Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шiлдедегі № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шiлдеде № 23688 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 165-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат ұсынудың қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын ;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 265 Бұйрықпен бекітілген

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке (бұдан әрі – ҰГМҚ) метеорологиялық ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 165-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ҰГМҚ-ға ақпарат беру тәртібін айқындайды.

      2. Метеорологиялық ақпарат ҰГМҚ-ға келесі мақсаттарда ұсынылады:

      қауіпті және аса қауіпті метеорологиялық құбылыстарды уақытылы анықтау және олардың дамуын болжауды жақсарту;

      метеорологиялық жағдайлардың өңірлік ерекшеліктерін зерделеу;

      тұтынушыларды метеорологиялық, болжамдық ақпараттармен қамтамасыз ету сапасын арттыру;

      мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды қалыптастыру;

      мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу.

2-тарау. ҰГМҚ-ға ақпарат беру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 165-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған метеорологиялық ақпаратты дайындаушылар өздері жүргізген метеорологиялық ақпаратты өтеусіз ұсынады.

      4. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың өздері жүргізген метеорологиялық ақпаратты ҰГМҚ-ға ұсынуы метеорологиялық ақпаратты дайындаушының келісімі бойынша ҰГМҚ бекіткен метеорологиялық ақпаратты ұсыну жоспарына (бұдан әрі – жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Жоспарда ұсынылатын метеорологиялық ақпараттың тізбесі, оны ұсыну мерзімдері, түрлері және тәсілдері айқындалады.

      6. Метеорологиялық ақпаратты өндіруші метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде метеорологиялық ақпаратты өндіруші ҰГМҚ-ға өндірілетін метеорологиялық ақпараттың тізбесін және мерзімдері, түрлері, көлемдері және оны алудың тәсілдерін жазбаша немесе электронды түрде жібереді.

      Метеорологиялық ақпаратты ұсыну және алу мерзімдері, тәсілдері оны өндіру (алу) тәсілдеріне, метеорологиялық ақпаратты өндірушінің және ҰГМҚ-ның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты айқындалады.

      Нақты уақыт режимінде деректерді беру функциясы бар метеорологиялық бақылаулардың автоматты жүйелерін пайдаланған жағдайда, мұндай ақпарат нақты уақыт режимінде ҰГМҚ-ға беріледі.

      Метеорологиялық ақпаратты алудың өзге тәсілдерін пайдаланған жағдайда, мұндай ақпарат электронды түрде ҰГМҚ-ның электрондық мекенжайына ай сайын есеп беруден кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін ұсынылады.

      Метеорологиялық ақпаратты өндіруші өндірілетін ақпаратты өзге электрондық нұсқаларда ай сайын есеп беруден кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін ұсынуға құқылы.

      7. Ұсынылған ақпарат негізінде ҰГМҚ метеорологиялық ақпаратты өндіруші ұсынған метеорологиялық деректерді пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және бұл туралы метеорологиялық ақпарат өндірушісіне хабарлайды.

      8. Жоспардың жобасын ҰГМҚ келіп түскен ақпарат пен тізілім деректері негізінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ұсынылған ақпаратты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлейді және метеорологиялық ақпаратты өндірушіге келісуге жіберіледі.

      Метеорологиялық ақпаратты өндіруші жоспардың жобасын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізеді және келісілген жоспар жобасын ҰГМҚ-ға бекітуге жібереді.

      9. ҰГМҚ жоспарды келісілген жоспар жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.

      10. Метеорологиялық ақпаратты өндірушінің бастамасы бойынша бекітілген жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. толықтырулар енгізіледі. Жоспардың жобасын метеорологиялық ақпаратты өндіруші жіберген және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді қамтитын ақпаратты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жоспарға қосымшалар түрінде ҰГМҚ әзірлейді.

      Жоспарға қосымшаны келісу және бекіту осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      11. Жоспарға сәйкес метеорологиялық ақпаратты беру тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, метеорологиялық ақпаратты өндіруші растайтын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін қоса бере отырып, себептері туралы екі жұмыс күні ішінде ҰГМҚ-ны хабардар етеді.

      12. Метеорологиялық ақпаратты беруді тоқтату немесе тоқтата тұру себептері туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда, ҰГМҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды метеорологиялық ақпаратты өндірушінің ақпаратты беруді тоқтатуы немесе тоқтата тұрғаны туралы хабардар етеді.

      13. Метеорологиялық ақпаратты өндіруші метеорологиялық мониторинг бойынша қызметті тоқтатқан жағдайда, бекітілген жоспарлар өз қолданысын тоқтатады.

      14. Метеорологиялық ақпаратты өндіруші өзі шығарған метеорологиялық ақпаратты ҰГМҚ-да ол өндірілетін түрде ұсынады: кестелер, шолулар, графиктер және мәтіндік хабарламалар немесе өзге түрде.

      15. Метеорологиялық ақпаратты өндіруші және ҰГМҚ арнайы журналдарда метеорологиялық ақпаратты ұсыну (қабылдау) күнін, уақытын автоматты (электрондық) түрде ұсыну (қабылдау) күндерін, уақытын белгілеуді қамтамасыз ететін тәсілдермен метеорологиялық ақпаратты ұсыну жағдайларын қоспағанда, метеорологиялық ақпаратты ұсыну (қабылдау) күнін, уақытын тіркейді.

Об утверждении Правил предоставления информации в Национальную гидрометеорологическую службу

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 июля 2021 года № 265. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2021 года № 23688

      Введение в действие настоящего приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 165 Экологического Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления информации в Национальную гидрометеорологическую службу.

      2. Департаменту экологической политики и устойчивого развития Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 июля 2021 года.

      И.о. министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
И.о. министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 21 июля 2021 года № 265

Правила предоставления информации в Национальную гидрометеорологическую службу

Глава 1. Общее положение

      1. Настоящие Правила предоставления метеорологической информации в Национальную гидрометеорологическую службу (далее - НГМС) разработаны в соответствии пунктом 3 статьи 165 Экологического Кодекса Республики Казахстан (далее – Правила) и определяет порядок предоставления информации в НГМС.

      2. Метеорологическая информация, предоставляется в НГМС в целях:

      своевременного выявления опасных и стихийных метеорологических явлений и улучшения прогнозирования их развития;

      изучения региональных особенностей метеорологических условий;

      повышения качества обеспечения метеорологической, прогностической информации потребителей;

      формирования государственного гидрометеорологического фонда;

      ведения государственного климатического кадастра.

Глава 2. Порядок предоставления информации в НГМС

      3. Производители метеорологической информации определенные в соответствии с пунктом 5 статьи 165 Экологического Кодекса Республики Казахстан предоставляют производимую метеорологическую информацию безвозмездно.

      4. Предоставление производителями метеорологической информации в НГМС осуществляется в соответствии с планами предоставления информации (далее - план), утверждаемым НГМС по согласованию с производителем метеорологической информации.

      5. В плане определяются перечень предоставляемой метеорологической информации, сроки, виды и способы ее предоставления.

      6. В течение пятнадцати рабочих дней после включения производителя метеорологической информации в государственный реестр производителей метеорологической информации (далее – реестр), производитель метеорологической информации направляет в НГМС в письменном или в электронном виде перечень производимой метеорологической информации и способах еҰ получения.

      Сроки, способы предоставления и получения метеорологической информации определяются в зависимости от способов ее производства (получения), технических возможностей производителя метеорологической информации и НГМС.

      В случае использования автоматических систем метеорологических наблюдений с функцией передачи данных в режиме реального времени, такая информация передается в НГМС в режиме реального времени.

      При использовании иных способов получения метеорологической информации, такая информация предоставляется в электронном виде на электронный адрес НГМС ежемесячно до двадцать пятого числа месяца следующего за отчетным.

      Производитель метеорологической информации вправе предоставить производимую информацию на иных электронных носителях ежемесячно до двадцать пятого числа месяца следующего за отчетным.

      7. На основании представленной информации НГМС в течение пятнадцати рабочих дней принимает решение о возможности и необходимости использования метеорологических данных, предоставляемых производителем метеорологической информации, о чем уведомляет производителя метеорологической информации.

      8. Проект плана разрабатывается НГМС на основании полученных сведений и данных реестра в течение пятнадцати рабочих дней со дня получения информации, предоставленной в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил и направляется на согласование производителю метеорологической информации.

      Производитель метеорологической информации в течение пятнадцати рабочих дней со дня получения проекта плана рассматривает, при необходимости вносит в него изменения и направляет согласованный проект плана на утверждение в НГМС.

      9. План утверждается НГМС в течение десяти рабочих дней со дня получения согласованного проекта плана.

      10. По инициативе производителя метеорологической информации в утвержденный план вносятся изменения и (или) дополнения. Проект плана разрабатывается НГМС в виде приложений к плану в течение пятнадцати рабочих дней со дня получения информации направленной производителем метеорологической информации и содержащей сведения предусмотренные пунктом 6 настоящих Правил.

      Согласование и утверждение приложения к плану осуществляется в порядке определенном пунктами 7 и 8 настоящих Правил.

      11. В случае прекращения или приостановления подачи метеорологической информации в соответствии с планом, производитель метеорологической информации уведомляет НГМС в письменном или в электронном виде в течение двух рабочих дней об их причинах с приложением подтверждающих документов или их копий.

      12. В случае не предоставления информации о причинах прекращения или приостановки подачи метеорологической информации, НГМС уведомляет уполномоченный орган в области охраны окружающей среды о прекращении или приостановлении подачи информации производителем метеорологической информации.

      13. При прекращении производителем метеорологической информации деятельности по метеорологическому мониторингу, утвержденные планы прекращают свое действие.

      14. Производитель метеорологической информации предоставляет произведенную им метеорологическую информацию в НГМС в том виде, в котором она производится: таблицы, обзоры, графики и текстовые сообщения либо в ином виде.

      15. Производитель метеорологической информации и НГМС регистрируют в специальных журналах: дату, время предоставления (приема) метеорологической информации, за исключением случаев предоставления метеорологической информации способами обеспечивающими фиксацию дат, времени предоставления (приема) в автоматическом (электронном) виде.