Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23907 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 16-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.12.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 285 бұйрығымен
бекітілген

Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.12.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 16-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер, қысқартулар пайдаланылады:

      1) геологиялық бөлу – барлауға және өндіруге немесе барлауға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізетін жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;

      2) тау-кендік бөлу – барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын құжат, оның шегінде жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын өндіруді, салуды және (немесе) пайдалануды жүргізеді;

      3) келісімшарт – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес құзыретті орган мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді немесе өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға арналған шарт.

      2. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Кодекстің 278-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекарасын өзгерту келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      3. "Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі-тізбе) баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға Тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Minerals.gov.kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП) ақпараттандыру объектісі арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне геологиялық/тау кендік бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің келіп түскен күні мен уақыты өтініш берілген сәт болып танылады және есепке алынуға жатады.

      8. Өтініш "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы түскен жағдайда осы Қағидаларға Тізбесінің 7-тармағына сәйкес жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы күйі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Әрбір өтініш жеке тіркеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидаларға Тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес толықтығы мен сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларға Тізбесінің 8-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген геологиялық және тау-кен бөлуді ұсынуға ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және геологиялық және тау-кен бөлуді ұсынудан дәлелді бас тартуды береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалар Тізбесінің 8-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген геологиялық және тау-кен бөлуді ұсынуға ұсынылған құжаттарға сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға (бұдан әрі – Ұлттық оператор) жолдайды.

      10. Ұлттық оператор өтінішті қарастырып, құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарау нәтижелері бойынша қорытындыны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші учаске (лер) аумағының Кодекстің 19, 25, 26-баптарының ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қорытындыны қарастырып, оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде геологиялық және (немесе) тау-кен бөлуді береді.

      Егер қорытындыны қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші учаске (лер) аумақтары Кодекстің 19, 25, 26-баптарының талаптарына сәйкес бола алмайтынын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жол берілмейтін аумақтармен толық жанасатынын анықтаса, көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәйкессіздіктермен дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.07.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау ол хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      12. Осы Қағидалар Тізбесіне 2 және (немесе) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық/тау кендік бөлуді беру құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) міндетті түрде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі геологиялық және тау кендік бөлуді беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-дағы жеке кабинетіне немесе пошта байланысы арқылы жіберіледі.

      15. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде геологиялық және тау кендік бөлуді қайта ресімдеу талап етілмейді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      17. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
қосымша

"Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.07.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті және оның аумақтық органдары

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Minerals.gov.kz" ЖҚПБП немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Геологиялық және тау-кен бөлімдерін беру және қайта ресімдеу - 20 (жиырма) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру немесе дәлелді бас тарту;
Қайта ресімделген геологиялық және тау-кен бөлуді беру немесе дәлелді бас тарту

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Геологиялық бөлуді алу үшін:
"Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы: Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша геологиялық бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш;
келесі құжаттардың электронды көшірмелері:
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі,
бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары;
жою/тексеру актісі (аумақты кері қайтарған жағдайда);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: келесі құжаттардың көшірмесі немесе түпнұсқасы: Қағидалар Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі, бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары, жою/тексеру актісі (аумақты кері қайтарған жағдайда).

2) Тау-кендік бөлуді алу үшін: "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы: Қағидалар Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысан бойынша тау-кендік бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш;

келесі құжаттардың электронды көшірмелері:

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі;

бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi көрсетілген графикалық материалдар. Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес тау-кен бөлудің шекаралары кеңейген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдаланушы әзірлеген техникалық негіздемелер, түсіндірмелер және осындай кеңейту қажеттілігіне графикалық материалдар қоса беріледі;

жою/тексеру актісі (жер қойнауы учаскесінің бөлігінен бас тартқан жағдайда);

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: келесі құжаттардың көшірмесі немесе түпнұсқасы: Қағидалар Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кендік бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі;

бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi көрсетілген графикалық материалдар. Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес тау-кен бөлудің шекаралары кеңейген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдаланушы әзірлеген техникалық негіздемелер, түсіндірмелер және осындай кеңейту қажеттілігіне графикалық материалдар қоса беріледі;

жою/тексеру актісі (жер қойнауы учаскесінің бөлігінен бас тартқан жағдайда).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі
3) Учаске (лер) аумағының Кодекстің 19, 25, 26-баптарының ережелеріне сәйкес келмеуі немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жол берілмейтін аумақтармен толық жанасуы.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-79-59, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу" мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
1-қосымша
нысан
  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің Геология
комитетінің басшысына
____________________________
(қаласы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтінім берушінің толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және жеке
сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, деректемелері,
телефоны)

Геологиялық/тау-кендік бөлуді беруге өтініш

      Сізден геологиялық/тау-кендік бөлуді беруді/қайта ресімдеуді сұраймын.

      Объектінің орналасқан жері: ____________________________(облыс)


Географиялық координаттары

бұрыштық нүктелер №

Солтүстік кендік

Шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1







2







3







4







      Қосымша:

      ______________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтінім берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл

      Қолы: ___________________

  "Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу" мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
2-қосымша
нысан
  Жер қойнауын пайдалануға
арналған № ___ келісімшартқа
№__қосымша
________________
(пайдалы қазба түрі)
__________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
20___ жылғы ______________
тіркеу №______

      _________________________________________________________________________

      (Осы құжатты берген орган)

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛУ

      ________________________________________________________________негізінде

      (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар

      енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі)

      __________________________________________________жер қойнауын пайдалану

      бойынша (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)

      операцияларды жүзеге асыру үшін_____________________________________берілді.

      (өтініш беруші)

      Геологиялық бөлу_______________________орналасқан.

      (облыс)

      Геологиялық бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден

      №____________________________дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

      (нүктелердің кейінгі нөмірлері)

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд








      Геологиялық бөлудің ауданы - __________________________ шаршы километр (метр)

      (жазбаша цифр)

      Барлау тереңдігі (егер Құзыретті органмен айқындалса) ___________________метр

      Орган басшысы___________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы берілген

      қаласы________, айы, жылы.

  "Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу" мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
"Геологиялық және
3-қосымша
нысан
Жер қойнауын пайдалануға
арналған № ___ келісімшартқа
№__қосымша
________________
(пайдалы қазба түрі)
__________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
20__ жылғы________________
тіркеу №_______

      _______________________________________________________________________

      (Осы құжатты берген орган)

ТАУ-КЕНДІК БӨЛУ

      ________________________________________________________________негізінде

      (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар

      енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі)

      __________________________________________________жер қойнауын пайдалану

      бойынша (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)

      операцияларды жүзеге асыру үшін______________________________________берілді.

      (өтініш беруші)

      Тау-кендік бөлу_______________________орналасқан.

      (облыс)

      Тау-кендік бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден

      №____________________________дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

      (нүктелердің кейінгі нөмірлері)

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд








      Тау-кендік бөлудің ауданы - ___________________________ шаршы километр (метр)

      (жазбаша цифр)

      Игеру тереңдігі ________________________________________________________метр

      (қазу деңгейінің көкжиегі, тереңдігі, геология-стратиграфиялық шегі)

      Орган басшысы____________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы берілген

      қаласы________, айы, жылы.


Об утверждении правил выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 285. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 августа 2021 года № 23907.

      В соответствии с пунктом 16 статьи 278 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" и с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 06.12.2023 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов.

      2. Комитету геологии Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. министра экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
А. Примкулов
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом
исполняющего обязанности
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 3 августа 2021 года № 285

Правила выдачи и переоформления геологического и горного отводов

      Сноска. Правила – в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 06.12.2023 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи и переоформления геологического и горного отводов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 16 статьи 278 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок предоставления и переоформления геологических и горных отводов.

      В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и термины, сокращения:

      1) геологический отвод – приложение к контракту на разведку и добычу или разведку, являющееся неотъемлемой его частью, определяющее схематически и описательно участок недр, на котором недропользователь проводит разведку;

      2) горный отвод – документ, являющийся неотъемлемой частью контракта на разведку и добычу или добычу, графически и описательно определяющий участок недр, в пределах которого недропользователь проводит добычу, строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей;

      3) контракт – договор между компетентным органом в соответствии с компетенцией, установленной Кодексом, и физическим и (или) юридическим лицом на проведение разведки и добычи или добычи полезных ископаемых либо строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей.

      2. В соответствии с пунктом 16 статьи 278 Кодекса по контрактам на недропользование, заключенным до введения в действие Кодекса, изменение границ участка недр осуществляется путем внесения соответствующих изменений в контракт.

      3. Государственная услуга "Выдача и переоформление геологического и горного отводов" (далее – государственная услуга) оказывается уполномоченным органом по изучению недр (далее – услугодатель) физическим и юридическим лицам, осуществляющим деятельность в сфере недропользования на основании контрактов, заключенных до введения Кодекса (далее – услугополучатель).

      4. Услугодатель в течение 3 (трех) рабочих дней с даты изменения настоящих Правил актуализируют информацию о порядке оказания государственной услуги и направляет в Единый контакт-центр.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      5. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий наименование государственной услуги, наименование услугодателя, способы предоставления государственной услуги, срок оказания государственной услуги, форму оказания государственной услуги, результат оказания государственной услуги, размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, график работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации, перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги, основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан изложены в приложении 1 к настоящим Правилам (далее – Перечень).

      6. Услугополучатель для получения государственной услуги подает посредством объекта информатизации через единую платформу недропользователей "Minerals.gov.kz" (далее – ЕПН "Minerals.gov.kz") либо в канцелярию услугодателя заявление на предоставление и переоформление геологического/горного отвода по форме согласно приложению 1 к Перечню настоящих Правил (далее – Заявление).

      7. Моментом подачи заявления признается дата и время поступления заявления услугодателю и подлежит учету.

      8. В случае подачи заявления через ЕПН "Minerals.gov.kz" в соответствии с графиком работы согласно пункту 7 Перечня к настоящим Правилам отображается статус о принятии заявление для оказания государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием, регистрацию и передает на исполнение ответственному структурному подразделению. При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      Каждое заявление регистрируется отдельно.

      9. Услугодатель в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня регистрации заявления проверяет документы на предмет полноты и соответствия в соответствии с подпунктом 1) пункта 8 Перечня к настоящим Правилам.

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов, а также в случае несоответствия представленных документов на предоставление геологического и горного отвода, предусмотренных подпунктами 1) и (или) 2) пункта 8 Перечня к настоящим Правилам, услугодатель отказывает в оказании государственной услуги и выдает мотивированный отказ в предоставлении геологического и горного отвода.

      При представлении услугополучателем полного пакета документов, а также в случае соответствия представленных документов на предоставление геологического и горного отвода, предусмотренных подпунктами 1) и (или) 2) пункта 8 Перечня к настоящим Правилам, услугодатель в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня регистрации заявления направляет заявление с приложенными документами национальному оператору по сбору, хранению, обработке и предоставлению геологической информации (далее – Национальный оператор).

      10. Национальный оператор рассматривает заявление и в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты получения документов направляет заключение по результатам рассмотрения услугодателю.

      Услугодатель рассматривает заключение на предмет соответствия территории участка (ов) положениям статей 19, 25, 26 Кодекса и в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты получения заключения выдает геологический и (или) горный отвод.

      Если при рассмотрении заключения услугодатель обнаружит, что территории участка (ов) не могут быть предоставлены в соответствии со статьями 19, 25, 26 Кодекса или вследствие полного совмещения с территориями, на которых не допускается проведение операций по недропользованию, услугодатель выдает мотивированный отказ в связи с выявленными несоответствиями.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22.07.2024 № 275 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При наличии основания для отказа в оказании государственной услуги по основаниям, указанным в пункте 9 Перечня услугодатель уведомляет заявителя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить заявителю позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня его получения уведомления.

      12. Предоставление геологического/горного отвода по форме согласно приложениям 2 и (или) 3 к Перечню настоящих Правил осуществляется не позднее 20 (двадцати) рабочих дней со дня поступления Заявления услугополучателя, с обязательным уведомлением компетентного органа (государственный орган, являющийся стороной контракта).

      13. Результатом оказания государственной услуги является выдача геологического и горного отвода либо мотивированный отказ.

      14. Результат оказания государственной услуги направляется в личный кабинет ЕПН "Minerals.gov.kz" услугополучателя либо через почтовую связь.

      15. При передаче права недропользования переоформление геологического/горного отвода не требуется.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг

      16. Жалоба на решение, действий (бездействий) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя, уполномоченного органа по изучению недр (далее – уполномоченный орган), в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, органом, рассматривающим жалобу.

      Жалобы подаются услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес органа, рассматривающего жалобу, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      17. Если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке согласно пункту 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача и переоформление
геологического и горного отводов"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Выдача и переоформление геологического и горного отводов"

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22.07.2024 № 275 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1.

Наименование услугодателя

Комитет геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан и его территориальные органы

2.

Способы предоставления государственной услуги

ЕПН "Minerals.gov.kz" либо через канцелярию услугодателя

3.

Срок оказания государственной услуги

Выдача и переоформление геологического и горного отводов – 20 (двадцать) рабочих дней

4.

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная

5.

Результат оказания государственной услуги

Выдача геологического и горного отвода либо мотивированный отказ;
Выдача переоформленного геологического и горного отвода либо мотивированный отказ.

6.

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается услугополучателю бесплатно.

7.

График работы

1) ЕПН "Minerals.gov.kz" – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем);
2) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9-00 до 18-30 часов, с перерывом на обед с 13-00 до 14-30, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

8.

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) Для получения геологического отвода:
через ЕПН "Minerals.gov.kz": заявление на предоставление и переоформление геологического отвода в форме электронного документа, удостоверенного электронно-цифровой подписью (далее – ЭЦП) согласно приложению 1 к Перечню Правил выдачи и переоформления геологического и горного
отводов (далее – Правила);
копии следующих документов: решение компетентного органа по внесению изменений и дополнений в контракт на недропользование;
географические координаты угловых точек с указанием общей площади отвода;
акт ликвидации/обследования (в случае возврата территории);
через канцелярию услугодателя: копии либо оригинал следующих документов: заявление на предоставление и переоформление геологического отвода согласно приложению 1 к Перечню Правил, решение компетентного органа по внесению изменений и дополнений в контракт на недропользование,
географические координаты угловых точек с указанием общей площади отвода, акт ликвидации/обследования (в случае возврата территории).
2) Для получения горного отвода: через ЕПН "Minerals.gov.kz": заявление на предоставление и переформление горного отвода в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП, согласно приложению 1 к Перечню Правил;
копии следующих документов:
решение компетентного органа по внесению изменений и дополнений в контракт на недропользование;
географические координаты угловых точек с указанием общей площади отвода и графические материалы с указанием контура подсчета запасов полезных ископаемых испрашиваемого горного отвода по площади и на глубину. В случаях расширения границ горного отвода, не связанных с добычей полезных ископаемых, к заявлению прилагаются разработанные недропользователем технические обоснования, пояснения и графические материалы в необходимости такого расширения;
акт ликвидации/обследования (в случае отказа от части участка недр);
через канцелярию услугодателя: копии либо оригинал следующих документов:
заявление на предоставление и переоформление горного отвода согласно приложению 1 к Перечню Правил;
решение компетентного органа по внесению изменений и дополнений в контракт на недропользование, географические координаты угловых точек с указанием общей площади отвода и графические материалы с указанием контура подсчета запасов полезных ископаемых испрашиваемого горного отвода по площади и на глубину. В случаях расширения границ горного отвода, не связанных с добычей полезных ископаемых, к заявлению прилагаются разработанные недропользователем технические обоснования, пояснения и графические материалы в необходимости такого расширения;
акт ликвидации/обследования (в случае отказа от части участка недр).
Сведения о документах удостоверяющих личность государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, содержащиеся в государственных информационных системах, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
3) несоответствие территории участка (ов) положениям статей 19, 25, 26 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" от 27 декабря 2017 года, или полного совмещения с территориями, на которых не допускается проведение операций по недропользованию.

10.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги,

Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги:
8 (7172) 27-79-59, единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 1
к Перечню основных
требований к оказанию
государственной услуги
"Выдача и переоформление
геологического и горного отводов"
  форма
  Руководителю
Комитета геологии
Министерства промышленности
и строительства
Республики Казахстан
по _________________________
(город)
____________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
от _________________________
(полное наименование
заявителя,
бизнес-идентификационный
номер или
фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
физического лица
и индивидуальный
идентификационный номер,
адрес, реквизиты, телефон)

Заявление на предоставление геологического/горного отвода

      Прошу Вас выдать/переоформить геологический/горный отвод.
Местонахождение объекта: ____________________________ (область)


Географические координаты

№ угловой точки

Северная широта

Восточная долгота

градус

минута

секунда

градус

минута

секунда

1







2







3







4







      Приложение:
_____________________________________________________________________
Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Дата подачи заявления:
"___" ______________ 20 ___ года.
Подпись: ____________________________

  Приложение 2
к Перечню основных
требований к оказанию
государственной услуги
"Выдачи и переоформление
геологического и горного отводов"
  форма
  Приложение №__
к Контракту № _________
на право недропользования
___________________________
(вид полезного ископаемого)
___________________________
(вид недропользования)
от ________ 20 ___ год рег. № __

      _____________________________________________________
(Орган выдавший данный документ)

ГЕОЛОГИЧЕСКИЙ ОТВОД

      Предоставлен __________________________________________________
для осуществления операций (заявитель) по недропользованию
на ____________________________________________________________
(наименование участка недр (блоков)
на основании ___________________________________________________
(решение компетентного органа по внесению изменений и дополнений
в контракт на недропользование)
Геологический отвод расположен в ________________________________.
(область)
Границы геологического отвода показаны на картограмме и обозначены
угловыми точками с № 1 по №
_______________________________________________________________.
последующие номера точек

Угловые точки

Координаты угловых точек

Северная широта

Восточная долгота

градус

минута

секунда

градус

минута

секунда








      Площадь геологического отвода - ______________________________________
квадрат километр (метр) (цифра (прописью)
Глубина разведки (если определена Компетентным органом)
___________________ метр
Руководитель органа __________________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, подпись город выдачи _______________________________________, месяц, год.

  Приложение 3
к Перечню основных
требований к оказанию
государственной услуги
"Выдача и переоформление
геологического и горного отводов"
  форма
  Приложение №__
к Контракту № _________
на право недропользования
___________________________
(вид полезного ископаемого)
___________________________
вид недропользования)
от ___________ 20 ___ год рег.
№ _______

      _________________________________________________
(Орган выдавший данный документ)

ГОРНЫЙ ОТВОД

      Предоставлен __________________________________________
для осуществления операций (заявитель) по недропользованию
на ____________________________________________________
(наименование участка недр (блоков)
на основании ___________________________________________
(решение компетентного органа по внесению изменений
и дополнений в контракт на недропользование)
Горный отвод расположен в ______________________________.
(область)
Границы горного отвода показаны на картограмме и обозначены
угловыми точками с № 1 по №
_______________________________________________________.
последующие номера точек

Угловые точки

Координаты угловых точек

Северная широта

Восточная долгота

градус

минута

секунда

градус

минута

секунда








      Площадь горного отвода - ___________________________________
квадрат километр (метр) (цифра (прописью)
Глубина разработки ________________________________________
метр
Горизонт отработки, глубина, геолого-cтратиграфическая граница
Руководитель органа _______________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, подпись
город выдачи ______, месяц, год.