"Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушаның 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22859 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7363 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 21 сәірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "__"____________ 202_ жыл

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 234 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 503 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережелері (бұдан әрі - ережелер) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін айқындайды.

      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе-ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ақпараттандыру объектілері-электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      3) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      4) деректер базасы-қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірлесіп сақтауға, автоматтандырылған жүргізуге және әкімшілендіруге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы.

2-тарау. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі

      3. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері білім беру ұйымдарын басқару иерархиясы (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейлер және білім беру ұйымдарының деңгейі) негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

      4. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру өңірлік тиесілілігін және білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларының ерекшеліктерін ескереді.

      5. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері ақпараттық ортадағы деректер ағынын бес бағыт бойынша ұйымдастыруды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық-білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;

      2) әкімшілік-білім беруді басқарудың барлық деңгейлерінде басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз ету;

      3) оперативтік-желілік мониторинг және әкімшілендіру, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйелерін іске асыру, жедел-техникалық персоналдың техникалық байланысын ұйымдастыру;

      4) технологиялық-ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты кіші жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды пайдалану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

      5) нәтижелі - білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын жедел мониторингтеу және бағалау.

      6. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру білім алушылар үшін мынадай бағыттар бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамытуды көздейді:

      1) білім берудегі ақпараттық жүйелер;

      2) білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары.

      7. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру кезінде пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мынадай нысандарда жүзеге асырылуға тиіс:

      1) білім беру қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

      2) барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары.

      8. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға, білім беру ұйымдарында дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерді жүргізуге бағытталған.

      9. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің интерфейсі қазақ және орыс тілдеріне оқшауландырылуы тиіс.

      10. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды" ескере отырып жүзеге асырылады

      11. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру "Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 79 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      12. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының алдында білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының ашық есептілігін дамыту;

      2) электрондық қызметтерді ұсыну;

      3) білім беру ұйымдары мен басқармалары басшыларының қатысуымен ашық форумдар ұйымдастыру;

      4) инновациялық әдістемелік материалдарды жариялау және оларды ашық талқылау;

      5) өңірлік белгісі бойынша ашық рейтингтік жүйенің жұмыс істеуі;

      6) ата-аналар аудиториясы үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпарат жинау және ұсыну;

      7) Министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен қатысуы туралы ақпаратты жинау және талдау.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503 "Об утверждении правил организации и функционирования единой информационной системы образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № 234. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 мая 2021 года № 22859

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 7363, опубликованный от 21 апреля 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 112-113 (26931-26932)) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил организации и функционирования объектов информатизации в области образования";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования объектов информатизации в области образования".

      Правила организации и функционирования единой информационной системы образования изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту цифровой трансформации образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности

      Республики Казахстан
"__" __________202_ года

  Приложение к приказу
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 25 мая 2021 года № 234
  Утверждены приказом
Исполняющего обязанности
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 1 декабря 2011 года № 503

Правила организации и функционирования объектов информатизации в области образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и функционирования объектов информатизации в области образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации и функционирования объектов информатизации в области образования, ее структуру и задачи.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих правилах:

      1) информационная система - организационно-упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      2) объекты информатизации - электронные информационные ресурсы, программное обеспечение, интернет-ресурс и информационно-коммуникационная инфраструктура;

      3) программное обеспечение - совокупность программ, программных кодов, а также программных продуктов с технической документацией, необходимой для их эксплуатации;

      4) база данных - систематизированная совокупность данных, предназначенных для совместного хранения, автоматизированного ведения и администрирования в качестве информационной модели какого-либо объекта.

Глава 2. Порядок организации и функционирования объектов информатизации в области образования

      3. Объекты информатизации в области образования организуется и функционирует на основе иерархии управления организациями образования (республиканский, областной, городской, районный уровни и уровень организации образования).

      4. Организация объектов информатизации в области образования учитывает региональную принадлежность и особенности региональных программ развития образования.

      5. Объекты информатизации в области образования осуществляет организацию потоков данных в информационной среде по пяти направлениям:

      1) информационному - обеспечение единого информационного пространства системы образования;

      2) административному - информационное обеспечение управленческих решений на всех уровнях управления образованием;

      3) оперативному - реализация систем сетевого мониторинга и администрирования, резервного хранения и обработки данных, организация технической связи оперативно-технического персонала;

      4) технологическому - ресурсное и кадровое обеспечение, структуризация подсистем в зависимости от текущих требований, формирование единого технологического комплекса и методик, использование инновационных технологий, оптимизация и технологический консалтинг;

      5) результативному - оперативный мониторинг и оценка успеваемости и посещаемости учащихся посредством информационной системы, внедренной в организациях образования.

      6. Организация объектов информатизации в области образования предполагает развитие единого информационного пространства для обучающихся по следующим направлениям:

      1) информационные системы в образовании;

      2) интернет-ресурсы организаций образования.

      7. При организации объектов информатизации в области образования должна осуществляться подготовка и повышение квалификации пользователей в следующих формах:

      1) обучающие семинары для педагогических работников образования;

      2) обучающие семинары для руководителей организаций образования и органов управления образованием всех уровней.

      8. Объекты информатизации в области образования направлены на автоматизацию государственных услуг, ведение баз данных и информационных систем в организациях образования.

      9. Интерфейс объектов информатизации в области образования должен быть локализован на казахский и русский языки.

      10. Организация и функционирование объектов информатизации в области образования осуществляется с учетом требований Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации", а также Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832

      11. Организация объектов информатизации в области образования осуществляется на основе приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 марта 2020 года № 79 "Об определении минимальных требований к программно-аппаратному комплексу и прикладному программному обеспечению, используемых в организациях образования".

      12. Функционирование объектов информатизации в области образования способствует:

      1) развитию открытой отчетности организаций образования и органов управления образования перед гражданами Республики Казахстан;

      2) предоставлению электронных услуг;

      3) организации открытых форумов с участием руководителей организаций и управлений образования;

      4) публикации инновационных методических материалов и открытого их обсуждения;

      5) функционированию открытой рейтинговой системы по региональному признаку;

      6) сбору и предоставлению информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для родительской аудитории;

      7) сбору и анализу информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для Министерства и его структурных подразделений.