"Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 маусымда № 22920 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті органның қызметкері осы Қағидалардың 7, 11-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеу және есепке алу субьектісі берген күннен бастап екі жұмыс күні (жұмыс уақытын ескере отырып) ішінде, мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының тексеру өткізу саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қағаз форматтағы тағайындау туралы актіні, қосымша актіні;

      2) АЕҚ-ның толық толтырылуын, графикалық көшірмелердің болуын және сапасын (оқу мүмкіндігі);

      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында атап өтілген құжаттардың уақтылы ұсынылуын, тағайындауға негіздер болған материалдардың болуын, тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімі мен кезеңділігін, тексеру және есепке алу субьектісінің аумақтылық қағидатының сақталуын тексереді.

      Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның қызметкері мынадай:

      1) тіркеу;

      2) тіркеу үшін қажетті графикалық көшірмелерді салмаған, толық салмаған, сапасыз (оқу мүмкін емес) салған, сондай-ақ тіркеу және есепке алу субьектісі аумақтылық қағидатын бұзған жағдайда пысықтауға қайтару;

      3) тіркеуден бас тартуды қолдану әрекеттерінің бірін қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тағайындау туралы актілерді, қосымша актілерді тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта тексеру тағайындау туралы, профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту (күшін жою) туралы және осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз форматында қорытынды ресімделеді.

      Тағайындау туралы актілерді, қосымша актілерді тіркеуден бас тартқан жағдайда, осы Қағидалардың 12-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның қызметкері қағаз форматында тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы мөртабанды қояды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімі аяқталған соң, тіркеу және есепке алу субьектісі (аяқталу мерзімінен кешіктірмей) ТСОБТ-да осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы талонды толтырады, оның мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеру нәтижелері туралы актісін қоспағанда, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы электрондық акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама автоматты түрде қалыптастырылады.

       Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда, тіркеу және есепке алу субьектісі тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірместен, уәкілетті органға осы Қағидаларға 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері туралы талонды, Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкінің тексеру нәтижелері туралы актісін қоспағанда, осы Қағидаларға 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қоса бере отырып, ұсынады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жартыжылдық тізімі осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда 12-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Казақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 74 Бұйрыққа
  қосымша
  Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларына
  12-1-қосымша
  Нысан

Тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы мөртабан

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің

      ___________________________ қаласы/ облысы бойынша басқармасы

      тексеру актісін тіркеуден БАС ТАРТТЫ

      негіз: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

      міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы

      № 162 бұйрығымен бекітілген қағидалардың

      _____ тармағының _____ тармақшасы.

      20 __ жылғы "____"___________

      қолы ___________________________________

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № 162 "Об утверждении Правил регистрации актов о назначении, дополнительных актов о продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их отмены, уведомлений о приостановлении, возобновлении, продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора, изменении состава участников и представлении информационных учетных документов о проверке и профилактическом контроле и надзоре с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их результатах"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 мая 2021 года № 74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июня 2021 года № 22920

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № 162 "Об утверждении Правил регистрации актов о назначении, дополнительных актов о продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их отмены, уведомлений о приостановлении, возобновлении, продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора, изменении состава участников и представлении информационных учетных документов о проверке и профилактическом контроле и надзоре с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их результатах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21964) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с частью 2 статьи 146 Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах регистрации актов о назначении, дополнительных актов о продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их отмены, уведомлений о приостановлении, возобновлении, продлении сроков проверки и профилактического контроля и надзора с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора, изменении состава участников и представлении информационных учетных документов о проверке и профилактическом контроле и надзоре с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и их результатах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Сотрудник уполномоченного органа в течение двух рабочих дней (с учетом рабочего времени) со дня представления субъектом регистрации и учета документов, указанных в пунктах 7, 11 настоящих Правил, проверяет:

      1) акт о назначении, дополнительный акт на бумажном формате на соответствие требованиям действующего законодательства Республики Казахстан, регламентирующих порядок и условия организации и проведения проверки или профилактического контроля и надзора;

      2) полноту заполнения ИУД, наличие и качество графических копий (возможность прочтения);

      3) на своевременность представления документов, перечисленных в подпунктах 1), 2) настоящего пункта, наличие материалов, послуживших основанием для их назначения, сроки и периодичность проверки или профилактического контроля и надзора, соблюдение субъектом регистрации и учета принципа территориальности при их назначении.

      По результатам проверки сотрудник уполномоченного органа принимает одно из следующих действий:

      1) зарегистрировать;

      2) вернуть на доработку в случае не вложения, неполного вложения, вложения некачественных (невозможности прочтения) графических копий, необходимых для регистрации, а также нарушения субъектом регистрации и учета принципа территориальности;

      3) применить отказ в регистрации.

      При наличии оснований для отказа в регистрации актов о назначении, дополнительных актов, указанных в пункте 15 настоящих Правил, оформляется заключение об отказе (отмене) в регистрации акта о назначении проверки, о назначении профилактического контроля и надзора, дополнительного акта о продлении сроков проверки или профилактического контроля и надзора в электронном формате по форме согласно приложению 11 к настоящим Правилам, заключение об отказе (отмене) в регистрации акта о назначении проверки, о назначении профилактического контроля и надзора, дополнительного акта о продлении сроков проверки или профилактического контроля и надзора в бумажном формате по форме согласно приложению 12 к настоящим Правилам.

      В случае отказа, при регистрации актов о назначении, дополнительных актов в бумажном формате сотрудником уполномоченного органа ставится штамп об отказе в регистрации акта о назначении проверки и профилактического контроля и надзора, дополнительного акта о продлении срока проверки и профилактического контроля и надзора по форме, согласно приложению 12-1 к настоящим Правилам.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. При завершении срока проверки, профилактического контроля и надзора субъект регистрации и учета (не позднее срока окончания) в ЕРСОП заполняет талон о результатах проверки, по сведениям которого автоматически формируются электронный акт о результатах проверки по форме, согласно приложению 13 к настоящим Правилам и предписание об устранении нарушений по форме, согласно приложению 14 к настоящим Правилам, за исключением акта о результатах проверки Национального Банка Республики Казахстан.

      В случаях, указанных в пункте 11 настоящих Правил, субъект регистрации и учета не позднее сроков окончания проверки или профилактического контроля и надзора предоставляет в уполномоченный орган талон о результатах проверки, профилактического контроля и надзора, с прикреплением акта о результатах проверки по форме, согласно приложению 15 к настоящим Правилам, предписание об устранении нарушений по форме, согласно приложению 16 к настоящим Правилам, за исключением акта о результатах проверки Национального Банка Республики Казахстан.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Полугодовой список профилактического контроля и надзора оформляется по форме, согласно приложению 19 к настоящим Правилам.";

      дополнить приложением 12-1 в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет - ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан;

      3) направление настоящего приказа заинтересованным субъектам правовой статистики и специальных учетов, а также территориальным органам Комитета для исполнения.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Г. Нурдаулетов

  Приложение к приказу
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 31 мая 2021 года № 74
  Приложение 12-1 к Правилам
регистрации актов о назначении,
дополнительных актов о
продлении сроков проверки и
профилактического контроля и
надзора с посещением субъекта
(объекта) контроля и надзора и
их отмены, уведомлений о
приостановлении, возобновлении, продлении
сроков проверки и профилактического контроля и
надзора с посещением субъекта(объекта)
контроля и надзора, изменении
состава участников и представления
информационных учетных документов
о проверке и профилактическом контроле и
надзоре с посещением субъекта
(объекта) контроля и надзора и их результатах

      Форма

Штамп об отказе в регистрации акта о назначении проверки и профилактического контроля и надзора, дополнительного акта о продлении срока проверки и профилактического контроля и надзора

      Управлением Комитета по правовой статистике и специальным учетам
Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по ___________________________городу/ области

      в регистрации акта проверки ОТКАЗАНО

      основание: подпункт _____ пункта _____ Правил, утвержденных приказом
исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан
от 25 декабря 2020 года № 162.

      "____"___________20 __ года

      подпись___________________________________