Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 22611 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 202 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      2) салық төлеуші – шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы.

      3. Шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) салық төлеушінің бастамасы бойынша жергілікті атқарушы орган және салық төлеуші арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жасалады.

      4. Келісім қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға салық төлеушінің заңды мүмкіндігін іске асыру үшін негіз болып табылады.

      5. Келісімде:

      1) келісімнің қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолда бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру;

      2) шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемін ұлғайту;

      3) кондитерлік индустрияға инвестициялар тарту жөніндегі көрсеткіштер бекітіліп беріледі.

      Келісімнің көрсеткіштерге қол жеткізу бөлігіндегі шарттарын орындамау немесе тиісінше орындамау келісімді елеулі бұзу болып танылады.

2-тарау. Келісім жасасудың тәртібі мен шарттары

      6. Келісім жасасу үшін салық төлеуші жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) келісім жобасы;

      2) салық төлеушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;

      4) салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) салық төлеушінің соңғы екі жыл ішіндегі, ал егер кәсіпорын екі жылдан кем жұмыс істесе, өтінім берудің алдындағы қызметінің барлық кезеңіндегі өз өндірісінің көлемін жазбаша растауы;

      6) алдағы үш жылға арналған өндіріске инвестициялар жоспары.

      7. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар 2 (екі) данада ұсынылады, олар нөмірленеді, тігіледі және салық төлеуші басшысының қолымен расталады.

      Жергілікті атқарушы орган салық төлеушінің өтінімін нөмірленетін, тігілетін және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекемделетін арнайы журналға тіркейді.

      8. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

      Қайтару себептері жойылғаннан кейін өтінім беруші өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта енгізеді.

      9. Жергілікті атқарушы орган өтінім берушіден құжаттардың толық топтамасымен бірге өтінімді алған сәттен бастап 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтінімді және өтінімге қоса берілген құжаттарды қарайды және келісім жасасу туралы не келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды

      Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтінім берушіге келісім жасасудың мүмкін еместігі себептерін негіздей отырып, уәжді бас тарту жібереді.

      10. Өтінімді және өтінімге қоса берілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша өтінімді қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушімен келісім жасалады.

      11. Келісім үш данада, келісім тараптарының әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органына ұсынуы үшін салық төлеушіге беріледі.

      Жасалған келісімдерді тіркеуді және есепке алуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      12. Жасалған келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган келісім бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

      13. Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Салық төлеушінің шоколад,
қантты кондитерлік өнімдер,
печенье және ұзақ сақталатын
ұннан жасалған кондитерлік
өнімдер өндіру туралы келісім
жасасуы қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы үлгілік келісім

      _________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі)

      _________________

      (күні, айы, жылы)

      Бұдан әрі "Жергілікті атқарушы орган" деп аталатын

      ____________________________________________________ облысының (қаласының)

      ______________________________________________________ басқармасының атынан

      ______________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттігін растайтын құжат)

      __________________________________________________________________________

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      бір тараптан және бұдан әрі "Салық төлеуші" деп аталатын ________________________

      _________________________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы)

      атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет

      (өкілеттігін растайтын құжат)

      ететін ____________________________________________________________________,

      (бірінші басшының немесе өзге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасты.

1-тарау. Келісімнің нысанасы

      1. Осы келісімнің нысанасы Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру саласын дамытуға бағытталған міндеттемелерді қабылдауы, Салық төлеушінің Жергілікті атқарушы органға тиісті есептерді дайындауы және беруі, Жергілікті атқарушы органның Салық төлеушінің міндеттемелерінің орындалуы туралы есептер мен ақпарат алуы болып табылады.

      2. Осы келісім "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Кодекстің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуы қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жасалды.

      Осы келісім Салық төлеушінің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға заңды мүмкіндігін іске асыруы үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      3. Салық төлеуші:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру саласында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолда бар жұмыс орындарын сақтауға және (немесе) ________ мөлшерде жаңа жұмыс орындарын құруға;

      2) шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемін ______ мөлшерде ұлғайтуға;

      3) кондитерлік индустрияға инвестициялар тартуға;

      4) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Жергілікті атқарушы органға басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылған, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуы туралы жазбаша есепті беруге;

      5) Жергілікті атқарушы органның сұранымдарды бойынша белгіленген мерзімде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуын растау үшін барлық қажетті құжаттарды беруге міндеттенеді.

      4. Жергілікті атқарушы орган:

      1) көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін тиісті қосымша келісім жасаспай, осы келісімнің шарттарын біржақты тәртіппен өзгертпеуге;

      2) Салық төлеушінің осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін қарауға;

      3) келісімнің іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      5. Салық төлеуші:

      1) қосылған құн салығын есепке жатқызуға заңдық мүмкіндікті іске асыру үшін мемлекеттік кіріс органына жүгінуге;

      2) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін осы келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген заңды іс-қимылдарды қолдануға;

      3) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, осы келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      6. Жергілікті атқарушы орган:

      1) Салық төлеушіден келісімді орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) тиісті қосымша келісім жасасу арқылы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

      3) осы келісімде көзделген негіздер бойынша осы келісімді сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуға бастамашылық жасауға құқылы.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      8. Егер, қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, тараптардың ешқайсысы келісім бойынша мұндай бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      9. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар қабылдайтын шектеу шаралары, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және сол сияқты өзге де мән-жайлар) және өзге де төтенше және тойтаруға келмейтін оқиғалар жатады.

      Бұл ретте еңсерілмейтін күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының кесірінен келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайды реттеудің ықтимал тәсілдері туралы ұсыныстар енгізеді.

      11. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде зардап шеккен Тарап олар туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оқиғаның басталу күнін көрсете және еңсерілмейтін күш мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы бұл туралы басқа тараптарды хабардар етеді.

      12. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      13. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын оның қолданылу мерзімі ішінде сақтайды.

      14. Тараптардың ешқайсысының басқа Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе осы келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де құпия ақпаратты ашуға құқығы жоқ, бұған мынадай жағдайлар кірмейді:

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылады;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірі қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға осындай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша Тарап қаражат алатын өзге қаржы ұйымына осындай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық талаптарын сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда беріледі;

      4) ақпарат кез келген, оның ішінде Салық төлеушінің кез келген банк шоттарына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған, банк құпиясы болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына беріледі.

6-тарау. Дауларды реттеу

      15. Осы келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

      16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7-тарау. Келісімді бұзу тәртібі

      17. Осы келісім мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

      1) Тараптардың келісімі бойынша;

      2) Жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ете отырып, Салық төлеушінің бастамасы бойынша;

      3) Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің кез келгенін бұзған кезде;

      4) Салық төлеушінің осы келісімді жасасу кезінде дұрыс емес ақпарат беруі фактісі анықталған кезде;

      5) Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде Жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша есепті ұсынбаған кезде сот тәртібімен;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

      18. Салық төлеушінің бастамасы бойынша осы келісім Жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарлама жіберіле отырып, бұзылуы тиіс.

      19. Салық төлеуші келісімді бұзу себептерін негіздей отырып, бұзу күніне дейін __ жұмыс күні бұрын келісімді бұзу туралы хабарламаны Жергілікті атқарушы органға береді.

      20. Жергілікті атқарушы орган __ жұмыс күні ішінде Салық төлеушінің келісімді бұзу туралы хабарламасын қарайды және __ жұмыс күні ішінде бұзу туралы тиісті қосымша келісім дайындайды.

      21. Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушінің осы келісімнің 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің кез келгенін бұзуы фактілерін анықтаған жағдайда, сондай-ақ Салық төлеуші осы келісімнің 3-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген мерзімде есепті ұсынбаған кезде, Жергілікті атқарушы орган Салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Салық төлеуші бұзушылықтарды жоюды хабарлама алған күннен бастап __ жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Бұзушылықтар жойылмаған немесе тиісінше жойылмаған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.

      22. Осы келісімді жасасу кезінде Салық төлеушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған жағдайда, Жергілікті атқарушы орган өздігінен осындай факт туралы белгілі болған күннен бастап __ жұмыс күнінен кешіктірмей, осы келісімді бұзу туралы талаппен сотқа жүгінеді.

8-тарау. Келісімді тоқтату тәртібі

      23. Келісімнің қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) осы келісімнің 24-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін;

      2) келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Осы келісім ______ жылғы "__" _______ дейін жасалады.

      25. Осы келісім барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері келісімге қол қойған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

      26. ______ жылғы "__" ________ ___________ қаласында әрқайсысы бірдей заңды күші бар _______ тілдерінде үш данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан және Салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына беруі үшін бір данадан жасалды. Осы келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар __ тіліндегі мәтінге жүгінеді.


Жергілікті атқарушы орган
____________________

Салық төлеуші ________________

  Салық төлеушінің шоколад,
қантты кондитерлік өнімдер,
печенье және ұзақ сақталатын
ұннан жасалған кондитерлік
өнімдер өндіру туралы келісім
жасасуы қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      (кімге): _______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

      жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      (кімнен) ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында өтінім берушінің тіркеу

      есебінің орны _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуға арналған өтінім

      Қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызу мақсатында шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру туралы келісім жасасуды сұраймын.

      1. Заңды тұлға деректері:

      атауы _________________________________________________________

      қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушы бойынша код)

      ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)_______________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі

      _______________________________________________________________

      мекенжайы: _____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): __________________________________________

      2. Ұйымның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері

      БСН ___________________________________________________________

      бенефициар коды________________________________________________

      банк деректемелері: ______________________________________________

      банктің атауы: __________________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды_______________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Басшы ___________________________________                         _____________

                        (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                         (қолы)

      Күні: 202_ жылғы "___" _________

Об утверждении Правил заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 апреля 2021 года № 138. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2021 года № 22611. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 мая 2023 года № 202.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 24.05.2023 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 411 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения.

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2020 года.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 23 апреля 2021 года № 138

Правила заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 411 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и определяют порядок заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местный исполнительный орган по вопросам сельского хозяйства (далее – местный исполнительный орган) – структурное подразделение местного исполнительного органа области, города республиканского значения и столицы, реализующее функции в области сельского хозяйства;

      2) налогоплательщик – юридическое лицо-резидент Республики Казахстан, осуществляющее деятельность по производству шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения.

      3. Соглашение о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения (далее – соглашение) заключается по инициативе налогоплательщика между местным исполнительным органом и налогоплательщиком в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами, по типовой форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Соглашение является основанием для реализации налогоплательщиком юридической возможности на отнесение в зачет дополнительной суммы налога на добавленную стоимость.

      5. В соглашении закрепляются следующие показатели по:

      1) сохранению имеющихся и созданию новых рабочих мест для граждан Республики Казахстан на территории Республики Казахстан на период действия соглашения;

      2) увеличению объемов производства, шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения;

      3) привлечению инвестиций в кондитерскую индустрию.

      Неисполнение или ненадлежащее исполнение условий соглашения в части достижения показателей признается существенным нарушением соглашения.

Глава 2. Порядок и условия заключения соглашения

      6. Для заключения соглашения налогоплательщик обращается в местный исполнительный орган с заявкой на заключение соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения (далее – заявка) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      К заявке прилагаются следующие документы:

      1) проект соглашения;

      2) копии учредительных документов налогоплательщика;

      3) копия свидетельства или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      4) копия свидетельства о постановке на регистрационный учет по налогу на добавленную стоимость налогоплательщика;

      5) письменное подтверждение налогоплательщиком объемов своего производства за последние два года, а если предприятие функционирует менее двух лет – за весь период деятельности, предшествующий подаче заявки;

      6) план инвестиций в производство на три предстоящих года.

      7. Заявка и прилагаемые к заявке документы предоставляются в 2 (двух) экземплярах, которые пронумеровываются, прошнуровываются и заверяются подписью руководителя налогоплательщика.

      Местный исполнительный орган регистрирует заявку налогоплательщика в специальном журнале, который нумеруется, прошнуровывается и скрепляется печатью местного исполнительного органа.

      8. Местный исполнительный орган в течение 1 (одного) рабочего дня со дня получения заявки рассматривает и проверяет полноту представленных документов. При непредставлении полного пакета документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, в письменном виде уведомляет заявителя с указанием причин возврата.

      После устранения причин возврата заявитель повторно вносит заявку в местный исполнительный орган.

      9. Местный исполнительный орган с момента получения от заявителя заявки с полным пакетом документов в течение 11 (одиннадцати) рабочих дней рассматривает заявку и приложенные к заявке документы и принимает решение о заключении соглашения либо об отказе в заключении соглашения.

      При принятии решения об отказе в заключении соглашения местный исполнительный орган направляет заявителю мотивированный отказ с обоснованием причин невозможности заключения соглашения.

      10. По итогам рассмотрения заявки и приложенных к заявке документов в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня завершения рассмотрения заявки заключается соглашение с заявителем.

      11. Соглашение заключается в трех экземплярах, по одному экземпляру для каждой из сторон соглашения, один экземпляр передается налогоплательщику для представления в орган государственных доходов.

      Регистрация и учет заключенных соглашений осуществляются местным исполнительным органом.

      12. При досрочном расторжении заключенного соглашения местный исполнительный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня расторжения соглашения информирует об этом орган государственных доходов по месту регистрации налогоплательщика путем направления соответствующего письменного уведомления.

      13. При несогласии с решением, действием (бездействием) местного исполнительного органа налогоплательщик обращается в суд в порядке, установленном гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам заключения
налогоплательщиком
соглашения о производстве
шоколада, сахаристых
кондитерских изделий, печенья
и мучных кондитерских изделий
длительного хранения
  Форма

Типовое соглашение о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий,
печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения

      ____________________________________________________________________________________________________________
(указывается наименование города областного, республиканского значения или столицы)
_________________________________________ (число, месяц, год)

      Управление _________________________________________________________________________________________________
области (города), именуемое в дальнейшем "Местный исполнительный орган",
в лице____________________________ __________________________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя или лица, исполняющего его обязанности) действующего на основании
____________________________________________________________________________________________________________,
(документ, подтверждающий полномочия) с одной стороны, и ______________________________________________________,
(наименование юридического лица Республики Казахстан) именуемое в дальнейшем "Налогоплательщик",
в лице_____________________________ _________________________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество (при наличии) первого руководителя или иного уполномоченного лица) действующего на основании
____________________________________________________, (документ, подтверждающий полномочия) с другой стороны,
далее совместно именуемые "Стороны", заключили настоящее Соглашение о производстве шоколада, сахаристых кондитерских
изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения (далее – соглашение) о нижеследующем.

Глава 1. Предмет соглашения

      1. Предметом настоящего соглашения является принятие налогоплательщиком обязательств, направленных на развитие отрасли производства шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения, подготовка и предоставление Налогоплательщиком соответствующих отчетов в Местный исполнительный орган, получение Местным исполнительным органом отчетов и информации об исполнении обязательств Налогоплательщика.

      2. Настоящее соглашение заключено в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 411 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (далее – Кодекс), Гражданским кодексом Республики Казахстан и Правилами заключения налогоплательщиком соглашения о производстве шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения (далее – Правила), утверждаемыми уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 411 Кодекса.

      Настоящее соглашение является основанием для реализации налогоплательщиком юридической возможности на отнесение в зачет дополнительной суммы налога на добавленную стоимость с 1 января 2020 года.

Глава 2. Права и обязанности сторон

      3. Налогоплательщик обязуется:

      1) сохранить имеющиеся и (или) создать новые рабочие места для граждан Республики Казахстан на территории Республики Казахстан в области производства шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий в следующем количестве ______________;

      2) увеличить объемы производства шоколада, сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения в следующем количестве ______;

      3) привлечь инвестиции в кондитерскую индустрию;

      4) ежеквартально в срок до пятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом, предоставлять в Местный исполнительный орган письменный отчет об исполнении обязательств, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) настоящего пункта, за подписью руководителя или лица, им уполномоченного.

      5) предоставлять в установленные сроки по запросам Местного исполнительного органа все необходимые документы для подтверждения исполнения обязательств, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Местный исполнительный орган обязуется:

      1) не изменять условия настоящего соглашения в одностороннем порядке без заключения соответствующего дополнительного соглашения, предусматривающего указанные изменения и дополнения;

      2) рассматривать отчеты Налогоплательщика об исполнении обязательств, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящего соглашения;

      3) осуществлять мониторинг за реализацией соглашения.

      5. Налогоплательщик имеет право:

      1) обращаться в орган государственных доходов для реализации юридической возможности на отнесение налога на добавленную стоимость в зачет;

      2) предпринимать любые законные действия, не противоречащие условиям настоящего соглашения и действующему законодательству Республики Казахстан, для реализации взятых на себя обязательств;

      3) досрочно расторгнуть настоящее соглашение с предварительным уведомлением Местного исполнительного органа.

      6. Местный исполнительный орган имеет право:

      1) запрашивать у Налогоплательщика необходимую информацию по исполнению соглашения;

      2) вносить изменения и дополнения в соглашение путем заключения соответствующего дополнительного соглашения;

      3) инициировать досрочное расторжение настоящего соглашения в судебном порядке по основаниям, предусмотренным настоящим соглашением.

Глава 3. Ответственность сторон

      7. За неисполнение или ненадлежащее исполнение соглашения Стороны несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Обстоятельства непреодолимой силы

      8. Ни одна из Сторон не несет ответственности за невыполнение каких-либо обязательств по соглашению, если такое невыполнение или задержка при выполнении вызваны обстоятельствами непреодолимой силы.

      9. К обстоятельствам непреодолимой силы относятся военные конфликты, природные катастрофы, ограничительные меры, принимаемые государственными органами при чрезвычайных ситуациях, стихийные бедствия (пожары, крупные аварии, нарушение коммуникаций и иные подобные обстоятельства), и иные чрезвычайные и непредотвратимые события.

      При этом характер, период действия, факт наступления непреодолимой силы обстоятельств подтверждаются соответствующими документами уполномоченных государственных органов.

      10. При нарушении условий соглашения, вызванных обстоятельствами непреодолимой силы, Сторонами вносятся предложения о возможных способах урегулирования сложившейся ситуации.

      11. При возникновении обстоятельств непреодолимой силы, пострадавшая Сторона в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня их возникновения уведомляет об этом другие Стороны путем вручения письменного извещения с указанием даты начала события и описанием обстоятельств непреодолимой силы.

      12. При возникновении обстоятельств непреодолимой силы, Стороны незамедлительно проводят переговоры для поиска решения сложившейся ситуации и используют все средства для сведения к минимуму последствий таких обстоятельств.

Глава 5. Конфиденциальность

      13. Стороны в соответствии с законодательством Республики Казахстан соблюдают условия конфиденциальности по всем документам, информации и отчетам, относящимся к работе по реализации настоящего соглашения в течение срока его действия.

      14. Ни одна из Сторон, без получения письменного согласия другой Стороны, не вправе раскрывать информацию, касающуюся содержания настоящего соглашения, или иную конфиденциальную информацию, и связанную с реализацией положений настоящего соглашения, за исключением следующих случаев:

      1) информация используется в ходе судебного разбирательства;

      2) информация предоставляется третьим лицам, оказывающим услуги одной из Сторон по соглашению, при условии, что такое третье лицо берет на себя обязательство соблюдения условий конфиденциальности такой информации и использования ее только в установленных Сторонами целях и на определенный Сторонами срок;

      3) информация предоставляется банку или иной финансовой организации, у которой Сторона по соглашению получает финансовые средства, при условии, что такой банк или финансовая организация берет на себя обязательство соблюдения условий конфиденциальности такой информации;

      4) информация предоставляется органам государственных доходов или иным уполномоченным государственным органам Республики Казахстан, которые имеют доступ к любой информации, в том числе являющейся банковской тайной, относящейся к любым банковским счетам Налогоплательщика, в том числе открытым в иностранных банках за пределами Республики Казахстан.

Глава 6. Урегулирование споров

      15. Любой спор между Сторонами относительно толкования или применения настоящего соглашения разрешается путем консультаций и переговоров.

      16. Неурегулированные споры разрешаются в судебном порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 7. Порядок расторжения соглашения

      17. Настоящее соглашение может быть расторгнуто:

      1) по соглашению Сторон;

      2) по инициативе Налогоплательщика с предварительным уведомлением Местного исполнительного органа;

      3) при нарушении Налогоплательщиком любого из обязательств, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 3 настоящего соглашения;

      4) при выявлении факта предоставления Налогоплательщиком недостоверной информации при заключении настоящего соглашения;

      5) при непредставлении Налогоплательщиком отчета в указанный в подпункте 4) пункта 3 настоящего соглашения срок, по требованию Местного исполнительного органа в судебном порядке;

      6) в иных случаях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан.

      18. По инициативе Налогоплательщика настоящее соглашение подлежит расторжению с предварительным направлением уведомления Местному исполнительному органу.

      19. Налогоплательщик подает в Местный исполнительный орган уведомление о расторжении cоглашения за __ рабочих дней до даты расторжения с обоснованием причин расторжения cоглашения.

      20. Местный исполнительный орган в течение __ рабочих дней рассматривает уведомление Налогоплательщика о расторжении cоглашения и в течение __ рабочих дней готовит соответствующее дополнительное соглашение о расторжении соглашения.

      21. При выявлении Местным исполнительным органом фактов нарушения Налогоплательщиком любого из обязательств, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 3 настоящего соглашения, а также при непредставлении Налогоплательщиком отчета в срок, указанный в подпункте 4) пункта 3 настоящего соглашения, Местный исполнительный орган направляет Налогоплательщику в письменной форме уведомление о необходимости устранения нарушений с указанием выявленных нарушений.

      Устранение нарушений осуществляется Налогоплательщиком в течение __ рабочих дней со дня получения уведомления.

      При не устранении или ненадлежащем устранении нарушений, Местный исполнительный орган обращается в суд с требованием о расторжении настоящего cоглашения.

      22. При выявлении факта предоставления Налогоплательщиком недостоверной информации при заключении настоящего соглашения Местный исполнительный орган самостоятельно не позднее ____ рабочих дней со дня, когда ему стало известно о таком факте, обращается в суд с требованием о расторжении настоящего cоглашения.

Глава 8. Порядок прекращения соглашения

      23. Действие cоглашения прекращается в следующих случаях:

      1) по истечении срока, указанного в пункте 24 настоящего cоглашения;

      2) при досрочном расторжении cоглашения.

Глава 9. Заключительные положения

      24. Настоящее cоглашение заключается до "__" ________ ______ года.

      25. Настоящее cоглашение считается заключенным с момента подписания cоглашения уполномоченными представителями всех Сторон.

      26. Совершено в городе ______"___" ____________ ______ года в трех экземплярах, каждый на ________ языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному экземпляру для каждой из Сторон и один экземпляр для предоставления Налогоплательщиком в орган государственных доходов. При наличии разногласий в толковании положений настоящего cоглашения, Стороны обращаются к тексту на ________ языке.


Местный исполнительный орган
____________________________

Налогоплательщик
_________________

  Приложение 2
к Правилам заключения
налогоплательщиком
соглашения о производстве
шоколада, сахаристых
кондитерских изделий, печенья
и мучных кондитерских изделий
длительного хранения
  Форма

      Кому: ________________________________________________________________________________________
(полное наименование местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы)

      От ___________________________________________________________________________________________
(полное наименование юридического лица)

      Место регистрационного учета заявителя в органах государственных доходов на момент подачи заявки
_____________________________________________________________________________________________

Заявка на заключение соглашения о производстве шоколада,
сахаристых кондитерских изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения

      Прошу заключить соглашение о производстве шоколада, сахаристых кондитерских
изделий, печенья и мучных кондитерских изделий длительного хранения в целях
отнесения в зачет дополнительной суммы налога на добавленную стоимость.

      1. Данные юридического лица:
наименование ____________________________________________________________
вид деятельности (код по общему классификатору видов экономической деятельности)
________________________________________________________________________
бизнес-идентификационный номер (далее – БИН) ____________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный
номер руководителя _____________________________________________________
адрес: _________________________________________________________________
номер телефона (факса): _________________________________________________
2. Сведения текущего счета организации в банке второго уровня:
БИН __________________________________________________________________
код бенефициара _______________________________________________________
реквизиты банка: _______________________________________________________
наименование банка: ____________________________________________________
банковский идентификационный код ______________________________________
индивидуальный идентификационный код _________________________________
Подтверждаю достоверность представленной информации, осведомлен
об ответственности за представление недостоверных сведений в соответствии
с законодательством Республики Казахстан и даю согласие на использование
сведений, составляющих охраняемую законом тайну, а также на сбор и обработку
персональных данных.

      Руководитель ___________________________________ ____________
(фамилия, имя, отчество (при наличии)) (подпись)
Дата "___" _________ 202_ года