органдары өкілдерінің оларды тексеруінен ерте емес, ішкі тексеру комиссиясы, әскери талаптарды жою актісін жасаумен есептен шығарады және жояды.";
127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"127. Әскери талаптардың бланкілері жоғалған, ұрланған немесе жетіспеген кезде әскери бөлімнің командирі:
1) әскери қатынастар органдарының қолбасшылығына, өзінің тура бастықтарына және гарнизонның әскери полиция органдарына жоғалған әскери талаптар бланкілерінің сериялары мен нөмірлерін көрсете отырып, олардыжоғалту, ұрлау немесе жетіспеу фактісі туралы дереу хабарлайды;
2) қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және жоғалған әскери талаптардың бланкілерін іздеуге қажетті шаралар қабылдайды;
3) қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері және жоғалған әскери талаптардың бланкілерін іздеуге қабылданған шаралар туралы өзінің тура бастықтарына баяндайды және әскери қатынастар органдарының қолбасшылығына хабарлайды.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. "№ ___ дербес шот" деген жолда әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы берген дербес шоттың нөмірі қойылады.";
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"149. "№ ___ дербес шот" деген жолда әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы берген дербес шоттың нөмірі қойылады.";
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"163. "№ ___ дербес шот" деген жолда әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы берген дербес шоттың нөмірі қойылады.".