ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 182, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 мамырдағы № 374 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17128 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ұлттық жоспардың талаптары мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілерінің меншік иелеріне, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Ұлттық жоспарда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аумақтық жоспарлар – Ұлттық жоспар негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері әзірлейтін және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін облыстардың теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары (бұдан әрі – аумақтық жоспарлар);
2) бірінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объектідегі ресурстар арқылы жойылатын мұнайдың шамалы төгілуі (он тонна мұнайдан аспайтын);
3) екінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына қосымша жағалаудан ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың елеулі (орташа) төгілуі (он тоннадан екі жүз елу тоннаға дейін);
4) жеделдетілген тәртіп – неғұрлым қысқа мерзімде жүзеге асырылатын және рәсімдерді аз талап ететін ресімдеу, шешім қабылдау, мұнай төгілуін жою және ден қою үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, құжаттарды қарау, келісу тәртібі;
5) кеме жоспарлары – 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияға сәйкес әзірленетін мұнайдың ластануымен күресу жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарлары;
6) мұнай төгілуі – мұнайдың тасталуына, төгілуіне әкелетін немесе әкелуі мүмкін, теңіз ортасына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін және жедел шараларды талап ететін мұнаймен және (немесе) мұнай өнімдерімен ластануды туғызатын оқыс оқиға немесе авария;
7) мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – суға құйылған мұнайды оқшалауға және жинауға арналған жабдық және материалдар жиынтығы;
8) объектілік жоспарлар – кемелердің меншік иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілетін, Ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;
9) сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су қоймалары мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы;
10) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі (бұдан әрі – ұлттық жүйе) – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілері меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымдардың және теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағындағы мұнайдың төгілуі кезіндегі басқа да мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жүйесі;
11) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
12) үшінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына және жағалау ресурстарына қосымша елдегі ресурстар мен халықаралық ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың көп көлемде төгілуі (екі жүз елу және одан да көп тонна);
13) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі – белгісіз кемеден немесе қандай да бір келісімшарттық аумақтан тыс мұнай дағы болған жағдайда мұнайдың төгілуі.
Осы Ұлттық жоспарда қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық жоспарлар жергілікті атқарушы органның, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерінің, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тиісті облыс аумағында авария нәтижесінде туындаған мұнайдың төгілуіне уақтылы ден қою және оның зардаптарын жою саласында басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ресурстары интеграциясының тәртібін айқындайды.
13. Аумақтық жоспарларды осы Ұлттық жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері әзірлейді және жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларына сәйкес Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық сулар шегіндегі облыстардың шекаралары Атырау және Маңғыстау облыстарының Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері объектілік жоспарларды әзірлеу мақсатында мұнай төгілу қаупін бағалау мен экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізеді.
Мұнай төгілуі қаупін бағалау өткізу кезінде Халықаралық теңіз ұйымы (IMO), Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің экология және әлеуметтік мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығы (IPIECA), Теңізде мұнайдың, химиялық өнімдердің және өзге де зиян заттардың төгілуін жою жөніндегі танкерлік флот иелерінің федерациясы (ITOPF), Материалдар және оларды сынау бойынша америкалық қоғамдастық (ASTM), Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әзірлеген халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды пайдаланылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Кемелерге қатысты кеме иесі жалпы сыйымдылығы 150 регистрлік тонна және одан да көп әр мұнай танкерінің бортында және жалпы сыйымдылығы 400 регистрлік тонна және одан да көп мұнай танкері болып табылмайтын әр кеменің 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның 1-қосымшасының 5-тарауы 37-ережесінің 1-тармағына сәйкес мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша төтенше шаралардың кеме жоспарының болуын қамтамасыз етеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жүккөтерімділігі 2000 тоннадан жоғары өздігінен жүретін мұнай құюға арналған кемелерде мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – мұнай төгілуін оқшаулауға арналған құрал көзделеді. Мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларының 556-577 тармақтарында белгіленеді.";
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Консультациялық-кеңесші органның функциялары мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезінде Ұлттық жоспар шеңберінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.
33. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өкілеттігін "Азаматтық қорғау туралы" 201 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес жүзеге асырады.";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мұнай төгілуін жою жөніндегі жедел штабты (бұдан әрі – Жедел штаб) құру туралы шешім қабылдайды және жедел топтарының қажетті санын құруды келіседі және олардың төтенше жағдай аймағындағы жұмысын үлестіреді;
5) Заңның 50-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен өкілеттікті жүзеге асырады.";
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Жедел штаб:
1) мұнайдың төгілу сипатын бағалауды, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың басшысына мұнайды оқшаулау және жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектінің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың iс-әрекеттерiн үйлестiредi.
37. Жедел штабтың бастығы мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар басшысының орынбасары болып табылады.
Жедел штабтың бастығы мынадай функциялар және міндеттерді жүзеге асырады:
1) Жедел штаб мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
2) топтарды ұйымдастырады;
3) жедел топтардың қажетті санын құрайды және олардың мұнай төгілуінің төтенше жағдай аймағындағы жұмысын бөледі;
4) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар басшысын жедел жағдай және мұнай төгілу салдарын жою бойынша атқарылып жатқан авариялық-құтқару жұмыстарының барысы туралы хабардар етеді;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдарының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады және қызметін үйлестіреді.
Жедел штаб мынадай топтардан тұрады:
1) ақпаратты өңдеу;
2) шешімдерді дайындау және күштер мен құралдарды есептеу;
3) өзара іс-қимыл;
4) ақпараттандыру және байланыс;
5) мониторинг және болжау;
6) баспасөз қызметі.
Жедел штабтың құрамы осы Ұлттық жоспарға 5-қосымшада берілген.
Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабтың бастығы болып азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Ақпараттандыру және байланыс тобы Жедел штабтың байланысын, ақпараттық-техникалық қолдауын қамтамасыз етеді, байланыс ұйымдастыру туралы өкімдер мен хабарламалар әзірлейді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды, баспасөз хабарламаларын, мақалалар мен басқа материалдарды дайындайды, веб-сайттарда және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастырады, Жедел штабқа ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізілуін және оның негізінде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезеңінде мұнай төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн айқындауды ұйымдастыруды үйлестіреді;
6) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезеңінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі.";
52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп мұнайдың төгілуін жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі;";
53-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасының шеңберінде күнделікті қызмет түрінде ақпаратты табыстау және алмасу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;
6) экологиялық жиынтық пайданы талдау жасайды.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар:
1) мұнай төгілуін жою жөніндегі қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;
3) кемелерден және шығарылған жері белгісіз мұнай төгілуін жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау жасайды.";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен мұнай төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерінің және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимылы;";
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) экологиялық жиынтық пайданы талдау жасау.";
59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Шет мемлекеттердің жалауы астында жүзетін кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелері, мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар уәкілетті органдармен, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа мұнай төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерімен, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен, объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлескен оқу мен жаттығуларды қоса алғанда, жыл сайынғы оқу мен жаттығулар графигін әзірлейді.
60. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексi 398-бабының 7-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тәртiппен жүзеге асырылады.";
61 және 62-тармақтар алып тасталсын;
63-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мұнайдың төгілуі және оның зардаптарын жою бойынша барлық шаралар экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Мұнай төгілуі кезінде немесе төгілу қаупі болғанда өзара іс-қимыл және коммуникациялар үшін радиожиіліктердің мынадай номиналдары пайдаланылады:
Жиілік (Мегагерц) | 156.500 | 156.375 | 156.675 | 156.800 | 156.300 | 156.400 |
Қолдану | Мұнай төгілуін жою |
Апат/ | Іздеу және құтқару | Кемелер арасында |
";
68-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сауда мақсатында теңізде жүзу, көмірсутектер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстары;";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Ұлттық жоспардың 11-тармағына сәйкес мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі жағдайында теңіз объектісінің және теңіз портының меншік иелері мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
объектілік жоспарға сәйкес мұнай төгілуін жою жөніндегі халықаралық ұйымнан үшінші деңгейдегі ден қою ресурстарын жұмылдыруды сұрайды;
бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.";
76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Жиналған мұнайды және басқа да улы заттарды, сондай-ақ ластанған материалдарды түпкілікті орналастыру Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес орындалады.
77. Мұнаймен қаныққан құмды және басқа да қалдықтарды, сондай-ақ жиналған мұнайды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін хабардар ете отырып құрлықта жүзеге асырылады.
78. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операция басталған сәттен бастап ол аяқталғанға дейін Жедел штаб барлық жедел іс-қимылдарға және қадағалауларға құжаттама жүргізеді.";
81-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабы мұнайдың төгілуін жою бойынша операция аяқталғаннан кейін мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимыл басшысының келісімі бойынша есеп дайындайды.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабының бастығы мұнайдың төгілуін жою жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жедел іс-қимылдар мен қадағалау құжаттамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға тапсырады.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері экологиялық залалдың салдарын жояды және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ мемлекеттің мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шығыстарын өтейді.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда және Каспий теңізіне мұнайдың төгілуін жоюға дайындық пен іс-қимылды қамтамасыз етуде тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмекті талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасын және Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін басшылыққа алу қажет.";
1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, сексен жетінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, жүз оныншы, жүз он бірінші абзацтарын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету
Мұнай төгілуінің деңгейі | Жоспар | Мұнай төгілуі салдарын жою бойынша іс-қимылдар басшысы | |
1 | 2 | 3 | |
1 | Объектілік жоспарлар | Мұнай төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі тағайындаған адам немесе ол тартып отырған мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым | |
Кеме жоспарлары | Кеме капитаны | ||
2 | Аумақтық жоспарлар | Аумақтық жоспар қолданысқа енгізілгенге дейін |
Кемелерді қоспағанда, мұнай төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі тағайындаған адам |
Аумақтық жоспар қолданысқа енгізілгеннен кейін | Облыс әкімі тағайындаған лауазымды адам | ||
3 | Ұлттық жоспар | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындаған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы |
Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары
1. Кіріспе
1. Жалпы ережелер
2. Географиялық қолдану шекаралары
3. Авариялық мұнай төгілуі туындаған кезде ықтимал ортаны бағалау
2. Мұнайдың төгілуін жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейі
4. Мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-шараларға басшылық
5. Мұнайдың төгілуін жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейінде функциялар мен міндеттерді бөлу
6. Мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты беру тәртібі
3. Жедел басқару
7. Мұнайдың төгілуі туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар
8. Авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру
9. Жедел штаб жұмыстарын ұйымдастыру
10. Мұнай төгілуін жою кезіндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
11. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды тоқтату және есептілік
12. Мұнайдың төгілуін тергеп-тексеру
4. Дайындықты қамтамасыз ету
13. Мұнай төгілуіне дайындықты, уақтылы ден коюды және тиімді жоюды қамтамасыз ету үшін тартылатын ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) өзара іс-қимыл тәртібі.
14. Мұнай төгілуін жою үшін тартылатын күштер мен құралдардың есебі.
15. Жаттығулар мен оқулар
16. Ақпараттық деректер
Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгiлуi салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің объектілік жоспары
1. Кіріспе
1. Жоюдың жалпы басымдықтары мен міндеттері;
2. Жоспардың қолданылу саласы (операциялар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасын қоса алғанда);
3. Жоспардың географиялық қолдану шекаралары;
4. Басқа жоспарлармен өзара іс-қимыл;
5. Құжаттаманы басқару (жоспарды сақтауға жауапты адамды анықтау, таралуы, қаралуы және жаңартылуы туралы жазба жүргізу).
2. Алдын алу мен жоспарлаудың бастапқы шаралары
6. Бастапқы кезеңдегі стратегиялық шешімдерді қабылдау жөніндегі бастапқы іс-қимылдар басшылық;
7. Объектідегі бастапқы қауіпсіздік талаптары және мұнайдың төгілу оқиғасы болған жерді бағалау;
8. Ден қоюдың бастапқы басымдықтары мен мақсаттары;
9. Негізгі қызметкерлерге арналған бастапқы кезеңдегі іс-қимылдар тізбесі;
10. Шұғыл хабарлау және есептілік;
11. Мұнай төгілуін жою жөніндегі басқару командасын іске қосу;
12. Мұнай төгілуіне сезімтал экологиялық аудандар мен әлеуметтік-экономикалық объектілерді анықтау;
13. Бірінші деңгейдегі ресурстар және байланыс;
14. Бірінші деңгейдегі ресурстарды іске қосу және өрістету;
15. Мұнайдың төгілуі жөнінде, олардың таралуы жағдайындағы іс-қимыл тәртібі;
16. Объект туралы негізгі ақпарат.
3. Хабарлама және есептілік
17. Ішкі хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі;
18. Сыртқы хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі;
19. Егер талап етілсе, қосымша хабарлама;
20. Байланыс деректері және нысандары (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін).
4. Бағалау
21. Денсаулықты және объектідегі қауіпсіздікті бағалау;
22. Мұнайдың төгілуін қадағалау тәсілдері (әуеден қадағалау, қалқыма белгiлері және тағы басқалары);
23. Мұнайдың төгілуін қадағалау және оны бағалау бойынша басшылық;
24. Метеорологиялық және гидродинамикалық болжамдар;
25. Төгілулердің траекториясы және оларды үлгілеу;
26. Төгілу деңгейін және төгілудің таралу қатерін бағалау.
5. Жою үшін ресурстар
27. Ресурстар тізбесі және көрсетілетін қызметтер тізімі, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, байланыс деректері және өрістету уақытын қоса алғанда (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін);
28. Ресурстарды бөлу тәртібі;
29. Тартылатын кемелер (кемелердің талап етілетін сипаттамасы, мұнай төгілген орындағы кемелер тізбесі және тағы басқалары);
30. Жергілікті еңбек ресурстары;
31. Ерекше бір бағытта мамандандырылған сарапшылар.
6. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқармасы
32. Басқарманың ұйымдық құрылымы;
33. Функциялары мен өкілеттіктері;
34. Басқару процестері мен рәсімдері;
35. Объектіде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқарманы іске қосу және оның орналасуы.
7. Сезімтал аумақтар
36. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімтал аймақтарын анықтау және оларды картаға түсіру (қауіп картасы);
37. Қорғау басымдығы;
38. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімталдық картасы (карталардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады);
39. Операциялық сезімталдық картасы және (немесе) оқиға болған жердегі іс-қимылдар жоспары және (немесе) географиялық жою картасы (карталар мен жоспарлардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар мен жоспарлар жоспардың мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).
8. Жою стратегиясы
40. Стратегиялық шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық (диаграммалар, ықтимал сценарийлердің матрицасы, экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық және тағы басқалары);
41. Нақты сценарийлерге қарай мұнайдың төгілуін жою стратегиялары туралы жиынтық ақпарат;
42. Қажетіне қарай теңізде, теңіздің жағалау аймағында, жаға бойында және ішкі су жолдарында мұнайдың төгілуінің зардаптарын жою үшін қажетті ресурстар;
43. Мұнай төгілуін жоюдың қолайлы әдістері;
44. Қажетіне қарай жалпы тактикалық жоспарлар (жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).
9. Қалдықтарды басқару
45. Заңнама талаптары;
46. Тәртібі (жеке сақтау, көлемін азайту, әкету және тағы басқаларды қосқанда);
47. Нақты төгілуге қалдықтарды басқару жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық;
48. Уақытша сақтауға алдын ала белгіленген орындар;
49. Қалдықтарды өңдеу және түпкілікті жою іс-шаралары немесе қалдықтармен жұмыс істеудің басқа да нұсқалары.
10. Тазарту
50. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптары;
51. Тәртібі және рұқсат етілген тазарту заттары;
52. Тазарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала белгіленген орындар;
53. Нақты төгілуді тазарту бойынша жоспарды әзірлеу жөніндегі басшылық.
11. Жұмылдыру
54. Жабдықтар мен кемелерді қорытынды тексеру, персоналды әкету, шығыс материалдарды қайтару, жалға алынған мүлікті қайтару тәртібі және тағы басқалары;
55. Нақты төгілу кезінде объектіден техника мен қызметкерлерді әкету жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық.
12. Ден қою шараларын аяқтау
56. Төгілуді кәдеге жаратудың түпкілікті деңгейін анықтау жөніндегі басшылық және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталу өлшемшарттары;
57. Аймақты тазарту бойынша жұмыстарды қабылдайтын және мұнай төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталуын растайтын жауаптыны анықтау.
13. Мұнайдың төгілуін жою жөнінде жүргізілген шаралар мен операциялар туралы есеп
58. Есеп әзірлеуге жауапты адамдар және мұнайдың төгілуін жою аяқталғаннан кейін талдау жүргізу жөніндегі басшылық.
Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезіндегі басқарманың құрылымы
Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамы
Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамына мына уәкілетті органдардың өкілдері енгізіледі:
№ | Топтың және уәкілетті органның атауы |
1 | Ақпарат өңдеу тобы |
1.1 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
1.2 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
1.3 | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Шешімдерді дайындау және күш пен тәсіл есептеу тобы |
2.1 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
2.2 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
2.3 | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2.4 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
2.5 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
3 | Өзара іс-қимыл тобы |
3.1 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
3.2 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
3.3 | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
4 | Ақпараттандыру және байланыс тобы |
4.1 | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
4.2 | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
4.3 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
5 | Мониторинг және болжау тобы |
5.1 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
5.2 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
5.3 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
6 | Баспасөз қызметі |
6.1 | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
6.2 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
6.3 | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
6.4 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат
КІМГЕ: | ||
1-бөлім. Бастапқы хабарлама* | ||
1. | Кімнен | (Аты-жөні (болған жағдайда) мен ұйым) |
2. | Күні | күн/ай/жыл, уақыт (жергілікті): |
3. | Оқиға | |
4. | Байланыс деректері |
Телефон: |
5. | Учаске/орналасуы | |
6. | Объектінің/кеменің атауы | |
7. | Болжамды көлем | (өлшем бірлігін көрсету) |
8. | Төгілу жалғасады | Иә/Жоқ |
9. | Қолы | |
2-бөлім. Толық сипаттама ** | ||
1. | Күні | күн/ай/жыл, уақыт (жергілікті): |
2. | Орналасуы (ендік пен бойлық) | |
3. | Желдің жылдамдығы | (өлшем бірлігін көрсету) |
4. | Желдің бағыты | |
5. | Теңіздің жай-күйі және көрінуі | (өлшем бірлігін көрсету) |
6. | Ағыс немесе судың көтерілуі мен қайтуы | |
7. | Теңіз суының температурасы | (өлшем бірлігін көрсету) |
8. | Ауаның температурасы | (өлшем бірлігін көрсету) |
9. | Дақтың қалқуы | (жылдамдық пен бағытын көрсету) |
10. | Мұнайдың төгілу көзі | |
Мұнайдың төгілу көзінің алдын ала болжамы | ||
11. | Оқиға түрі | |
12. | Дақтың сыртқы түрі | |
13. | Сынама алынды | Иә/Жоқ |
14. | Фотосуреттер жасалды | Иә/Жоқ |
15. | Зардапты болжау | (Сезімтал учаскелерді көрсету) |
16. | Ден қою бойынша қабылданған шаралар | |
17. | Қолы |
Ескертпе:
*1-бөлім мұнай төгілуінің табылуынан кейін толтырылады
**2-бөлім ақпарат жинағы бойынша толтырылады.