ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз Алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынамаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қарызды өтеу кестесінің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілсін.".
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, қарызды өтеу графигінің нысандары және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынамалар алып тасталсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Төрағаның міндетін атқарушы | Н. Абдрахманов |
2021 жылғы 30 шілдедегі № 86 Қаулыға 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына 1-қосымша |
Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ислам банкінің Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген банк операциясын жүргізу кезінде, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалдарының, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын айқындайды.
2. Ережелердің мақсаттары үшін келесі ұғымдар қолданылады:
1) Кредиттік желі – бұл банктің қарыз алушыға банктік қарыз алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларда және кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі.
2) Кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім деп кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) немесе өтініште (өтініштерде) немесе төлем карточкасын пайдалану арқылы қарыз алушының қарыз сомасын және алу уақытын өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптармен жасалған шарт түсініледі.
2 тарау. Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі
3. Банк банктік қарыз шартына (бұдан әрі – шарт) жасасқанға дейін "Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
Шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
3. Жеке тұлғамен шарт жасасқан жағдайда банк Банктер туралы заңның 39-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банк қарызды өтеу әдісін таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын жеке тұлғаға ұсынады. Қарыз алушыға банк "Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13305 болып тіркелген) сәйкес төмендегідей өтеу әдістерімен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын міндетті түрде ұсынады:
банктік қарыз бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомасынан және кезең ішінде негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақыны қамтитын, азайтылған төлемдермен жүзеге асырылатын сараланған төлемдер әдісі;
банктік қарыз бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша ұлғаятын төлемдерден және кезең ішінде негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша азайтылған төлемдерді қамтитын банктік қарыз мерзімінің бүкіл мерзімінде тең төлемдермен жүзеге асырылатын аннуитеттік төлемдер әдісі. Бірінші және соңғы төлемдер мөлшерлері басқаларынан өзгеше болуы мүмкін.
банктің ішкі қағидаларында мұндай талап болған жағдайда, банк қарыз алушыға ішкі қағидаларға сәйкес есептелген, қарызды өтеудің қосымша әдістерін ұсынады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талап талаптары бойынша қарыздың мерзімі бір айдан аспайтын шартқа, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартқа, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге қолданылмайды.
4. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарыз алатын жеке тұлғамен шарт жасасқан кезде банк қарыз алушыға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманы береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап талаптары бойынша қарыздың мерзімі бір айдан аспайтын шартқа, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартқа, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге қолданылмайды.
5. Шарттың барлық маңызды талаптары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде оған тараптар қол қояды.
Шарт шарттардың тиісті түрі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды, тараптардың келісімі бойынша айқындалған талаптарды, сондай-ақ осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарда көзделген міндетті талаптарды қамтиды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп қарыз алу мерзімі бір айдан аспайтын шартқа, оның талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартта, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге қолданылмайды.
6. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып жасалады.
2021 жылғы 30 шілдедегі № 86 Қаулыға 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына 2-қосымша |
Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар
1. Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – шарт) шарттардың тиісті түрі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптар, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады:
1) шарттың жалпы талаптары;
2) қарыз алушының құқықтары;
3) банктің құқықтары;
4) банктің міндеттері;
5) банкке арналған шектеулер;
6) тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі;
7) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
8) банк шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен шарт шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қатысты қойылатын талаптар мен шектеулер қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылатыны көзделетін талап.
2. Шарттың жалпы талаптарында мыналар қамтылады:
1) шарт жасасқан күн;
2) бизнес-жоспарға немесе қарыздың техникалық-экономикалық негіздемесіне және (немесе) қарыз алушы берген өтінішке сәйкес келетін банктік қарыздың (бұдан әрі – қарыз) мақсаты.
Талаптары бойынша қарыздың мерзімі бір айдан аспайтын шартта, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартта, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде қарыз мақсаты көрсетілмейді;
3) қарыз сомасы мен валютасы;
4) қарыздың мерзімі;
5) сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе өзгермелі), сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (жылдық пайызбен не белгіленген сомада), шартты жасасу күніне "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген) сәйкес шынайы жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.
Талаптары бойынша қарыздың мерзімі бір айдан аспайтын шартта, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартта, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгіленген сомада көрсетуге рұқсат етіледі;
6) шартта өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі көзделген болса, өзгермелі сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі;
7) өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз);
8) қарызды өтеу әдісі: аннуитеттік (тең төлемдермен өтеу арқылы, сараланған (негізгі борышты тең үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі қағидаларына сәйкес басқа әдіс;
9) қарыз бойынша берешекті өтеу кезектілігі;
10) уақтылы негізгі борыш өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға қарыз беру кезінде айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 35-бабының 2-тармағында көзделген оны есептеу тәртібі көрсетіледі;
11) кредиттеу шарттары комиссияларды және басқа төлемдерді алуды көздемейтін жағдайларды қоспағанда, қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға тиісті комиссиялардың және басқа да төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшерлері;
12) қарызды және сыйақыны өтеудің тәртібі (касса арқылы, банктік шотқа қашықтан терминал арқылы және тараптардың келісімі бойынша басқалар), кезеңділігі;
13) қамтамасыз етусіз берілген қарызды қоспағанда, қамтамасыз ету (түрі: кепіл, айыпақы, кепілдік, кепілдеме, ұстап қалу және басқа түрлері);
14) қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайда банк қабылдайтын шаралар;
15) шарттың қолданылу мерзімі;
16) қарыз алушы-заңды тұлғаның банкке ұсынатын есептілігінің түрлері мен мерзімдері;
17) қарыз алушының (қоса қарыз алушының) ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге және кредиттік бюроның ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуын көрсету;
18) банктің пошталық мекен-жайы мен электрондық мекенжайы туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет-ресурсы туралы деректер.
3. Қарыз алушының құқықтары мынадай мүмкіндікті көздейді:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған жеке тұлғаның шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтарғаны үшін айыпақыны және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін төлемей, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыны төлей отырып, қарызды қайтаруы;
2) егер негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түссе, одан кейінгі жұмыс күні айыпақыны және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін төлемей, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеуді жүргізу;
3) өтініш бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына кем дегенде бір рет шарт бойынша берешекті өтеу есебіне түсетін ақшаны бөлу (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, айыпақыға және айыппұл санкцияларының өзге де түрлеріне, сондай-ақ төленуге жататын басқа да сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда алу;
4) шарт бойынша берілген ақшаны ішінара немесе толық мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы өтініш бойынша ақысыз, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, айыпақыға және айыппұл санкцияларының өзге де түрлеріне, сондай-ақ төленуге жататын басқа да сомаларға бөлінген, қайтарылуға тиісті соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша нысанда алу;
5) бір жылға дейін мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты ай өткен соң, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жыл өткен соң айыпақыны және айыппұл санкцияларының басқа түрлерін төлемей, қарызды ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу;
6) шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай оларды өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банк ұсынған жақсартатын талаптардан шартта көзделген тәртіппен бас тарту;
7) алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде банкке жазбаша өтініш жасау;
8) мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жеке тұлға банкке баруға және өзінің шарттың талаптарына, оның ішінде:
шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
банктік қарыздың мерзімін өзгертуге;
мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарыз шартына қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың және өзге төлемдердің күшін жоюға;
"Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуіне;
банкке кепіл мүлкін беру арқылы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін ұсынуына;
шарт бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүліктің өткізілуіне байланысты міндеттемелерді орындауға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) негіздейтін шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер қамтылған жазбаша нысандағы не шартта көзделген тәсілмен өтініш ұсыну.
Жеке тұлғамен жасалған ипотекалық қарыз шартында жасалған ипотекалық қарыз шартынан туындаған келіспеушіліктерді реттеу үшін қарыз алушының Банктер туралы заңға сәйкес банк омбудсманына жазбаша өтініш жасау құқығы қамтылады.
4. Банктің құқықтарында:
1) Банктер туралы заңның 34-бабының 3-тармағында көзделген, сондай-ақ шартта белгіленген жағдайларда шарттың талаптарын қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгерту;
2) қарыз алушы қарыздың кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күннен астам бұзған кезде қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтару талаптары мүмкіндігі көзделеді.
5. Банктің міндеттерінде:
1) шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қайтарғаны үшін айыпақыны немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін өндіріп алмай, қарыз берілген күннен бастап есептелген сыйақыны ұстай отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлғадан қарызды қабылдау;
2) қарыз алушының өтініші бойынша ақысыз түрде айына бір реттен жиі емес үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шарт бойынша берешекті өтеу есебіне түсетін ақшаны бөлу (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына және айыппұл санкцияларының басқа да түрлеріне, сондай-ақ төленуге жататын басқа да сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда беру;
3) қарыз алушының шарт бойынша берілген ақшаны ішінара немесе толық мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы өтініші бойынша ақысыз, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына және айыппұл санкцияларының басқа да түрлеріне, сондай-ақ төленуге жататын басқа да сомаларға бөлінген, қайтарылуға тиісті соманың мөлшерін хабарлау;
4) қарыз алушыны шарт талаптарының оларды жақсарту жағына қарай өзгергені туралы шартта көзделген тәртіппен хабардар ету;
5) міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімде:
шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімін өткізіп алудың туындауы және хабарламада көрсетілген күні мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, шарт бойынша төлемдер енгізу қажеттігі туралы;
қарыз алушы-жеке тұлғаның шарт бойынша банкке жүгіну құқығы;
қарыз алушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар ету талаптары көзделеді.
Шартта, егер хабарлама шартта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен қарыз алушыға жіберілсе:
шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген болса, оның ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тұратын қарыз алушының кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі алған болса;
қарыз алушының хабарлама алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлама жеткізілген болып есептеледі деген талап қамтылады.
Хабарламаны адресатқа, алушыға берудің мүмкін еместігі туралы не оны қабылдаудан бас тартуына, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген өзге де байланыс құралын пайдалану кезінде оның қабылданғанын растамауына байланысты белгі соғылып қайтарған жағдайда, хабарлама тиісті түрде жіберілген болып есептеледі;
6) қарыз алушының жазбаша өтінішіне жазбаша жауапты қарау және дайындау;
7) қарыз алушы – жеке тұлғаның өтініші алынған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарау;
8) шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) бойынша банк құқығының (талап ету) үшінші тұлғаға өту талаптары қамтылған шартты жасасу кезінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін):
талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерін шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен өңдеу туралы;
құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарызды өтеу жөніндегі одан кейінгі төлемдердің үшінші тұлғаға (шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және орналасқан жері) тағайындалуын, берілген құқықтардың (талаптардың) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдықтарын көрсете отырып, өткені туралы хабардар ету қамтылады.
6. Банк үшін шектеулерде мыналарға тыйым салуды көзделеді:
1) шарт жасасу күніне белгіленген қарызға қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен өзге де төлемдердің мөлшері мен есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге;
2) жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың және өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге;
3) егер қарыз беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделгесе қарыз алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезінде шектеу, сондай-ақ қарыз алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;
4) төмендегі жағдайларды қоспағанда, кредиттік желі беру (ашу) туралы жасалған келісім шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға:
банкте жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде көзделген;
қарыз алушының кредит желісін беру (ашу) туралы келісім және (немесе) шарт бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзуы;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес банк жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы;
банктің кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімді және (немесе) шартты тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өзгерту;
5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға қарыз алушымен шарт жасасу күніне белгілеген сыйақы мөлшерлемесін бір жақты тәртіппен ұлғайту жағына өзгерту:
шартта көзделген жағдайларда, қарыз алушының қарыз алуға және қызмет көрсетуге байланысты дәйекті ақпарат ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі − Кодекс) көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мынадай жағдайларда банкте міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап ету құқығының туындауы:
банктің алдын ала жазбаша хабарламасыз, жиынтығында акционерлік қоғамның (шаруашылық серіктестіктің) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесін) иеленетін қарыз алушының қатысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі;
қарыз алушымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойылған мүліктің құжаттар бойынша және нақты болуын, мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талап етуді беру кепіл ұстаушы болып табылатын банктің тексеру құқығын бұзуы;
6) бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыны немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін өндіріп алу;
7) егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса айыпақыны немесе басқа айыппұл санкцияларын өндіріп алу және сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
7. Тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігінің туындау талаптарын қамтиды.
8. Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23619 болып тіркелген) көзделген.
9. Шарт банк пен қарыз алушының арасында жазбаша нысанда қажет болған жағдайда басқа тілдердегі аудармасын қоса берумен, қазақ және орыс тілдерінде, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан кезде – қазақ тілінде және тараптарға қолайлы тілде жасалады.
Шартта банктің ішкі құжаттарына және шарттың қолданылу мерзімі ішінде біржақты түрде өзгертілуі мүмкін және қарыз алушының қарауына қол жетімді емес құжаттарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
Шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, "Тіmеs New Rоmаn" шрифтінің мөлшері он екіден кем емес, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегінісін қолдана отырып теріледі.
10. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес қарыз алатын қарыз алушы (қоса қарыз алушы) жеке тұлғамен жасалатын шартқа шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын титулдық парақ қоса беріледі.
Титулдық парақ шарттың алғашқы парақтары түрінде жазылады және онда қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, өтеу әдісі мен тәсілі, егер қарыз алушы шарттағы негізгі қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге құқылы болса – қарыз алушының осы құқықты пайдалану үшін тиісті өтінішпен банкке жүгіну қажеттілігі туралы ақпарат, шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері, қарыз алушының банкке банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың кешіктірілу себептері, кірістер және шарттың талаптарын өзгерту туралы оның өтінішін анықтайтын басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат көрсетіледі.
11. Шартқа оның тараптары қол қойған қарызды өтеу графигі қоса беріледі.
Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу графигі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіппен қарыз алушыға (қоса қарыз алушыға) жіберіледі.
Егер қарыз алушы (қоса қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, қарызды беру күніне жасалған қарызды өтеу графигінде сондай-ақ қарыз алушының (қоса қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.
Тараптардың келісімі бойынша банк өзінің ішкі қағидаларына сәйкес сараланған және аннуитеттік төлемдер әдістерімен банктік қарызды өтеу кестелерінің жобаларын есептеу кезінде қолданылатын кезеңділікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсынады.
12. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын қарыз талаптары өзгертілген кезде банк қарызды өтеудің жаңа графигін жасайды және қарыз алушыға береді.
Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) ұлғайтуға, қарыз мерзімін ұлғайтуға, сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтуға, сондай-ақ қарыз валютасын өзгертуге әкеп соғатын қарыз талаптары өзгертілген кезде банк жаңа талаптарды ескере отырып, жаңа титулдық парақ жасайды және қарыз алушыға береді.
Қарыздар төлем карточкасын пайдалану жолымен берілетін кредиттік желіні қоспағанда, шарттың немесе қарыз алушының өтініші негізінде кредиттік желі шеңберінде қарыздың кезекті бөлігін беру кезінде қарыз алушыға қарызды өтеу графигі және осы тармақтың талаптарына сәйкес титулдық парақ беріледі.
13. Талаптары бойынша қарыз мерзімі бір айдан аспайтын шартқа, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартқа, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге Тәртіптің 10, 11, және 12-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
14. Банк кредиттік желі ашу туралы келісім шеңберінде берілген қарыздар (транштар) бойынша қарыз алушыға шартта көзделген тәсілмен алынған қарыздың (қарыздардың) сомасы, сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, қарызды (қарыздарды) өтеу мерзімдері, төлемдердің күндері, қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің атауы және мөлшерлері (бар болса) туралы мәліметтер қамтылатын ақпаратты ұсынады.
Талаптардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында және 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген талаптар шартта титулдық парақтан кейін көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі.
Кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімді, сондай-ақ оның шеңберінде шартты (шарттарды) жасау немесе қарыз алушының кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын және соның (солардың) негізінде кезекті қарызды беру жүзеге асырылатын өтінішті (өтініштерді) беруі арқылы кредиттік желі ұсыну кезінде:
кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде кредиттік желінің жалпы сомасы мен жалпы мерзімі көрсетіледі;
Талаптардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 11) және 15) тармақшаларында көзделген талаптар шартта немесе өтініште титулдық парақтан кейін көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі;
Талаптардың 1-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында, 3, 4, 5 және 6-тармақтарында, 2-тармақтың 7), 9), 10), 12), 13), 14), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген талаптар кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде көрсетілген кезде, оларды шартта немесе өтініште қосымша көрсету талап етілмейді.
15. Тараптар Кодекстің 381-бабына сәйкес шарттың элементтері бар аралас шарт жасасқан кезде аралас шарт Талаптардың 9-тармағының талаптарына сәйкес ресімделеді.
Шарт бөлігінде аралас шартта Талаптардың 14-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талап ескеріле отырып, Талаптардың 1-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады.
Кодекстің 389-бабына сәйкес қосылу талаптарымен шарт жасаған жағдайда, банктің және қарыз алушының қолтаңбаларын қамтитын шарттың (қосылу туралы өтініштің) бөлігі Талаптардың 9-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келеді, Талаптардың 14-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талапты қамтиды, олар шарттың (қосылу туралы өтініштің) бөлігінде титул парағына кейін тиісті бірізділікпен көрсетіледі.
________________ №_____ банктік қарыз шартына (күн, ай, жыл) _________________( күн, ай, жыл) қарызды өтеу кестесі
Қарыз алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)/атауы | |
Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
Қарыз сомасы және валютасы | ___________ |
Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері: |
___________ |
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері: |
___________ |
Қарыз мерзімі: |
___________ |
Қарыз алушы (қоса қарыз алушы) таңдаған қарызды өтеу әдісі |
___________ |
Төлем күні | Кезеңдегі төлемдер | Негізгі борыш қалдығы | ||
Төлем сомасы | Сыйақы | Негізгі борыш | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қарыздың берілген күні | - | - | - | Берілген қарыз сомасы |
Жиынтығы: | ||||
Банктің деректемелері | Қарыз алушының (қоса қарыз алушының) деректемелері |
Қарызды өтеу кестесі талаптардың келісімі бойынша қосымша мәліметтерді қамтиды.
Ескертпе:
1-бағанда төлемдердің жасалған күндері енгізіледі (бірінші күн қарыздың берілген бірінші күні болып табылады).
2-бағанда қарыз алушының төлемдер сомасы енгізіледі (қарыз алушы тарапынан төлемнің бірінші сомасы жоқ).
3 және 4-бағандарпда қарыз алушының төлем сомасын құрайтын сыйақы және негізгі борыш сомасы енгізіледі.
5-бағанда қарыз алушының кезекті төлемі енгізілгеннен кейінгі негізгі борыш (сыйақы) қалдығы енгізіледі.
"Жиынтығы" деген жолда 2, 3 және 4-бағандар бойынша төлемдер ағындарының соманы енгізіледі.
2021 жылғы 30 шілдедегі № 86 Қаулыға 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына 4-қосымша |
|
Нысан | |
Форма |
_________________( күн, ай, жыл) жағдай бойынша банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама
1 | Қарыз сомасы және валютасы | |
2 | Қарыз мерзімі | |
3 | Төлемдер саны | |
4 | Сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе өзгермелі), жылдық пайыздармен не белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | |
5 | Дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | |
6 | Қарызды беру және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің атауы және мөлшерлері | |
7 | Өтелетін жалпы сома | |
8 | Сыйақының жиынтық сомасы | |
9 | Негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері | |
10 | Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатты пайдаланбағаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені үшін және сол сияқты) |
1)______________________________ |
11 | Сақтандыру шартын жасау қажеттілігі және оны ұзарту мерзімдері | |
12 | Банктің байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, банк сайтының мекенжайы) |
Ескертпе:
Осы Жадынамада көрсетілген қарыз беру талаптары клиенттің оның кірістері мен міндеттемелері туралы ауызша ақпараты негізінде есептелді және банктік қарыз талаптарын таныстыру мен басқа банктердің қарыз талаптарымен салыстыру мақсатында болжамды болып табылады.