ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Уәкілетті органның қызметкері осы Қағидалардың 7, 11-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеу және есепке алу субьектісі берген күннен бастап екі жұмыс күні (жұмыс уақытын ескере отырып) ішінде, мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының тексеру өткізу саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қағаз форматтағы тағайындау туралы актіні, қосымша актіні;
2) АЕҚ-ның толық толтырылуын, графикалық көшірмелердің болуын және сапасын (оқу мүмкіндігі);
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында атап өтілген құжаттардың уақтылы ұсынылуын, тағайындауға негіздер болған материалдардың болуын, тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімі мен кезеңділігін, тексеру және есепке алу субьектісінің аумақтылық қағидатының сақталуын тексереді.
Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның қызметкері мынадай:
1) тіркеу;
2) тіркеу үшін қажетті графикалық көшірмелерді салмаған, толық салмаған, сапасыз (оқу мүмкін емес) салған, сондай-ақ тіркеу және есепке алу субьектісі аумақтылық қағидатын бұзған жағдайда пысықтауға қайтару;
3) тіркеуден бас тартуды қолдану әрекеттерінің бірін қабылдайды.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тағайындау туралы актілерді, қосымша актілерді тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта тексеру тағайындау туралы, профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту (күшін жою) туралы және осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз форматында қорытынды ресімделеді.
Тағайындау туралы актілерді, қосымша актілерді тіркеуден бас тартқан жағдайда, осы Қағидалардың 12-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның қызметкері қағаз форматында тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы мөртабанды қояды.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімі аяқталған соң, тіркеу және есепке алу субьектісі (аяқталу мерзімінен кешіктірмей) ТСОБТ-да осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы талонды толтырады, оның мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеру нәтижелері туралы актісін қоспағанда, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы электрондық акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама автоматты түрде қалыптастырылады.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда, тіркеу және есепке алу субьектісі тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірместен, уәкілетті органға осы Қағидаларға 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері туралы талонды, Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкінің тексеру нәтижелері туралы актісін қоспағанда, осы Қағидаларға 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қоса бере отырып, ұсынады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жартыжылдық тізімі осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда 12-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
Тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы мөртабан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің
___________________________ қаласы/ облысы бойынша басқармасы
тексеру актісін тіркеуден БАС ТАРТТЫ
негіз: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығымен бекітілген қағидалардың
_____ тармағының _____ тармақшасы.
20 __ жылғы "____"___________
қолы ___________________________________