Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22877 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім алушыларды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.";

      Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда бітірушілерді бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.";

      Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      11-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағиданың 7-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау дәйекті екі кезеңді өтуді қамтиды:";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19 Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда мамандарды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.".

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдары клиникаларының, қосымша және (немесе) формальды емес білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен университет ауруханаларының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) базасында жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі. Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 (300 сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.";

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларында 6-қосымшада:

      1 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары

      ";

      Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      3-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. қосымша білім беруді (оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдерде) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар өткізеді. Практикалық сабақтарды өткізу үшін профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 50% - ынан аспайтын ғылыми дәрежесі жоқ, практикалық денсаулық сақтау мамандары оқутышыларды тарту рұқсат етіледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 мая 2021 года № ҚР ДСМ-46. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2021 года № 22877

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-249/2020 "Об утверждении правил оценки знаний и навыков обучающихся, оценки профессиональной подготовленности выпускников образовательных программ в области здравоохранения и специалистов в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21763) следующие изменения:

      в Правилах оценки знаний и навыков обучающихся образовательных программ в области здравоохранения, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. В случаях карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, организация и проведение оценки обучающихся, предусматривается с применением дистанционного обучения в режиме онлайн.";

      в Правилах оценки профессиональной подготовленности выпускников образовательных программ в области здравоохранения, утвержденных приложением 2 к указанному приказу:

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. В случаях карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, организация и проведение оценки выпускников, предусматривается с применением дистанционного обучения в режиме онлайн.";

      в Правилах оценки профессиональной подготовленности специалистов в области здравоохранения, утвержденных приложением 3 к указанному приказу:

      абзац первый пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Оценка специалистов здравоохранения, указанных в подпунктах 1), 2), 4), 5) пункта 7 настоящих Правил включает последовательное прохождение двух этапов:";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. В случаях карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, организация и проведение оценки специалистов в области здравоохранения, предусматривается с применением дистанционного обучения в режиме онлайн.".

      2. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 "Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21847), следующие изменения:

      в Правилах дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения и признания результатов обучения, полученных через дополнительное и неформальное образование, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      подпункт 9) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "9) экспертная организация – организация, определенная уполномоченным органом в области медицинского и фармацевтического образования, для осуществления экспертизы программ повышения квалификации в области здравоохранения, реализуемых организациями образования и науки в области здравоохранения;";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Дополнительное и неформальное образование осуществляется организациями высшего и (или) послевузовского образования, национальными и научными центрами, научно-исследовательскими институтами, высшими медицинскими колледжами на базе аккредитованных клинических баз, клиник организаций образования и науки в области здравоохранения, университетских больниц, реализующих образовательные программы дополнительного и (или) неформального образования и прошедшие институциональную аккредитацию в аккредитационных органах, внесенных в реестр признанных аккредитационных органов (далее – организации образования) согласно пункта 6 статьи 221 Кодекса.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Освоение программ дополнительного образования проводится с отрывом или с частичным отрывом от работы слушателя. В случаях с частичным отрывом от работы слушатель выполняет работу на условиях неполного рабочего времени и параллельно проходит обучение по одной из форм дополнительного образования, в том числе с применением дистанционного обучения, в порядке, установленном Правилами организации учебного процесса по дистанционному обучению, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 137 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10768).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Продолжительность программ дополнительного образования составляет от 2 кредитов (60 часов) до 9 кредитов (270 часов) для повышения квалификации, от 10 (300 часов) и более для сертификационных курсов. Один кредит равен 30 академическим часам.";

      в приложении 6 к Правилам дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения:

      строку, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1

Наименование услугодателя

Организации образования и науки в области здравоохранения

      ";

      в Квалификационных требованиях к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, утвержденных приложением 2 к указанному приказу:

      абзац второй подпункта 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2. дополнительное образование (в том числе с использованием дистанционного обучения и на выездных циклах), проводятся лицами, имеющими ученую степень доктора или кандидата наук, академическую степень доктора философии или магистра. Для проведения практических занятий допускается привлечение преподавателей из числа специалистов практического здравоохранения без ученой степени, но не более 50% от общего числа профессорско-преподавательского состава;".

      3. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

      СОГЛАСОВАН
Министерство образования и науки
Республики Казахстан