БҰЙЫРАМЫН:
1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінетін республикалық бюджет қаражатын пайдалану тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу тәртібі";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Іссапарға жіберілген адамдарға Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес мынадай:
1) іссапар мерзіміне арналған тәуліктік;
2) баратын межелі орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстарға (такси қызметі төленбейді);
3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі, оның ішінде межелі пунктке кірер алдындағы келу пункттердегі шығыстарға;:
егер іссапарға жіберілген адамның тұрғын үй-жайды жалдауы межелі пунктке кірер алдында келу пунктінде күндізгі уақытта 8 (сегіз) сағаттан артық және түнгі уақытта 6 (алты) сағаттан артық межелі пунктке шығуды күткен кезде жүзеге асырылса;
егер іссапарға жіберілген адамның келуі немесе кетуі қызметтік қажеттілік бойынша белгіленген есептік сағатқа дейін не есептік сағаттан кейін жүзеге асырылса;
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар осы Қағиданың 24-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде өтеледі және қаулымен бекітілген нормадан аспауы тиіс;
4) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылған, ауырған кезде, басқа да форс-мажорлық жағдайларда);
5) валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық алымдарға, валюта айырбастаудан бағамдық айырмашылық;
6) түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін консулдық алымдарға;
7) Нұр-Султан қаласында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе визаны ресімдеуге уәкілетті консулдық мекемесі болмаған жағдайда түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін сервистік алымдарға;
8) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеуді жеделдеткені үшін алымдарға.
Іссапар шығындары қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес өтеледі. Қонақүйде тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін адамдарға белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда, растайтын құжаттарды ұсынған кезде өтеу жүргізіледі.
Мақсаты Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу болып табылатын жағдайда, іссапар мерзімі 41 күннен 180 күнтізбелік күнге дейін болса, стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;
9) іссапарға жіберілерде және Қазақстан Республикасына іссапардан оралатын кезде, оның ішінде шет мемлекеттердің транзиттік аймақтарын кесіп өту кезінде, түбіртекке немесе чекке, сондай-ақ полимеразды тізбекті реакция тестілеуінен (бұдан әрі – ПТР-тестілеу) өткені туралы анықтамаға сәйкес, СOVID-19 ПТР-тестілеуден өту бойынша іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінеді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Есептілік".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі