"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20727 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі