"Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22849 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің 241-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары бекітілсін.

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 19 мамырдағы
№ 151 Бұйрыққа қосымша

Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы биортүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің (бұдан әрі – Экология кодекс) 241-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және биологиялық әртүрлілік шығынының орнын толтыру жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) биологиялық әртүрлілік – (бұдан әрі – биоәртүрлілік) - тірі организмдердің барлық көздерден, оның ішінде жер үсті, теңіз және өзге де су экожүйелері мен экологиялық кешендердің бір бөлігі болып табылатын және түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілікті және экожүйелердің әртүрлілігін қамтитын құбылмалылығы;

      2) экологиялық жүйе (бұдан әрі – Экожүйе) – бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара іс-қимыл жасайтын және кеңістік-аумақтық шекаралары бар, өзара зат пен энергия алмасумен байланысты өсімдіктер, жануарлар және өзге де организмдер қоғамдастықтарының, олар мекендейтін жансыз ортаның объективті түрде қолда бар бөлігі болып табылатын серпінді кешені;

      3) мекендеу ортасы – белгілі бір организмнің немесе популяцияның табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орны;

      4) биоәртүрліліктің жоғалуы – Экология кодексінің 10-бабының 1-тармағында айқындалған антропогендік әсерлер нәтижесінде белгілі бір аумақта (акваторияда) өсімдіктер және (немесе) жануарлар дүниесі түрлерінің популяциясының жойылып кетуі немесе айтарлықтай азаюы;

      5) стратегиялық экологиялық бағалау құжаттары (бұдан әрі – Құжаттар) Экологиялық кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту Бағдарламалары және елді мекендердің бас жоспарлары;

      6) қоршаған ортаға әсерді бағалау-көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерді тиісті зерттеулер негізінде анықтау, зерделеу, сипаттау және бағалау процесі;

      7) көзделіп отырған қызмет – жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – қызметті жүзеге асырауға ниеттенген тұлға) өндірістік және өзге де объектілерді салумен және одан әрі пайдаланумен, қоршаған ортаға өзге де түрде араласумен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен, сондай-ақ осындай қызметке елеулі өзгерістер енгізумен байланысты жоспарланып отырған қызметі.

2-тарау. Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

      3. Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс – шараларды орындау жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай жағдайларда әзірленуге тиіс:

      1) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепте Биоәртүрлілікті жоғалту тәуекелін сәйкестендіру;

      2) ықтимал әсерлер туралы есепте Биоәртүрлілікті жоғалту қаупін анықтау;

      3) құжатты іске асыру процесінде және (немесе) нәтижесінде Биоәртүрлілікті жоғалту фактісін анықтау;

      4) көзделген қызметті іске асыру процесінде және (немесе) нәтижесінде биоалуантүрлілікті жоғалту фактісін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      4. Бағдарлама жобасы келесі мерзімдерде әзірленеді:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қанағаттанарлық сапасы туралы қорытынды шығарғаннан кейін күнтізбелік бір жыл ішінде;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қорытындыда көрсетілген шарттар сақталған кезде көзделіп отырған қызметті іске асыруға жол беру туралы тұжырымды қамтитын қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарғаннан кейін күнтізбелік бір ай ішінде;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде шығарылған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамада айқындалған мерзімде жүзеге асырылады.

      5. Бағдарламаның жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бағдарламаның жобасын әзірлеген тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арқылы не осы мақсаттар үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым арқылы электрондық нысанда жібереді:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес бағдарламаны әзірлеу негіздері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын әдісін (орнын), өткізудің басталу күні мен уақытын қамтитын еркін нысанда жасалған ілеспе хат;

      2) осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып жасалған бағдарлама жобасы.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге бағдарламаның жобасын ресми интернет-ресурста орналастырады.

      7. Бағдарламаның жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын жоюдан немесе есепке алудан негізсіз жалтарған жағдайда, сондай-ақ сараптама комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетілген теріс қорытынды алынған жағдайда бағдарламаны келісуден бас тартады.

3-тарау. Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс-шаралар және оларды орындау тәртібі

      9. Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу биоәртүрліліктің тұрақты және ұзақ мерзімді өсуіне бағытталған және келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) жүзеге асырылған қызмет нәтижесінде жоғалған Биоәртүрлілікті қалпына келтіру;

      2) ғылыми зерттеулер нәтижелері негізінде қоршаған орта үшін осындай биоәртүрліліктің неғұрлым маңызды мәні бар сол аумақта (акваторияда) және (немесе) басқа аумақта (акваторияда) биоәртүрлілік түрінің бірдей немесе басқасын енгізу.

      10. Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс-шараларды айқындау және бағдарламаны әзірлеу кезінде Биоәртүрлілікті сақтаудың мынадай қағидаттары пайдаланылады:

      1) организмдердің сақталуын және олардың көбеюін, сондай-ақ генотиптердің сақталуын қамтамасыз ететін организм;

      2) популяция саны мен мекендеу орындарын сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін популяциялық популяция олардың денсаулығын сақтауға, популяция ішіндегі генетикалық әртүрлілікті және популяция ішіндегі құрылым элементтерінің әртүрлілігін, сондай-ақ популяцияның бірегейлігін сақтауға мүмкіндік береді;

      3) түрлердің саны мен ареалдарын, түрлердің кеңістіктік-генетикалық популяциялық құрылымын және популяциялар мен түрішілік формалардың алуан түрлілігін сақтауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін түр;

      4) биоценотикалық, табиғи қауымдастықтарды, олардың түрлері мен функционалды әртүрлілігін сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ қауымдастықтардың қалыптасуының табиғи процестерін қолдауға ықпал етеді;

      5) табиғи экожүйелер мен экологиялық теңдестірілген табиғи-мәдени кешендерді сақтау мен қалпына келтіруді және олардың дамуының табиғи процестерін қолдауды қамтамасыз ететін экожүйе;

      6) аумақтық, табиғи экожүйелердің аумақтық кешендерін, олардың аумақтық кешен шегіндегі алуан түрлілігі мен кеңістіктік құрылымын сақтауға, сондай-ақ экологиялық теңдестірілген табиғи-мәдени кешендердің алуан түрлілігін сақтауға бағытталған;

      7) Биосфера, биосфераның сақталуын, жаһандық түрлердің әртүрлілігін және экожүйелердің Ғаламдық әртүрлілігін қамтамасыз етеді.

      11. Бағдарламаға енгізілетін биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу жөніндегі іс-шаралар мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) ұсынылатын ұйымдастырушылық және техникалық (технологиялық) шешімдердің ғылыми негізділігі;

      2) осындай іс-шараны орындау нәтижесінде қоршаған ортаға, экожүйелерге және биоәртүрлілікке залал келтірудің ең аз ықтималдығы;

      3) пайдаланылатын ұйымдастырушылық шешімдердің, ресурстардың, материалдардың, заттар мен құралдардың заңдылығы;

      4) іс-шараларды орындау процесін аудио-және бейнетіркеуді қоса алғанда, пайдаланылған ресурстардың, материалдардың, заттар мен құралдардың сапалық және сандық сипаттамаларын құжаттамалық растау мүмкіндігі.

      12. Жүзеге асырылған қызмет нәтижесінде жоғалған Биоәртүрлілікті қалпына келтіру биологиялық жүйенің осы компоненттері бұрын болған аумақта биологиялық жүйенің жоғалған компоненттерін (топырақ, ландшафт, өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар, балықтар) жасанды түрде қалпына келтіру арқылы іске асырылады.

      13. Биологиялық жүйенің жойылатын компоненттерін тікелей қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу биологиялық жүйенің осы компоненттері бұрын болған аумақтың шегінен тыс биологиялық жүйенің компоненттерін (өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар, балықтар) интродукциялау жолымен не биологиялық жүйенің экологиялық жүйесі үшін басқа да құнды компоненттерін (топырақ, ландшафт, өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер, жануарлар, балықтар) жасанды түрде жасау жолымен орындалады.

      14. Биоәртүрлілікті жоғалтуды өтеуді тиісінше орындау Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралардың уақтылы және тиісті орындалуымен расталады.

Об утверждении Правил выполнения компенсации потери биоразнообразия

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 151. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 мая 2021 года № 22849.

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 241 Экологического Кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выполнения компенсации потери биоразнообразия.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

  Приложение к приказу
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 19 мая 2021 года № 151

Правила выполнения компенсации потери биоразнообразия

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выполнения компенсации потери биоразнообразия (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 241 Экологического Кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года (далее – Экологический Кодекс) и устанавливают порядок выполнения мероприятий по компенсации потери биологического разнообразия.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) биологическое разнообразие (далее – биоразнообразие) – вариабельность живых организмов из всех источников, в том числе наземных, морских и иных водных экосистем и экологических комплексов, частью которых они являются, и включает в себя разнообразие в рамках вида, между видами и разнообразие экосистем;

      2) экологическая система (далее – экосистема) – являющийся объективно существующей частью природной среды динамичный комплекс сообществ растений, животных и иных организмов, неживой среды их обитания, взаимодействующих как единое функциональное целое и связанных между собой обменом веществом и энергией, который имеет пространственно-территориальные границы;

      3) среда обитания – тип местности или место естественного обитания того или иного организма или популяции;

      4) потеря биоразнообразия – исчезновение или существенное сокращение популяций вида растительного и (или) животного мира на определенной территории (в акватории) в результате антропогенных воздействий, определенных пунктом 1 статьи 10 Экологического Кодекса;

      5) документы стратегической экологической оценки (далее – Документы) государственные программы в отраслях, перечисленных в пункте 3 статьи 52 Экологического Кодекса, программы развития территорий и генеральные планы населенных пунктов;

      6) оценка воздействия на окружающую среду – процесс выявления, изучения, описания и оценки на основе соответствующих исследований возможных существенных воздействий на окружающую среду при реализации намечаемой деятельности;

      7) намечаемая деятельность – планируемая деятельность физических и юридических лиц (далее – лицо, намеревающееся осуществлять деятельность), связанная со строительством и дальнейшей эксплуатацией производственных и иных объектов, c иного рода вмешательством в окружающую среду, в том числе путем проведения операций по недропользованию, а также внесением в такую деятельность существенных изменений.

Глава 2. Планирование мероприятий по компенсации потери биоразнообразия

      3. Программа по выполнению мероприятий по компенсации потери биоразнообразия (далее – Программа) подлежит разработке в случае:

      1) идентификации риска потери биоразнообразия в отчете по стратегической экологической оценке;

      2) идентификации риска потери биоразнообразия в отчете о возможных воздействиях;

      3) выявления факта потери биоразнообразия в процессе и (или) в результате реализации Документа;

      4) выявления факта потери биоразнообразия в процессе и (или) в результате реализации намечаемой деятельности.

      4. Проект Программы разрабатывается в следующие сроки:

      1) в случаях, предусмотренных подпунктом 1) пункта 3 настоящих Правил, в течение одного календарного года после вынесения уполномоченным органом в области охраны окружающей среды заключения об удовлетворительном качестве отчета по стратегической экологической оценке;

      2) в случаях, предусмотренных подпунктом 2) пункта 3 настоящих Правил, в течение одного календарного месяца после вынесения уполномоченным органом в области охраны окружающей среды заключения по результатам оценки воздействия на окружающую среду, содержащего вывод о допустимости реализации намечаемой деятельности при соблюдении условий, указанных в заключении;

      3) в случаях, предусмотренных подпунктом 3) и 4) пункта 3 настоящих Правил, в срок, определенный в предписании об устранении нарушения требований экологического законодательства Республики Казахстан, вынесенном в рамках государственного экологического контроля.

      5. В течение одного рабочего дня после завершения разработки проекта Программы, лицо, разработавшее проект Программы, направляет в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды на бумажном носителе или в электронной форме посредством информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" либо посредством информационно-коммуникационной инфраструктуры, определенной для этих целей уполномоченным органом в области охраны окружающей среды:

      1) сопроводительное письмо, составленное в произвольной форме, содержащее сведения об основаниях разработки Программы согласно пункту 3 настоящих Правил, а также предлагаемые метод (место) проведения, даты и времени начала проведения общественных слушаний;

      2) проект Программы, составленный с учетом требований настоящих Правил.

      6. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в течение двух рабочих дней после получения документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил размещает проект Программы на официальном интернет-ресурсе вместе с объявлением о проведении общественных слушаний.

      7. Общественные слушания по проекту Программы проводятся в соответствии с правилами проведения общественных слушаний, утвержденных уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

      8. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды отказывает в согласовании Программы в случае необоснованного уклонения от устранения или учета замечаний и предложений общественности, а также в случае получения отрицательного заключения, отраженного в протоколе заседания экспертной комиссии.

Глава 3. Мероприятия по компенсации потери биоразнообразия и порядок их выполнения

      9. Компенсация потери биоразнообразия должна быть ориентирована на постоянный и долгосрочный прирост биоразнообразия и осуществляется в виде:

      1) восстановления биоразнообразия, утраченного в результате осуществленной деятельности;

      2) внедрения на основе результатов научных исследований такого же или другого, имеющего не менее важное значение для окружающей среды вида биоразнообразия на той же территории (в акватории) и (или) на другой территории (в акватории), где такое биоразнообразие имеет более важное значение.

      10. При определении мероприятий по компенсации потери биоразнообразия и разработке Программы используются следующие принципы сохранения биоразнообразия:

      1) организменный, обеспечивающий сохранение организмов и их воспроизводство, а также сохранение генотипов;

      2) популяционный, обеспечивающий сохранение и восстановление численности и местообитаний популяций, позволяет поддерживать их здоровье, сохранять внутрипопуляционное генетическое разнообразие и разнообразие элементов внутрипопуляционной структуры, а также уникальность популяции;

      3) видовой, позволяющий сохранять и восстанавливать численность и ареалы видов, видовую пространственно-генетическую популяционную структуру и разнообразие популяций и внутривидовых форм;

      4) биоценотический, способствующий сохранению и восстановлению природных сообществ, их видового и функционального разнообразия, а также поддерживать естественные процессы формирования сообществ;

      5) экосистемный, обеспечивающий сохранение и восстановление природных экосистем и экологически сбалансированных природно-культурных комплексов и поддержание естественных процессов их развития;

      6) территориальный, направленный на сохранение территориальных комплексов природных экосистем, их разнообразия и пространственной структуры в пределах территориального комплекса, а также сохранение разнообразия экологически сбалансированных природно-культурных комплексов;

      7) биосферный, обеспечивающий сохранение биосферы, глобального видового разнообразия и глобального разнообразия экосистем.

      11. Мероприятия по компенсации потери биоразнообразия, включаемые в Программу должны соответствовать следующим требованиям:

      1) научная обоснованность предлагаемых организационных и технических (технологических) решений;

      2) минимальная вероятность причинения ущерба окружающей среде, экосистемам и биоразнообразию в результате выполнения такого мероприятия;

      3) законность используемых организационных решений, ресурсов, материалов, веществ и инструментов;

      4) возможность документального подтверждения качественных и количественных характеристик использованных ресурсов, материалов, веществ и инструментов, включая аудио- и видеофиксацию процесса выполнения мероприятий.

      12. Восстановление биоразнообразия, утраченного в результате осуществленной деятельности, реализуется посредством искусственного воссоздания утрачиваемых компонентов биологической системы (почва, ландшафт, растения, деревья, насекомые, животные, рыбы) на той же территории, где ранее находились данные компоненты биологической системы.

      13. В случае невозможности непосредственного восстановления утрачиваемых компонентов биологической системы, компенсация потери биоразнообразия выполняется путем интродукции компонентов биологической системы (растения, деревья, насекомые, животные, рыбы) за пределами территории, где ранее находились данные компоненты биологической системы, либо путем искусственного создания других ценных для экологической системы компонентов биологической системы (почва, ландшафт, растения, деревья, насекомые, животные, рыбы).

      14. Надлежащее выполнение компенсации потери биоразнообразия подтверждается своевременным и надлежащим исполнением всех мероприятий, предусмотренных Программой.