"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына, "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21214 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) 2-қосымшаға сәйкес "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) 3-қосымшаға сәйкес "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) 4-қосымшаға сәйкес "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) 5-қосымшаға сәйкес "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) 6-қосымшаға сәйкес "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) 7-қосымшаға сәйкес "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) 8-қосымшаға сәйкес "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) 9-қосымшаға сәйкес "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) 10-қосымшаға сәйкес "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) 12-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) 13-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14) 14-қосымшаға сәйкес "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15) 15-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
16) 16-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17) 17-қосымшаға сәйкес "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) 18-қосымшаға сәйкес "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) 19-қосымшаға сәйкес "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) 20-қосымшаға сәйкес "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21) 21-қосымшаға сәйкес "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22) 22-қосымшаға сәйкес "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23) 23-қосымшаға сәйкес "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) 24-қосымшаға сәйкес "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25) 25-қосымшаға сәйкес "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
26) 26-қосымшаға сәйкес "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
27) 27-қосымшаға сәйкес "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28) 28-қосымшаға сәйкес "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
29) 29-қосымшаға сәйкес "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
30) 30-қосымшаға сәйкес "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
31) 31-қосымшаға сәйкес "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
32) 32-қосымшаға сәйкес "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
33) 33-қосымшаға сәйкес "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
34) 34-қосымшаға сәйкес "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
35) 35-қосымшаға сәйкес "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
36) 36-қосымшаға сәйкес "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 36-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Г. Абдрахимов |
2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына 36-қосымша |
"Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар
Р/с № | Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігінің теңгеге шаққандағы құны |
1 | Ағымдағы репертуардың үлкен залдағы спектакльдеріне кіру билеті: | 1 билет | |
1) | партердің 1-2, 8-19 қатарлары | 2 000 | |
2) | партердің 3-7 қатарлары | 2 500 | |
3) | балконның 20-22 қатарлары | 1 000 | |
2 | Үлкен залдағы премьералық спектакліне кіру билеті: | 1 билет | |
1) | партердің 1-7 қатарлары | 3000 | |
2) | партердің 8-19 қатарлары | 2000 | |
3) | балконның 20-22 қатарлары | 1500 | |
3 | Кіші (камералық) залда өткізілетін спектакльдер мен балаларға арналған ертегілерге кіру билеті | 1 билет | 1 000 |
4 | Жаңа жылдық қойылымдарға кіру билеті | 1 билет | 2500 |
5 | Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша гастрольдік қойылымдарға кіру билеті: | 1 билет | |
1) | қалалық елді мекендерде | 1 000 | |
2) | ауылдық елді мекендерде | 700 | |
6 | Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша гастрольдік спектакльдерге мектеп жасындағы балаларға (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) кіру билеті: | 1 билет | |
1) | қалалық елді мекендерде | 700 | |
2) | ауылдық елді мекендерде | 500 | |
7 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін залды (гримерлік бөлмелерін ұсына отырып) ұсыну бойынша қызметтер: | 1 іс-шара | |
1) | үлкен зал (дүйсенбі) | 1 750 000 | |
2) | үлкен зал (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі) | 2 275 000 | |
3) | үлкен зал (жұма, сенбі, жексенбі, мерекелік күн) | 3 500 000 | |
8 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін шағын (камералық) залды жабдықтармен (гримерлік бөлмелерін ұсына отырып) ұсыну бойынша қызметтер | 1 іс-шара | 1 200 000 |
9 | Бірлескен іс-шараларға арналған шағын (камералық) залды жабдықсыз ұсыну бойынша қызметтер | 1 іс-шара | 1 000 000 |
10 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін залды жабдықтармен ұсыну бойынша қызметтер: | 1 сағат | |
1) | үлкен зал | 450 000 | |
2) | шағын (камералық) зал | 200 000 | |
11 | Сахналық және қойылымдық іс-шараларды (спектакль, фестиваль, шығармашылық кеш) бірлесіп өткізу бойынша қызметтері, ұзақтығы: | 1 іс-шара | 100 000 |
1) | 1 сағат | 100 000 | |
2) | 2-6 сағат | 500 000 | |
12 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін фойені ұсыну бойынша қызметтер: | 1 іс-шара | |
1) | 1 күнтізбелік күн | 1155000 | |
2) | 2-6 сағат | 500 000 | |
13 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін дайындық залын ұсыну бойынша қызметтер | 1 сағат | 10 000 |
14 | "Актерлік шеберлік" дайындық курсы (курстың ұзақтығы - 1 сағаттан 8 сабақ) | 1 тыңдаушы | 15 000 |
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.