БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Қазақстан Республиксының азаматтығына қабылдаудан бас тарту және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін негіз "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
Азамат болу туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыс жазылғандығы тексеріледі.
Ұсынылған құжаттарда толық емес немесе нақты емес мәліметтер анықталған жағдайда олар тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өтініш иесіне анықталған күні қайтарылады.
Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидада көзделген барлық құжаттарды берген күннен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалдарды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен куәландырылады.
Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналға тіркелуге және қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі - ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана береді.
Анықтамалар берген кезде адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыра тексеру жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселесі бойынша өтінішхаттар (өтініштер) оларды тапсырған күннен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен - 3 (үш) ай ішінде қарастырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтініш білдірген адамға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары соттылығының бар не жоқтығына, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметті прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАОАЖ) арқылы сұратады, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексереді және "Бүркіт" БАЖ-ға Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтерді енгізеді.";
18-тармақтың он бірінші абзацы алынып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қажет болған жағдайда шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті құжаттар қоса беріледі. Туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін тұрғылықты жері бойынша азаматтық алатын Тараптың аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл туралы құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, неке туралы, туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі пайдаланылады.";
42-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
1-қосымша алынып тасталсын.
8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
___________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
___________________________________________________________
(тұратын орны, байланыс телефоны, электр. мекенжайы)
Хабарлама-міндеттеме
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Егер шетелдік өзге мемлекеттің азаматтығын тоқтатпай отырып сонымен бір уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса, онда ол жарамсыз деп есептеледі.
Осыған байланысты, Сізге Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұрынғы азаматтығы елідің өкілетті органына шетел азаматының паспортын тапсыру бұрынғы азаматтығының тоқтатылуын тіркегені үшін қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Біруақытта, егер шетелдік азаматтың паспорты бұрынғы азаматтығы бар елдің уәкілетті органына уақтылы ұсынылмаған болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығы жарамсыз болып саналады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзған үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеміз.
Осы хабарлама-міндеттеме 2 данада жасалды, әр тарап үшін біреуден.
___________ облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД КҚҚБ бастығы
________________________________________________________
(арнаулы атағы, лауазымы, лауазымды адамның Т.А.Ә.)
_________________________
(лауазымды адамның қолы)
М.О.
Хабарламамен таныстым, шетел азаматының паспортын бұрынғы азаматтықтың өкілетті органына күнтізбелік отыз күннің ішінде тапсыруға міндеттімін.
Хабарламаны алдым:
_______________________________________________________
(Т.А.Ә./қолы)
"___" _________ 20__ жыл
Фотосуреттің орны
№ ______ анықтама
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу үшін берілді
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Негіз: _______________________________________________________________
облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД-нің 20____жылғы
"_____"___________ қорытындысы.
КҚҚБ ПД-нің бастығы _____________________________________________
(қолы)
М.О. № _______ анықтаманың түбіртегі
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Негіз: _________________________________
облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД-нің 20____жылғы
"_____"___________ қорытындысы.
Инспектор _______________________
(қолы)
Анықтаманы алдым _____________
(қолы)
20___ ж. "______"___________
М.О.