ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау:
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-1-бабы 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес объектілер салуға арналған жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу (бұдан әрі – жер учаскелерін есепке алу);
объектілер салуға арналған жер учаскелерін игеру, оларды Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтай отырып тиісті мақсаттарда пайдалану үшін Кодекстің 92-бабында белгіленген мерзімдердің орындалуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг);
объектілер салу үшін берілген жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) мұндай учаскелердің тиісті мақсаттарда пайдаланылуы (пайдаланылмауы) немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы сақтала (бұзыла) отырып пайдаланылуы фактілерін растау тұрғысынан тексеру жолымен жүргізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тізбенің негізінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган объектілер салу үшін берілген және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау мақсатында меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) тексеруді жүзеге асырады.
Объектілер салу үшін берілген жер учаскелерін тиісті мақсаттарда пайдаланбау немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері расталған жағдайда, мұндай жер учаскесінің иесіне (жер пайдаланушыға) "Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17878 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) тапсырылады.
Нұсқама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды тіркеу журналына тіркелуі тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 1-тармағының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын жетінші абзацын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі