"Интерпол саласы бойынша іздестірудегі көлік құралдары табылғанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 24 қарашадағы № 631 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 22585 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интерпол саласы бойынша іздестірудегі көлік құралдары табылғанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 24 қарашадағы № 631 бұйрықтың күші жойылды деп танылсын (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1329 болып тіркелді).

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

О признании утратившим силу приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан № 631 от 24 ноября 2000 года "Об утверждении Инструкции по организации деятельности служб и подразделений органов внутренних дел Республики Казахстан при обнаружении транспортных средств, разыскиваемых по линии Интерпола"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 223. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2021 года № 22585

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 ноября 2000 года № 631 "Об утверждении Инструкции по организации деятельности служб и подразделений органов внутренних дел Республики Казахстан при обнаружении транспортных средств, разыскиваемых по линии Интерпола" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных актов № 1329).

      2. Национальному центральному бюро Интерпола Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев