ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 № ҚР ДСМ-84 (алғашқы ресми үкімі шыққан күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"____"________________2020 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;
8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;
9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;
10) сертификаттау курсы - мамандық бейіні шеңберінде арнайы мамандандыру бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған формальды емес білім беру нысаны;
12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;
13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.
4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен оның ішінде шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларда немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.
5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі.
Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібі
6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:
1) Каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;
2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;
3) бағдарламаны сараптау;
4) Каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру
7. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
1) салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;
2) мамандық бейіні бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы болып бөлінеді.
8. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.
9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 академиялық сағат) 9 кредитке (270 академиялық сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 кредиттен (300 академиялық сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.
Тағылымдаманың, семинардың, тренингтің, шеберлік сабақтардың, вебинардың, онлайн курстың ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы дербес айқындайды.
10. Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымы қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.
11. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары):
1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
2) сертификаттау курстары – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.
Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамсыз болады;
3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.
Формальды емес білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім алу туралы сертификат беріледі.
12. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қосымша ұсынылады.
13. Біліктілікті арттырудан өту туралы өтініштерді қабылауды қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб - портал) арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады.
14. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде келтірілген (бұдан әрі – тізбесі).
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық сұрау салуы негізінде веб-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіден қосымша немесе формальды емес білім алуын тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді және қосымша білім алу аяқталмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету немесе анықтама беру туралы шешім қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға жүзеге асырады.
Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салу келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде жүзеге асырады.
Өңдеу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3 немесе 4-і қосымшаларға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы құжатты не қосымша білім алуды аяқтамағаны туралы анықтаманы береді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ веб - портал арқылы жүгінген кезде – Тізбеге сәйкес 3 (үш) сағаттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы Қағидаларды бекіткен, толықтырулар енгізген және (немесе) өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарына, веб-порталының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағының 6-қосымшасында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және бірыңғай байланыс орталығын sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрату жіберу арқылы хабардар етеді қатенің нақты уақытын көрсете отырып.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Веб - портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны жібереді және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
3-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібі
18. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.
19. Шетелдік қосымша және формальды емес білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:
қосымша білім беру үшін:
1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;
2) қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығының осы Қағидалардың 9– тармағына сәйкестігі;
3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.
Формальды емес білім беру үшін – формальды емес білім туралы құжат немесе тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының пікірі.
20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін растайды.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 1-қосымша |
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының каталогы
№ | Ұйымның атауы | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаның мақсаты | Бағдарламаның ұзақтығы (кредитпен) | Нысаналы топ | Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі | Біліктілікті арттыру бағдарламасының деңгейі (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған). |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 2-қосымша |
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, жылдармен | |||||||||||||||||
0-1 | 1-2 | 2-3 | 3-5 | 5-7 | 7-10 | 10-13 | 13-15 | 15-16 | 16-20 | 20-25 |
25-тен жоғары, | ||||||
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған) |
Базалық деңгей: |
|
|
|
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Біліктілікті арттыру туралы сертификат № ______
Осымен __________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы "____" _______________ бастап "____" ___________________________
дейін ___________________________________________________________ мамандығы
бойынша ____________________________________________________________ циклі
бойынша _________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін
куәландырады біліктілік деңгейі ______________________________________________
(бірінші, екінші, үшінші – көрсету )
__________________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі _____________
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______
Осымен _________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы "____" ________________ бастап "____" ________________
дейін ________ _______________________________________________ мамандандыру
бойынша ______________________ сағат көлемінде ____________________________
_________________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
сертификаттау курсынан өткенін куәландырады
__________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Сертификаттау курсының бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік
шеңберіндегі біліктілік деңгейі _________________________________
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
Сертификаттау курсы туралы куәлікке қосымша |
Оқытқан ұйымының атауы __________________________________________________
__________________________________________________________________________
ТРАНСКРИПТ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________
__________________________________________________________________________
___________
Оқу күні
____________________________________________________________________
Цикл атауы
__________________________________________________________________________
Мамандығы
__________________________________________________________________________
Мамандандыру
__________________________________________________________________________
Кредиттер саны
(сағат)____________________________________________________________________
№ | Тақырып атауы | Кредиттер саны | Қорытынды баға |
Тіркеуші _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі № ________________
Берілген күні ________________
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______
Осымен ________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы "____" ___________________ бастап "____" ___________________ дейін
________________________________________________________________ мамандығы
бойынша
_________________________________________________________________ циклі
бойынша
_________________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін
куәландырады
________________________________________________________ қосымша білім беру
бағдарламасы
__________________________________________________________________________
______
(біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету)
__________________________________________________________________________
______
(оқытқан ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
______
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_______
(біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы – астын сызу)
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 6-қосымша |
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | 1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). | ||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі |
көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағаттан аспайды; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: қосымша біліктілікті арттыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар); |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма сағат 13.00 -ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір қызмет беруші жұмыс беруші Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына 2 қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптар жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2. Осы Біліктілік талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – Қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);
4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
2) кадрлық қамтамасыз етуге:
жоғары оқу орындарында қосымша білім беруді (соның ішінде қашықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдарда) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ұлттық және ғылыми орталықтарды, ғылыми-зерттеу институттарын (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар, жоғары медициналық колледждерде педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавр дәрежесі бар тұлғалар өткізеді. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын штаттық оқытушы-профессорлар құрамының саны жалпы оқытушылар құрамының кемінде 40%-ын құрайды.
Практикалық сабақтарды өткізу үшін ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ педагогикалық қызметкерлердің жалпы санының 40 %-нан аспайтын практикалық денсаулық сақтау мамандарының қатарынан оқытушыларды тарту рұқсат етіледі;
ЖОО, ҒЗИ, ҰО қосымша білім беру оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;
жоғары медициналық колледждер оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми - педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;
3) оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:
біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
базистік, ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалаудың бақылау-өлшеу құралдарының болуы;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:
меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларына сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы;
меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы;
мемлекеттік органдарды Бірыңғай көлік ортасына қосу;
5) денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын басқаруға:
қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылардың контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымның және әкімшілік-басқару персоналының штатының болуы.
4. Денсаулық сақтау саласындағы формальды емес білім беру ұйымдарына білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыруға институционалдық аккредиттеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің болуы талап етіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына 3 қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндет атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 2).
2. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11448 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
3. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14954 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17436 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-57/2020 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20733 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).