Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13305 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 8 қаулысымен
бекітілген

Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар

      Ескерту. Әдістемелер тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар (бұдан әрі - Әдістемелер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды айқындайды.

      Әдістемелердің талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Әдістемелер берешекті өтеу кестелерінің жобаларын сараланған және аннуитеттік төлемдер әдістерімен есептеуде колданылады.

      3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартын (микрокредит беру туралы шартты) жасағанға дейін жеке тұлғаға (бұдан әрі - қарыз алушы) қарызды (микрокредитті) өтеу әдісін таңдау үшін сараланған және аннуитеттік төлемдер әдістерімен есептелген қарызды (микрокредитті) өтеу кестелерінің жобаларын береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Тұрақты төлемдерді аннуитеттік төлемдер әдісімен есептеу әдістемесі

      4. Тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлем мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектенеді):

      і/12

      Р = S *--------------,

      1-(1+i/12)-n

      мұнда:

      Р - тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлем мөлшері;

      і - қарыз (микрокредит) бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі;

      S - қарыз (микрокредит) бойынша негізгі борыш қалдығы;

      n - өтеулер саны.

      Әдістемелердің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген уақытша базаларды пайдаланған кезде тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлемді есептеу формуласы пайыздар есептеу кезеңінде күндер санын есепке алу бөлігінде түзетілуге жатады.

      5. Негізгі борыш бойынша төлемді есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектенеді):

      S1=Р-І,

      мұнда:

      S1 - тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлемдегі негізгі борыштың үлесі;

      Р - тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлемнің мөлшері;

      I - сыйақы сомасы.

      6. Қарыз (микрокредит) бойынша берешекті өтеу кестесінде бірінші және соңғы төлемдердің мөлшерлері тұрақты (ай сайынғы) аннуитеттік төлемдерден ерекшеленуі мүмкін.

3. Тұрақты төлемдерді сараланган төлемдер әдісімен есептеу әдістемесі

      7. Негізгі борыш бойынша төлемді есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектенеді):

      S

      S1=-----,

      n

      мұнда:

      S1 - тұрақты сараланған төлемдегі негізгі борыштың үлесі;

      S - қарыз (микрокредит) сомасы;

      n - өтеулер саны.

      8. Тұрақты сараланған төлемнің мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектенеді):

      Р=S1 + 1,

      мұнда:

      Р - тұрақты сараланған төлемнің мөлшері;

      S1 - тұрақты сараланған төлемдегі негізгі борыштың үлесі;

      I - сыйақы сомасы.

4. Қарыз (микрокредит) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар және сыйақыны есептеу тәртібі

      9. Әдістемелердің 13-тармағында көзделген қарыз (микрокредит) бойынша сыйақы есептеу кезінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мынадай уақытша базаларды қолданады:

      1) жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына нақты күндердің саны;

      2) жылына 365 (үш жүз алпыс бес) немесе 366 (үш жүз алпыс алты) күн және айына нақты күндердің саны;

      3) жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сыйақы есептеу пайыздарды есептеудің қарапайым әдісімен жүргізіледі. Пайыздар есептеудің қарапайым әдісі деп қарыз (микрокредит) бойынша берешек қалдығына ғана пайыздар есептеуді түсіну керек.

      11. Қарызды (микрокредитті) мерзімінен бұрын өтеген кезде қарызды (микрокредитті) пайдаланған күндердің нақты саны үшін сыйақыны есептеу жүргізіледі.

      12. Сыйақы есептеу мақсаты үшін қарызды (микрокредитті) беру күні және қарызды (микрокредитті) қайтару бойынша міндеттемені толығымен орындау күні бір күн ретінде алынады.

      13. Қарыз (микрокредит) бойынша сыйақыны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады (есептеудің нәтижесі үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектенеді):

      i*n

      I=S*---------------,

      360/365/366

      мұнда:

      I - сыйақы сомасы;

      S - қарыз (микрокредит) бойынша негізгі борыштың қалдығы;

      і - қарыз (микрокредит) бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі;

      n - пайыздар есептелетін кезеңдегі күннің саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады