Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 23996 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 391 бұйрығымен
бекітіліген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойыша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 – бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында (бұдан әрі – ТЖМ-ның арнаулы оқу орны) қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;

      2) білім беру порталы – ҚО бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің жүйелік-ұйымдастыру өзара байланысқан жиынтығы;

      3) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;

      4) оқу нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;

      5) цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі – ЦБР) – бұл интерактивтік нысанда оқытуды қамтамасыз ететін оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық үлгілер, виртуалдық болмыс және интерактивтік модельдеу объектілері, дыбыс жазбалары және өзге де сандық оқу материалдары;

      6) цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру;

      7) ілеспе оқыту форматы – білім алушылар ақпарат алатын, онымен өз бетінше немесе топтарда жұмыс істейтін, оны басқа қатысушылармен талқылайтын ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі-АЖ) және басқа да байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде білім беру процесіне қатысушылардың тікелей байланысын (стримингін) көздейтін қашықтықтан оқыту немесе онлайн-оқыту және оқытушылар кез келген жерден барлық уақыттың бірыңғай кезеңінде;

      8) оқытудың асинхронды форматы - білім беру процесіне қатысушылардың, оның ішінде белгілі бір орын мен уақытқа байланбаған Ақпараттық жүйелер мен басқа да байланыс құралдары арқылы өзара іс-қимылын көздейтін қашықтықтан оқыту немесе онлайн-оқыту;

      9) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) - электрондық оқыту технологияларын қолдана отырып және Интернет арқылы ашық қолжетімділікпен жаппай интерактивті қатысумен оқыту курсы;

      10) онлайн прокторинг - шу деңгейін анықтаумен, мультифейсті танумен, бөлмені 360 градус режимінде жазуға сұрау салумен, күдікті оқиғаларды логиялаумен, жазбаның сақталуын, жеке басын тану мен сәйкестендіруді, бас пен дененің қозғалысын талдауды қамтамасыз ететін жеке басын верификациялау және онлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растау жүйесі;

      11) білім алушының цифрлық ізі - бұл LMS (Элэмэс) (оқытуды басқару жүйесі) және (немесе) өзге де платформаларда немесе ақпараттық жүйеде тіркелген Білім беру қызметінің нәтижелері туралы верификацияланған деректер жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ҚО:

      1) қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға;

      2) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, жергілікті атқарушы органдармен төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қатысты болады;

      3) қашықтықтан оқыту форматы бойынша түскен бейіндік бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары (магистратура) бойынша білім алушыларға қатысты болады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      4. Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, жергілікті атқарушы органдармен төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің келісімі бойынша білім алушылар ТЖМ-ның арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен ҚО ауыстырылады.

      5. ТЖМ-ның арнаулы оқу орны білім алушыны (осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) жеке оқу жоспарымен, білім беру бағдарламасын игеру кестесімен қамтамасыз етеді.

      Білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесі ТЖМ арнаулы оқу орнының оқу жоспары негізінде әзірленеді.

      ҚО пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөлімдерін іске асыру кезінде ТЖМ-ның арнаулы оқу орны өз бетінше:

      1) білім алушылардың тұрған жеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөлімдерін толық көлемде меңгеруін қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасының білім беру интернет-порталының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

      2) ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, сонымен қоса қашықтан көрсетілетін жеке және топтық консультациялар нысанында оқу процесін оқу-әдістемелік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

      3) педагогтің білім алушымен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін сабақтар мен ҚО бойынша сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;

      4) білім алушылардың барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі орналасқан ақпараттық жүйеге, электрондық ресурстар мен көздерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      5) білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушылық шешімдер қабылдайды.

      Консультациялар жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады.

      6. ТЖМ арнаулы оқу орнының оқу процесіне жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйесінің;

      2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналарының;

      3) цифрлық білім беру ресурстарының;

      4) бұлтты есептеулер арқылы оқытуды немесе сервисті басқарудың желілік жүйелерінің;

      5) білім алушылар мен тыңдаушылардың жеке басын сәйкестендіруге арналған аутентификация жүйелерінің болуын қамтамасыз етіледі.

      7. ҚО бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін ТЖМ-ның арнаулы оқу орнындағы жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) бекітілген кестеге сәйкес ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің оқытушылары мен қызметкерлерін оқытуды жүргізеді. Оқу өткізілетін күні мен уақыты, орны көрсетілген кестені ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының оқу жұмысына жетекшілік ететін бастықтың орынбасары бекітеді және 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының ақпараттық стендтерінде және интернет-ресурсында орналастырылады;

      2) білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамға жағдай (интернет байланысымен, компьютерлік және мультимедиялық жабдықпен қамтиды) жасайды;

      3) білім алушыларға ақпараттық технологиялар немесе қағаз тасымалдағыштар арқылы оқу материалын жеткізеді;

      4) "on-line" (онлайн) режимінде консультациялар ұйымдастырады және өткізеді;

      5) "off-line" (офлайн) режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;

      6) "on-line" (онлайн), "off-line" (офлайн) режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылайды;

      7) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіреді;

      8) білім алушылардың ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының және серіктестердің электрондық ресурстарына, кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      9) білім алушыларға консультациялық қолдау көрсетуді және білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру, сабаққа қатысу, логиялау процесінде тәртіптің сақталуына қатаң мониторингті, материалдарды зерделеу барысын және тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауды, оның цифрлық ізі арқылы бағалауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ЦБР дайындауды білім беру бағдарламаларына сәйкес оларды әзірлеушілер жүзеге асырады. ЦБР-дің құрылымы мен мазмұнын ТЖМ-ның арнаулы оқу орны дербес айқындайды.

      9. ҚО ЖАОК қолдану арқылы игеру көзделетін пәндерді қоспағанда, оқыту синхронды форматтағы оқу сабақтарын өткізу арқылы іске асырылады.

      Денсаулыққа байланысты уақытша шектеулері бар және арнаулы оқу орнына тұрақты түрде баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға арналған оқу сабақтары (медициналық ұйымдардың және/немесе округтік әскери-дәрігерлік комиссиялардың растайтын құжаттары болған кезде) асинхронды және/немесе синхронды оқыту форматы арқылы және ТЖМ арнаулы оқу орнының шешімі бойынша оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен ұйымдастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференция, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режиміндегі оқудың өзара іс-әрекеті процесін қарастырады.

      Бұл ретте бұрын жазылған бейне лекцияларды пайдалану қарастырылады.

      11. Офлайн режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды өтетін (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта игеру мүмкіндігін және педагогтармен байланыс құралдарын пайдалана отырып қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді) оқудың өзара іс-әрекеті процесін көздейді.

      12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасында көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілетін ТЖМ-ның арнаулы оқу орнында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ҚО қолдана отырып өткізу үшін ТЖМ арнайы оқу орны білім онлайн прокторинг жүйесін қолданады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил организации учебного процесса по дистанционному обучению в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 августа 2021 года № 391. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2021 года № 23996.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 5-1 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации учебного процесса по дистанционному обучению в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан       Ю. Ильин

  Утверждены приказом
Министра по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 10 августа 2021 года № 391

Правила организации учебного процесса по дистанционному обучению в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации учебного процесса по дистанционному обучению в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 5-1 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок организации учебного процесса в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – специальное учебное заведение МЧС) по дистанционному обучению (далее – ДО).

      2. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) дистанционное обучение – обучение, осуществляемое при взаимодействии педагога и обучающихся на расстоянии, в том числе с применением информационно-коммуникационных технологий и телекоммуникационных средств;

      2) образовательный портал – системно-организованная, взаимосвязанная совокупность информационных ресурсов и сервисов Интернет, содержащая административно-академическую и учебно-методическую информацию, позволяющая организовать образовательный процесс по ДО;

      3) мультимедиа – комплекс аппаратных и программных средств, позволяющих пользователю работать с разнородными данными (графикой, текстом, звуком, видео);

      4) результаты обучения – подтвержденный оценкой объем знаний, умений, навыков, приобретенных, демонстрируемых обучающимся по освоению образовательной программы, и сформированные ценности и отношения;

      5) цифровые образовательные ресурсы (далее – ЦОР) – это дидактические материалы по изучаемым дисциплинам и (или) модулям, обеспечивающие обучение в интерактивной форме: фотографии, видеофрагменты, статические и динамические модели, объекты виртуальной реальности и интерактивного моделирования, звукозаписи и иные цифровые учебные материалы;

      6) цифровой контент – информационное наполнение цифровых учебных материалов (тексты, графика, мультимедиа и иное информационно значимое наполнение);

      7) синхронный формат обучения – дистанционное обучение или онлайн-обучение, предполагающее прямую связь (стриминг) участников образовательного процесса в реальном времени, с использованием возможностей информационных систем (далее – ИС) и других средств связи, в котором обучающиеся получают информацию, работать с ней самостоятельно или в группах, обсуждать ее с другими участниками и преподавателями из любого места в единый для всех период времени;

      8) асинхронный формат обучения – дистанционное обучение или онлайн-обучение, предполагающее взаимодействие участников образовательного процесса, в том числе посредством информационных систем и других средств связи, не привязанное к определенному месту и времени;

      9) массовый открытый онлайн-курс (далее – MOOК) – обучающий курс с массовым интерактивным участием, с применением технологий электронного обучения и открытым доступом через Интернет;

      10) онлайн прокторинг – система верификации личности и подтверждения результатов прохождения онлайн-экзаменов, которая обеспечивает сохранение записи, распознавание и идентификация личности, анализ движений головы и тела, с определением уровня шума, распознаванием мультифейса, запроса на запись комнаты в режиме 360 градусов, логирование подозрительных событий;

      11) цифровой след обучающегося – это набор верифицированных данных о результатах образовательной деятельности, зафиксированных на LMS (Элэмэс) (система управления обучением) и (или) иных платформах или информационной системе.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 10.05.2024 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. ДО применяется в отношении:

      1) обучающихся по образовательным программам с сокращенным сроком;

      2) обучающихся по образовательным программам высшего и послевузовского образования в случаях введения чрезвычайного положения, ограничительных мероприятий, в том числе карантина, объявления чрезвычайных ситуаций местными исполнительными органами;

      3) обучающихся по образовательным программам послевузовского образования (магистратура) по профильному направлению, которые поступили по дистанционному формату обучения.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 10.05.2024 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации учебного процесса по дистанционному обучению

      4. В случае введения чрезвычайного положения, ограничительных мероприятий, в том числе карантина, объявления чрезвычайных ситуаций местными исполнительными органами, обучающиеся переводятся на ДО приказом начальника специального учебного заведения МЧС по согласованию с Министерством по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      5. Специальное учебное заведение МЧС обеспечивает обучающемуся (за исключением лиц, указанных в подпункте 2) пункта 3 настоящих Правил) индивидуальный учебный план, график освоения образовательной программы.

      Индивидуальный график освоения образовательной программы разрабатывается на основе учебного плана специального учебного заведения МЧС.

      При реализации образовательных программ или их частей с использованием ДО специальное учебное заведение МЧС самостоятельно:

      1) создает условия для функционирования образовательного интернет-портала информационно-образовательной среды, обеспечивающей освоение обучающимися образовательных программ или их частей в полном объеме независимо от места нахождения обучающихся;

      2) определяет порядок оказания учебно-методического сопровождения учебного процесса, в том числе в форме индивидуальных и групповых консультаций, оказываемых дистанционно с использованием информационных и телекоммуникационных технологий;

      3) определяет соотношение объема занятий, проводимых путем непосредственного взаимодействия педагога с обучающимся, и занятий по ДО;

      4) обеспечивает доступ обучающихся к информационной системе, в которой находится весь учебный, справочный и методический материал, система тестирования, к электронным ресурсам и источникам;

      5) принимает управленческие решения при возникновении обстоятельств, не зависящих от действий участников образовательного процесса.

      Консультации осуществляются в форме индивидуальных и групповых занятий.

      6. Структурное подразделение специального учебного заведения МЧС, ответственное за организацию учебного процесса, обеспечивает наличие:

      1) образовательного портала и/или информационной системы со страницами, содержащими учебно-методическую и организационно-административную информацию для обучающихся;

      2) коммуникационных каналов связи, обеспечивающих подключение к сети Интернет;

      3) цифровых образовательных ресурсов;

      4) сетевых систем управления обучением или сервиса через облачные вычисления;

      5) системы аутентификации для идентификации личности обучающихся и слушателей.

      7. Структурное подразделение специального учебного заведения МЧС, ответственное за организацию учебного процесса по ДО:

      1) проводит обучение преподавателей и сотрудников структурных подразделений специального учебного заведения МЧС согласно утвержденному графику. График с указанием даты и времени, места проведения обучения утверждается заместителем начальника, курирующего учебную работу специального учебного заведения МЧС, и не позднее 3 (трех) рабочих дней размещается на информационных стендах и на интернет-ресурсе специального учебного заведения МЧС;

      2) создает условия (предоставляет интернет-связь, компьютерное и мультимедийное оборудование) сотрудникам и профессорско-преподавательскому составу для разработки и обновления образовательных ресурсов;

      3) доставляет учебный материал обучающимся посредством информационных технологий либо на бумажных носителях;

      4) организует и проводит консультации в режиме "on-line" (онлайн);

      5) организует обратную связь с обучающимися в режиме "off-line" (офлайн);

      6) контролирует учебные достижения обучающихся в режиме "on-line" (онлайн), "off-line" (офлайн);

      7) идентифицирует личности обучающихся посредством системы аутентификации;

      8) обеспечивает доступ обучающихся к электронным ресурсам, библиотекам специального учебного заведения МЧС и партнеров;

      9) обеспечивает консультационную поддержку обучающихся и строгий мониторинг за соблюдением обучающимся дисциплины в процессе освоения образовательной программы, посещаемости, логирования, контроль за ходом изучения материалов и своевременного выполнения заданий, оценивания через его цифровой след.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 10.05.2024 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Подготовка ЦОР осуществляется их разработчиками в соответствии с образовательной программой. Структура и содержание ЦОР определяется специальным учебным заведением МЧС самостоятельно.

      9. ДО реализуется посредством проведения учебных занятий синхронного формата обучения, за исключением дисциплин, освоение которых предусматривается с применением МООК.

      Учебные занятия для лиц, имеющих временные ограничения, связанные со здоровьем и не имеющих возможности регулярно посещать специальное учебное заведение (при наличии подтверждающих документов медицинских организаций и/или окружных военно-врачебных комиссий), организуются посредством асинхронного и/или синхронного формата обучения и путем самостоятельного освоения учебных материалов по решению специального учебного заведения МЧС.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 10.05.2024 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Учебные занятия в режиме онлайн предусматривают процесс учебного взаимодействия в режиме реального времени с применением цифровых технологий (вебинары, видеоконференции, обмен сообщениями по сети Интернет).

      При этом предусматривается использование ранее записанных видеолекций.

      11. Учебные занятия в режиме офлайн предусматривают процесс учебного взаимодействия, при котором общение преподавателя и обучаемого проходит асинхронно (обеспечивает обучающемуся возможность освоения учебного материала в любое удобное для него время и общение с педагогами с использованием средств связи).

      12. Текущий контроль успеваемости, промежуточная и итоговая аттестация для обучающихся по образовательным программам высшего и послевузовского образования, в том числе по образовательным программам с сокращенным сроком обучения, осуществляется в соответствии с Правилами проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся специального учебного заведения МЧС, утверждаемые приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в соответствии с компетенцией, предусмотренной подпунктом 5) статьи 5-1 Закона Республики Казахстан "Об образовании".

      13. Для проведения промежуточной и итоговой аттестации обучающихся с использованием ДО, специальное учебное заведение МЧС применяет систему онлайн прокторинга.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции приказа и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 10.05.2024 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).