ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Биржалық тауарлар тізбесінің реттік нөмірі 4-жолын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Биржалық тауарлардың тізбесі
№ | Топ | Тауар | Тауарлардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады | Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Энергия тасығыштар | Көмір | Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері** | 2701 | Ай сайынғы бөліністе келесі өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 10%-ы. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес көмір өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші (көмір разрезі, көмір шахтасы). | |
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір** | 2702 | Ай сайынғы бөліністе келесі өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 10%-ы. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес көмір өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші (көмір разрезі, көмір шахтасы). | ||||
2 | Ауыл шаруашылығы өнімдері | Бидай және меслин | Бидай және меслин | 1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0 |
Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5% - ы. | |
Қант | Қант | 1701 | 60 тонна | |||
Арпа | Арпа | 1003 10 000 0, 1003 90 000 0 |
Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген арпаның нақты мөлшерінің 5%. | |||
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары | Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары | 1201 | 60 тонна | |||
Балғын немесе тоңазытылған картоп | 0701 | 60 тонна | ||||
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы | 5203 00 000 0 | 600 тонна | ||||
3 | Минералды өнімдер | Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер | 2523 | 60 тонна | ||
4 | Мұнай өнімдері | битум | мұнай битумы | 2713 20 000 0 | Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі. | |
автомобиль бензині*** | автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем | 2710 12 413 0 | ||||
автомобиль бензині*** | автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем | 2710 12 450 0 | ||||
автомобиль бензині*** | автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп | 2710 12 490 0 | ||||
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын*** | реактивті қозғалтқыштарға арналған отын | 2710 19 210 0 | ||||
дизель отыны*** | жазғы дизель отыны | 2710 19 421 0 | ||||
дизель отыны*** | қысқы дизель отыны | 2710 19 422 0 | ||||
дизель отыны*** | арктикалық дизель отыны | 2710 19 423 0 | ||||
дизель отыны*** | маусымаралық дизель отыны | 2710 19 424 0 | ||||
дизель отыны*** | өзге дизель отыны | 2710 19 425 0 |
Ескертпе:
* – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;
*** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.