БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері құрған комиссия;
2) емтихан тапсырушы адам – заңды тұлғаның басшысы немесе тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы (бұдан әрі – заңды тұлғаның басшысы) – өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның бірінші басшысы, технологиялық процеске басшылық етуді жүзеге асыратын, техникалық мәселелер бойынша, өндіріс бойынша бірінші басшының орынбасары, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасары, өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты құрылым басшысы;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі ведомствосы;
7) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері – заңды тұлға тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия құрамына енгізген адам.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық көрсетпеген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тест сұрақтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері әзірлейді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады, оның біреуі дұрыс жауап. Тестілеу уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң басқармасына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрі | Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшылары, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшесінің білімін тексеруге арналған өтініш
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79–бабы, 8–тармағының талаптарына сәйкес, басшылық және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшесінен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан қабылдауды сұраймын
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)
1. ___________________________________________________________________
2. ___________________________________________________________________
3. ___________________________________________________________________
4. ___________________________________________________________________
(емтихан тапсырушының Т.А.Ә., жеке сәйкестендіру нөмірі,
емтихан тапсырушының лауазымы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
___________________________________ _______________________
(ұйым басшысының лауазымы) (Т.А.Ә.)
"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшесінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық түрде (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Сертификат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме |
1) осы "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшесінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-жолында көрсетілген өтініштегі мәліметтерді толық көрсетпеу; |
10 | Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар |
ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Мерзімі: [Берілген күні] жыл [Ұйымның атауы]
Дәлелді бас тарту
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті [аумақтық департаментінің атауы], Сіздің [Мерзімі] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті аумақтық департаментінің атауы | Наименование территориального департамента Комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан | |
__________ қаласы | город __________ |
№ ____СЕРТИФИКАТ
______________________________ Заңды тұлғаның атауы
20__ жылғы "___" ____________
Комиссия құрамы:
Төраға: _________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә. ), лауазымы
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Т.А.Ә., лауазымы
Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімін тексеруді жүргізді:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
№ № р/с | Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. | Лауазымы | Білімі | Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырмады, келген жоқ) |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Қолданылу мерзімі 20__ жыл "___" ____________ дейін
Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.