ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 115) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 10 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген |
Нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралынұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 115) тармақшасына сәйкес әзірленген және нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген,оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жүк көтергіш машиналарды зерттеп-қарауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықта келесі терминдер қолданылады:
1) ағымдағы жөндеу – жүк көтергіш машинаның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерін ауыстыру және (немесе) жөндеу арқылы ақаулықты жоюдан құралатын жұмыстар;
2) ақаулы жай-күй – жүк көтергіш машина нормативтік-техникалық және (немесе) дайындаушы зауыттың конструкторлық (жобалық) құжаттамасы талаптарының ең болмағанда біреуіне сәйкес келмейтін жай-күй;
3) ақау – жүк көтергіш машинаның немесе тораптың, элементтің дайындаушы зауыттың паспортында, жұмыс немесе нормативтік-техникалық құжаттамада келтірілген талаптарға әрбірінің жеке сәйкес келмеуі;
4) бастапқы тексеру – жүк көтергіш машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі өткеннен кейін жүргізілетін тексеру;
5) ақаусыз жай-күй – жүк көтергіш машинаны пайдалану нормативтік-техникалық және (немесе) дайындаушы зауыттың конструкторлық (жобалық) құжаттамасыныңталаптарына сәйкес келетін жай-күй;
6) жөндеу – жүк көтергіш машинаның ақаусыздығын немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру және (немесе) жүк көтергіш машинаның немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерінің ресурсын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
7) жұмысқа қабілетті жай-күй – берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) дайындаушы зауыттың конструкторлық (жобалық) құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін жүк көтергіш машинаның жай-күйі;
8) жұмысқа жарамсыз жай-күй – жүк көтергіш машинаның берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын ең болмағанда бір параметрдің мәні нормативтік-техникалық және (немесе) дайындаушы зауыттың конструкторлық (жобалық) құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін жай-күйі;
9) қайталама тексеру – алдыңғы тексеру нәтижелері бойынша белгіленген мерзім өткеннен кейін жүргізілетін тексеру;
10) қалдық ресурс – шаршау өлшемшарттары бойынша жүк көтергіш машинаның негізгі бөліктерінің (көтергіш металл конструкцияларының) шекті жай-күйіне жеткенге дейінгі жұмыс көлемінің есептік шамасы (тексеру жүргізілген сәттен бастап);
11) кезектен тыс тексеру – одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін қатер төндіретін елеулі ақаулар немесе ақаулықтар (немесе осы ақаулықтардың пайда болу белгілері) туындаған кезде жүргізілетін тексеру;
12) күрделі-қалпына келтіру жөндеу (қайта жаңарту) – ақауларды анықтау, оларды жою және жүк көтергіш машинаның ресурсын қалпына келтіру үшін қажетті демонтаждау мен бөлшектеуден кейін келесі тексеруге дейін орындалатын, қызмет ету мерзімі өткен жүк көтергіш машинаны жөндеу;
13) пайдалану – жүк көтергіш машинаның есептен шығарылғанға дейінгі өмірлік циклінің сатысы, онда оның сапасы өткізіледі, сақталады және қалпына келтіріледі және ол жүк көтергіш машинаны мақсаты бойынша пайдалануды, тасымалдауды, сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді, монтаждауды (бөлшектеуді) және жөндеуді қамтиды;
14) пайдалану құжаттамасы – паспортты, техникалық сипаттаманы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, монтаждау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын, дайындаушы зауыт жүк көтергіш машинамен бірге жеткізетін техникалық құжаттама (жалпы конструкторлық немесе жобалау құжаттамасының бір бөлігі);
15) тексеру – белгілі бір кезеңге одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттарын айқындау мақсатында нормативтік қызмет мерзімі өткен жүк көтергіш машиналарды техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстар кешені;
16) толық жиынтықталған жөндеу – жүк көтергіш машинаның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында оны тексеру актісінде белгіленген ақауларды жою мақсатында жүк көтергіш машинаны бөлшектемей орындалатын, қызмет ету мерзімі өткен жүк көтергіш машинаны жөндеу;
17) шекті жай-күй өлшемшарты – нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалық) құжаттамада белгіленген жүк көтергіш машинаның шекті жай-күйі белгісі немесе белгілерінің жиынтығы.
2-тарау. Тексерудің түрлері мен мерзімділігі
3. Жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында тексеру нормативтік пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек.
4. Нормативтік мерзімі өткен жүк көтергіш машиналарды тексерудің келесі түрлері қарастырылған: бастапқы;қайталама;кезектен тыс.
Нормативтік қызмет ету мерзімі өткен жүк көтергіш машиналарды бастапқы тексеру дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет ету мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
Жүк көтергіш машиналарды қайталама тексеруді осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес зерттеп-қарау актісінде (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) зерттеп-қарауды жүргізген ұйым белгілеген мерзімде жүргізеді.
Кезектен тыс тексеру жүк көтергіш машинаның қызмет ету мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады.
5. Қайталама тексеру саны жүк көтергіш машинаның типімен, мақсатымен және пайдалану жағдайымен және оның техникалық жай-күйіменанықталады.
6. Қызмет ету мерзімі ұзартылатын кезең осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізілген тексеру нәтижесінде белгіленген жүк көтергіш машинаның нақты жай-күйі бойынша белгіленеді және үш жылдан аспайды.
3-тарау. Зерттеп-қарауды ұйымдастыру
7. Нормативтік қызмет мерзімі өткен жүк көтергіш машиналар "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 72-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу құқығына және тексерілетін жүк көтергіш машинаның иесі-ұйымға тәуелсіз аттестатталған ұйымдардың қызмет мерзімін ұзарту тұрғысынан тексеруден өтеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.8. Тексеругежұмыс күйіндегі жүк көтергіш машиналаржатқызылады. Жұмыс істемейтін күйдегі жүк көтергіш машинаға тексеру жүргізуге, кейіннентексеруді аяқтап, оны жұмыс жағдайына келтіргеннен кейін сынақ жүргізуге рұқсат етіледі.
9. Қызмет ету мерзімін ұзарту мәніне тексеруді жүк көтергіш машинаны қайта монтаждаумен, ағымдағы жөндеу жүргізумен немесе техникалық куәландырумен (жебелі өздігінен жүретін крандар үшін – техникалық байқаумен) біріктіру қажет.
10. Нормативтік қызмет мерзімі өткен жүк көтергіш машиналарды бастапқы, қайталама немесе кезектен тыс тексеруге беру пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы тексеру жүргізу мерзімін, тексеру жүргізетін ұйымның атауын, берілген жүк көтергіш машиналар (типі, маркасы, зауыттық нөмірі, тіркеу нөмірі) туралы мәліметтерді, тексеру жүргізуге дайындық жөніндегі жауапты адамдарды және олардың міндеттерін көрсете отырып, өкіммен (бұйрықпен) ресімделеді.
11. Тексеру жүргізетін ұйым нақты тапсырыс берушінің жүк көтергіш машиналарын тексеру жөніндегі комиссия құрамын тағайындау туралы өкім (бұйрық) шығарады, өкімде (бұйрықта) тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы мен мүшелері, жүк көтергіш машиналарды тексеру туралы шарттың нөмірі мен күні, тексеру жүргізу кезеңі, жүк көтергіш машиналардың иесі – ұйымның атауы және олардың орналасқан жері, берілген жүк көтергіш машиналар (типі, маркасы, зауыттық нөмірі, тіркеу нөмірі), тексеру жүргізуге дайындық жөніндегі жауапты адамдар мен олардың міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі. Комиссияның ең аз құрамы – 3 адам.
12. Жүк көтергіш машинаның иесі тексеру жүргізу кезеңіне жауапты краншыны (машинисті, операторды) бөледі және мыналарды:
жүк көтергіш машинаны, сынақ жүктерін;
металл конструкциялар мен механизмдерді биіктікте тексеруге арналған жабдықты (қажет болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес ресімделген кран жолын пайдалануға тапсыру-қабылдау актісін және жолдарды нивелирлеудің алдыңғы актісін (жербеті немесе жерүсті рельстік жолдармен қозғалатын жүк көтергіш машиналар үшін);
оқшаулау және жерге қосу кедергісін тексеру актісін (қажет болған жағдайда). Оқшаулау кедергісін тексеруге қойылатын талаптар "Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10889 болып тіркелген) айқындалады;
жүк көтергіш машина бойынша пайдалану құжаттамасын;
жүргізілген жөндеу (реконструкциялау) жобасын, сондай-ақ егер бұл жұмыстар жүргізілген болса, жөндеу (реконструкциялау) жүргізу кезінде пайдаланылған металдың сертификаттарын;
жүк көтергіш машинамен орындалатын жұмыстардың сипаты туралы еркін нысандағы анықтаманы;
Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу туралы жазбалары бар техникалық қызмет көрсету журналын (немесе вахталық журналды);
одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындымен (қайталама және (немесе) кезектен тыс тексерген жағдайда) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы алдыңғы актіні тексеруге дайындайды.
13. Жүк көтергіш машиналарды тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және зерттелетін жүк көтергіш машина пайдаланылатын кәсіпорынның қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарға толық сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
14. Тексерулерді дайындау және жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүк көтергіш машина иесі кәсіпорынның әкімшілігі әрбір нақты жағдайда жұмыстың нақты көлемін, жүк көтергіш машинаның және оның жұмыс аймағының ерекшелігін ескере отырып, крандарды тексеру кезінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларды (іс-шараларды, нұсқаулықтарды) әзірлейді, сондай-ақ тексеру жүргізуді ұйымдастыруға қатысуға тартылатын өз мамандарының тәртібін айқындайды.
15. Жүк көтергіш машинаны найзағайда, қар жауғанда, көктайғақта, тұманда, қатты жаңбырда, тәуліктің қараңғы уақытында ашық ауада тексеру бойынша жұмысқа, сондай-ақ секундына 10 метр астам жел кезінде биіктікте тексеру бойынша жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
4-тарау. Тексеру кезіндегі негізгі жұмыстар
16. Жүк көтергіш машиналарды тексеруге келесі жұмыс түрлері кіреді:
нақты тапсырыс берушінің жүк көтергіш машиналарын тексеру жөніндегі комиссия құрамын тағайындау туралы өкім (бұйрық) шығару;
осы Нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес иесі ұсынған жүк көтергіш машинаның құжаттамасымен танысу;
металл конструкцияларының жай-күйін тексеру;
механизмдердің, арқан-бұғат жүйесінің және басқа тораптардың жай-күйін тексеру;
электр және гидроқұрылғылардың жай-күйін тексеру;
қауіпсіздікқұрылғылары мен аспаптарының жай-күйін тексеру;
рельс жолдарының жай-күйін тексеру (рельстер бойынша қозғалатын крандар мен арбалар үшін);
металл конструкцияларының көтергіш элементтері металының химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін тексеру;
ақаулар ведомосін жасау;
жүк көтергіш машинаның статикалық және динамикалық сынақтарынжүргізу;
қалдық ресурсты бағалау;
тексеру нәтижелерін ресімдеу.
Ескертпелер:
металдың химиялық құрамын, механикалық қасиеттерін тексеру және қалдық ресурсын бағалау бойынша жұмыстар осы Нұсқаулықтың 11 және 14 -тарауында көзделген жағдайларда ғана орындалады;
кезектен тыс тексеру жүргізу кезінде осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілген жұмыстар көлемінің қысқаруын комиссия осы тексеруді жүргізу қажеттілігін туындатқан жүк көтергіш машина элементтерінің жай-күйін тексеруді ескере отырып айқындайды;
крандарды және олардың жабдықтарын тексеру, сынау кезінде өлшеу дәлдігі "Жүк көтергіш крандар. Сынау кезінде параметрлерді өлшеу дәлдігіне қойылатын талаптар" МЕМСТ 29266-91 талаптарына сәйкес келетін сынақ жүктемелерін, қашықтықты, уақытты және басқа ұқсас параметрлерді өлшеу құралдары мен жүйелері қолданылады;
бақылау және сынау әдістерін таңдау кезінде "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" "Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген жүк көтергіш машинаның пайдалану құжаттамасының талаптары мен стандарттарын басшылыққа алынады. Бақылаудың бұзылмайтын әдістері "Бұзылмайтын бақылау. Түрлер мен әдістердің жіктелуі" МЕМСТ 18353-79 (бұдан әрі – МЕМСТ 18353-79) бекітілген жіктелулерге сәйкес іріктелінеді.
5-тарау. Құжаттамамен танысу
17. Процесінде тексеру жүргізетін комиссия қолданыстағы пайдалану құжаттамасымен, жүк көтергіш машинаны жөндеу немесе қайта жаңарту кезінде орындалған сызбалармен және есептермен (бар болса), пайдаланылған болат маркаларына арналған сертификаттармен, сондай-ақ нақты жүк көтергіш машина үшін толтырылатын жүк көтергіш машина орындайтын жұмыстардың сипаты туралы анықтамамен, соңғы толық техникалық куәландыру материалдарымен танысады.
Комиссия бір уақытта рельс жолдарының құжаттамасымен танысады (рельстер бойынша қозғалатын крандар мен арбалар үшін).
18. Құжаттаманы (жүк көтергіш машина конструкциясының сызбаларын) зерделеу процесінде тексерудің жұмыс картасы жасалады. Оны толтыру нысаны мен үлгісі осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген. Тексерудің жұмыс картасына жүк көтергіш машинаны пайдалану кезінде бұзылуы мүмкін барлық тораптар, қосылыстар мен элементтер енгізіледі.
Жұмыс картасы тексеру кезіндегі комиссияның әдістемелік құжаты болып табылады және тексеру аяқталғаннан кейін жүк көтергіш машинаның иесіне берілетін жұмыстарды ұйымдастыру және құжаттардың түпкілікті пакетін жасау үшін ғана пайдаланылады.
6-тарау. Металл конструкцияларының жай-күйін тексеру
19. Жүк көтергіш машинаның металл конструкцияларын тексеру келесі кезеңдерді қамтиды:
металл конструкциялардың көтергіш элементтерін сыртқы тексеру;
металл конструкцияларының элементтерін бұзбайтын бақылау түрлерінің бірімен тексеру;
металл конструкциялары элементтерінің (дәнекерленген, бұрандалы, топсалы) қосылыстарының сапасын тексеру;
арқалықтардың, жебелердің, фермалардың және жекелеген зақымдалған элементтердің қалдық деформацияларын өлшеу;
металл конструкциялардың көтергіш элементтерінің коррозия дәрежесін бағалау.
20. Тексеру алдында металл конструкциялары, әсіресе олардың зақымдануы мүмкін жерлерде, кірден, коррозиядан, қардан, артық ылғал мен майдан тазартылады.
21. Сыртқы тексеру қарапайым оптикалық құралдарды (10 еселік лупа) және тасымалды жарық көздерін қолдана отырып жүргізіледі, бұл ретте зақымданулардың пайда болуы мүмкін келесі орындарға ерекше назар аударылады:
қималардың күрт өзгеру учаскелеріне;
кілттік немесе шлицті ойықтармен кесілген, сондай-ақ ойығы кесілген учаскелерге;
орнату және тасымалдау кезінде зақымдалған немесе соққыға ұшыраған жерлерге;
жұмыс кезінде айтарлықтай кернеулер, коррозия немесе тозу пайда болатын жерлерге;
жөндеу дәнекерлеу тігістері бар учаскелерге.
22. Сыртқы тексеруді жүргізу кезінде мынадай ақаулардың болуына тексеру жүргізіледі:
бояудың қабыршықтануы, жергілікті коррозия, тоттың ақауы негізгі металдағы, дәнекерленген жіктер мен жапсарлас аймақтағы жарықшақтардың болуының жанама белгілері болып табылады;
механикалық зақымдану;
негізгі металдың қатпарлануы;
жөндеу дәнекерлеу қосылыстарының сапасыз орындалуы;
топсалы қосылыстардың люфттері, бұрандалы және тойтармалы қосылыстардың босаңсуы.
23. Металл конструкцияда немесе дәнекерленген тігісте жарықтардың болу белгілері анықталған кезде күдікті орындарды бұзбайтын бақылау түрлерінің бірімен қосымша тексеруге жібереді.
Бұзбайтын бақылаудың әртүрлі түрлерін орындаудың техникалық құралдары мен әдістемелерін таңдауды жүк көтергіш машинаның нормативтік техникалық құжаттамасының талаптары негізінде тексеру жүргізетін комиссия айқындайды.
24. Металл конструкцияның механикалық зақымданулары (майысулар, иілулер, үзіктер) анықталған кезде олардың өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі немесе тереңдігі) өлшенеді. Содан кейін зақымдану өлшемдері осы типтегі жүк көтергіш машинаның металл құрылымы үшін осындай ақаудың шекті өлшемдерімен салыстырылады және егер нормативтік мәндер асып кетсе, ақаулар туралы мәлімдемеде түзету керек.
25. Металлдың қатпарлануы анықталған кезде (мысалы, арқалық металл конструкциялары белдіктерінің сыртқы беттерінде немесе олардың ультрадыбыстық қалыңдығын өлшеу кезінде) ультрадыбыстық әдістермен парақтың ауданы бойынша ақаудың таралу аймағы анықталады.
26. Тойтарма және бұрандалы қосылыстардың жай-күйін бақылауды көзбен және балғамен қағу арқылы жүзеге асырылады. Тойтарманың (бұранданың) әлсіреуін соққының дыбысымен және балғаның серпілу сипатымен анықтауға болады.
Тойтарманы тексеруді екі балғамен жүргізеді: біреуі сыртқы басына соққы жасайды, ал екіншісі тойтарманың қарама-қарсы басына басылады. Егер тойтармалар жұқарған болса, онда бірінші балғамен соғылған кезде екінші балғаның күрт серпілісі болады.
Бұрандалы қосылыстарда көзбен бақылау кезінде қосылыстағы бұрандалардың жобалық санының болуы, сондай-ақ олардың айқын ақаулары (жарықтар, мыжулар, бастың бөлінуі) анықталады.
Кәдімгі бұрандалы қосылыстарды көзбен бақылау кезінде серіппелі шайбалардың жай-күйі тексеріледі, олардың тартылуы тексеріледі.
Пайдалану құжаттамасында тарту күші көрсетілген беріктігі жоғары және бұрандалардың басқа түрлерінде тарту күші қосымша бақыланады.
Әрбір қосылыстағы бақыланатын бұрандалардың саны нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес белгіленеді. Бақыланатын бұрандаларда ақаулар анықталған кезде барлық қосылыстардағы осы түрдегі бұрандаларды тексеру қажет.
27. Металл конструкцияның (осьтердің, саусақтардың) жалғаушы элементтерін бақылау оларды бекітетін элементтердің жай-күйін тексеруден басталады. Тіркейтін элементтердің қосылыста осьтік немесе айналмалы күш-жігердің бар екендігін куәландыратын зақымданулары анықталған кезде осьті (саусақты) бөлшектейді және өлшейді. Осындай тексеру және өлшеу осьтің қондырмалы орнында да жүргізіледі.
Топсалы қосылыстарда люфтердің болуын жүк көтергіш машинаны пайдалану процесінде өзіне тән белгілері (дүмпулер, өткір соққылар, шайқалыстар) бойынша алдын ала көзбен шолып анықтайды.
Өзіне тән белгілер болған кезде люфтты нақты сандық бағалауды және оның рұқсат етілуін бөлшектелген топсалы қосылысты өлшеуді орындаумен белгілейді.
28. Арқалықтардың, жебелердің, фермалардың қалдық деформацияларын өлшеу және металл конструкциялары элементтерінің коррозия дәрежесін бағалау нақты жүк көтергіш машинаға арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың ұсынымдарына сәйкес орындалады.
7-тарау. Механизмдердің, арқан-блоктық жүйелердің және басқа түйіндердің жай-күйін тексеру
29. Механизмдердің, арқанды-блоктық жүйелердің және басқа түйіндердің жай-күйін тексеру бойынша жұмыстарға келесілер жатады:
жалпы жай-күйін, жұмысқа қабілеттілігін және одан әрі өлшеулер жүргізу қажеттілігін талдау мақсатында сыртқы қарап тексеру;
қажетті өлшеулерді жүргізу.
30. Тексеру алдында механизмдер мен тексерілетін жүк көтергіш машинаның басқа бөлшектері кірден, коррозиядан, қардан, артық ылғалдан және майлаудан тазартылады.
31. Сыртқы тексеруді жүргізу кезінде осы Нұсқаулықтың 22-тармағында көрсетілген ақаулардың болуына тексеру жүргізіледі.
32. Сыртқы тексеру кезінде:
барлық механизмдердің жалпы жай-күйі және олардың жеке тораптары мен бөлшектерінің зақымдануының болуы;
деформацияның, коррозияның болмауы және оларды жою қажеттілігі;
бәсеңдеткіштерден майдың ағып кетуінің болмауы;
бекіту механизмдерінің элементтерін қатайту сапасы;
механизмдер тораптарын (мысалы, қозғалыс механизмінің тежегіштерінің) реттеудің пайдалану және дайындаушы зауыттың нормативтік құжаттамасының талаптарына сәйкестігі анықталады.
Қарап-тексеру кезінде механизмдерді бөлшектеу қажеттілігін зерттеп-қарауды жүргізетін комиссиясы айқындайды.
33. Сыртқы тексеру нәтижесінде анықталған шекті зиянға жақын зақымданулар өлшенеді.
Өлшеу нәтижесі, мысалы, тозу арқылы, тозу іс жүзінде жоқ өлшеммен немесе сызбада көрсетілген өлшеммен салыстырылады.
34. Бәсеңдеткіштердің тістерінің және тісті берілістерінің тістерінің тозуын және боялу дәрежесін өлшеу қажеттілігі механизмнің жұмысы кезінде жоғары шудың пайда болуымен және (немесе) корпустың қыздыру температурасының жоғарылауымен анықталды.
Бәсеңдеткіштерде майлаудың бар-жоғы зондтың, май көрсететін тығындардың, көздердің көмегімен не қақпақтағы люк арқылы тексеру арқылы тексеріледі.
35. Тісті берілістің тозуы және тістердің боялуы бойынша жарамсыздық өлшемдері оның мақсаты мен типіне қарай анықталады.
Тістің түбінде, шабақтарда немесе күпшектерде жарықтары бар тісті дөңгелектер, сондай-ақ механизмді бөлшектеу кезінде анықталатын тәждің қондырмасы жұқарған кезде жарамсыз болып табылады.
36. Мойынтіректердің жай-күйін олардың отырғызылатын орындарынаерекше шу естілгенде және (немесе) жоғары қызу болған кезде тексеріледі.
Егер ақаулардың көрсетілген белгілері анықталса, механизмді ішінара бөлшектеу керек.
Келесі ақаулар болған жағдайда, мойынтіректер істен шығады:
кез келген жерде түстердің құбылуы;
кезкелген мөлшердегі және орналасатын чиптер мен жарықтар;
айналдыру жолдарындағы шарлардың немесе роликтердің іздері;
шарлардағы, роликтердегі немесе сақиналарды домалау жолдарындағы қажу бояуының қабыршақтануы немесе шаршау шұңқырлары;
мойынтіректің бірқалыпты айналуына кедергі келтіретін сепаратордағы кенжарлар мен майысулар;
тозу салдарынан радиалды немесе осьтік саңылаудың рұқсат етілмеген ұлғаюы.
37. Механизмдер мен басқа да тораптардың бекітілу жай-күйін тексеру нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс процесінде жүзеге асырылады.
38. Арқандар, блоктар, барабандар мен ілгектер жүк көтергіш машинаның пайдалану құжаттамасында белгіленген өлшемдерге сәйкес жарамсыз болады. Дайындаушы зауыт белгілеген ақаулау нормалары болмаған кезде – Қағидалардың 8, 17 және 18-қосымшаларына сәйкес.
Салмақ түсетін және темірлі арқандарды нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған әдістемелер бойынша бұзбайтын бақылау тәсілдерінің бірімен тексеруге жатады.
Жүк көтергіш машиналардың өзге элементтерін жарамсыз етудің шекті нормалары нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттамада келтірілген.
8-тарау. Электр және гидрожабдықтардың жай-күйін тексеру
39. Электр жабдықтарының жай-күйін тексеру:
жерге қосу элементтерін тексеруді;
электр жабдықтарын сыртқы тексеру және жұмыс қабілеттілігін талдау үшін қажетті өлшеулерді (тексерулерді) жүргізуді;
орнатылған электр жабдығының пайдалану құжаттамасына сәйкестігін бағалауды;
электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін бақылауды тексеру қамтиды.
40. Электр жабдығын сыртқы тексеру механикалық кептелістердің болмауын бақылау үшін қолмен жұмыс істеу имитациясы арқылы оның элементтерінің іс-әрекетін тексерумен бір мезгілде жүргізіледі. Сыртқы тексеру электр жабдығының жеке тораптары бойынша жүйелі түрде жүргізіледі, бұл ретте:
электр қозғалтқыштары;
басқару панелі;
іске қосу резисторлары;
басқару пульті және монтаждау пульті;
тежегіш электромагниттер және электр гидравликалық итергіштердің электр қозғалтқыштары;
кабельдер, сымдар, электр жабдықтарының элементтері тексеріледі.
Сыртқы тексеру кезінде орындалатын жұмыстардың тізімі жүк көтергіш машинаның нақты түріне, электр жетегінің түріне және электр тогының түріне байланысты және нақты жүк көтергіш машинаның нормативтік-техникалық құжаттамасымен анықталады.
41. Электр жабдығының жұмысқа қабілеттілігін бақылау электр сызбасына сәйкес барлық механизмдердің жұмыс істеуін, оның ішінде аппараттарды позициялар бойынша белгілей отырып, оларды ауыстырып қосудың тегістігін, тетіктердің іске қосылуы мен тежелуінің тегістігін, электр жүйелерін қосу-ажыратудың тоқтаусыз жұмыс істеуін тексерумен негізделеді.
42. Гидравликалық жабдықты тексеру:
жұмыс кезінде сұйықтықтың сыртқы ағып кетуін, корпустардың жарықтарын, жоғары шуды, жылытуды, бекітпелердің әлсіреуін және дірілді анықтау үшін гидравликалық жүйе объектілерін сыртқы тексеруді;
жұмыс сұйықтығын ластануға және тұтқырлыққа бақылауды (қажет болған жағдайда);
ластанудың штаттық көрсеткіштері бойынша сүзгілердің жай-күйін тексеруді;
сорғыларды, гидравликалық моторларды және гидравликалық цилиндрлерді тексеруді (қажет болған жағдайда);
сақтандыру клапандарының күйге келтірілуін тексеруді(қажет болған жағдайда) қамтиды.
9-тарау. Қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларының жай-күйін тексеру
43. Жүк көтергіш машиналардың қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларын тексеру:
қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларын сыртқы тексеру;
олардың жұмысқа жарамдылығын бақылаулық тексеру жұмыстарын қамтиды.
44. Қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларын сыртқы тексеру кезінде:
аспаптардың болуын және олардың паспорттық деректерге сәйкестігін;
МЕМСТ 29266-91 талаптарының негізінде Кранның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін параметрлерді бақылау үшін пайдаланылатын тексеру таңбасы бедерінің немесе өлшеу құралын тексеру туралы сертификаттың болуын;
Қағидалар талаптарына сәйкес аспаптардың электрондық (релелік) блоктарында пломбалардың болуын тексеру қажет.
45. Жұмыс қабілеттілігін бақылап тексеру:
іске қосылудың сенімділігін және жүк көтергіштікті шектегіштердің индикаторлар көрсеткіштерінің нормативтік деректерге сәйкестігін;
жүктің, арбаның, кранның қозғалысын шектейтін шеткі ажыратқыштардың жұмысын;
жүк көтергіш машинада орнатылған және оның паспортында келтірілген блоктау жүйелерінің жұмысын және қорғаныстың іске қосылуын;
бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дәлдігін тексеруді қамтиды.
46. Нақты қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларын тексеру әдістері нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленеді.
10-тарау. Рельс жолдарының(рельс жолдарымен қозғалатын крандар мен арбаларға арналған)жай-күйін тексеру
47. Рельс жолдарының жай-күйін кешенді тексеру:
рельс жолын салу жөніндегі құжаттамамен, нивелирлеу актісімен және рельс жолын жерге қосу кедергісін тексеру актісімен танысу;
рельс жолының үлгілік жобаға немесе пайдалану құжаттамасына сәйкестігін тексеру;
рельсті жолдармен қозғалатын нақты жүк көтергіш машина үшін пайдалану құжаттамасында және нормативтік-техникалық құжаттамада келтірілген нормалармен салыстыру және өлшеулер жүргізу, жерге қосуды қоса алғанда, жолдың барлық элементтерінің жай-күйін сыртқы тексеру;
дайындаушы зауыттың пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жолдардың ауытқулары нормативтерге сәйкес келмеген кезде түзету бойынша ұсынымдар бере отырып нивелирлеу жүргізу;
рельс жолдарының жоғарғы және төменгі құрылысының жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау;
кран асты арқалықтарының және көтергіш құрылыс конструкцияларының (жерүсті рельс жолдарымен қозғалатын жүк көтергіш машиналар үшін) жалпы жай-күйін бағалау бойынша орындау жұмыстарын жұмыстарын қамтиды.
48. Рельс жолдары сапасының төмендігі және оларға тиісті күтімнің болмауы кранды келесі тексеруге дейін комиссия тағайындаған мерзімді төмендету немесе қызмет мерзімін ұзартудан бас тарту негіздерінің бірі бола алады.
11-тарау. Металл конструкцияларының көтергіш элементтері металының химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін тексеру
49. Металдың химиялық құрамын және (немесе) механикалық қасиеттерін айқындау қажеттілігі мынадай жағдайларда туындайды:
егер жүк көтергіш машинаның паспортында жөндеу кезінде металл конструкцияларының салмақ түсетін элементтері жасалған металл туралы деректер болмаса;
агрессивті орта жағдайында жүк көтергіш машинаның жұмысы кезінде;
кезектен тыс тексеру кезінде (қажет болған жағдайда);
егер жүк көтергіш машинаның паспортында болат маркасы көрсетілген элементтер ауыстырылған кезде жүк көтергіш машина жөндеуге және (немесе) реконструкциялауға ұшыраса, таңдалған материалдарға күмән туған кезде.
50. Паспорт жоғалған жағдайда металдың химиялық құрамын тексеру және механикалық қасиеттерін талдау үшін сынамаларды алу қажеттілігі мен тәртібі нақты жүк көтергіш машина үшін нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес айқындалады.
12-тарау. Ақаулар ведомосін құру
51. Жүк көтергіш машиналарды, олардың металл конструкцияларын, механизмдерін және жекелеген тораптарын тексеру нәтижелері бойынша анықталған ақаулар нысаны осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген ақаулар ведомосіне (бұдан әрі – ақаулар ведомосі) енгізіледі.
Анықталған ақаулар өлшем құралдарының көмегімен расталған жағдайда, "Ақауды сипаттау" бағанына Қағидаларға немесе нормативтік-техникалық талаптарға (өлшенетін параметрді регламенттейтін тиісті стандарттарға) сәйкес өлшенетін шаманың нақты сандық мәндері және осы көрсеткіштің рұқсат етілген мәндері енгізіледі.
Ақаулардың ведомосі жүк көтергіш машинаның иесіне беріледі.
52. Ақаулар туралы есеп жүк көтергіш машинаны жөндеуге жіберуге арналған ресми құжат болып табылады.
13-тарау. Көтергіш машинаның статикалық және динамикалық сынақтарын өткізу
53. Көтергіш машинаның статикалық және динамикалық сынақтары пайдалану құжаттамасында жазылған нұсқауларға сәйкес орындалады.
Пайдалану құжаттамасында сынақтар туралы нұсқаулар болмаған кезде статикалық және динамикалық сынақтарды кәсіпорынның-иесінің жүк көтергіш машинасын қауіпсіз пайдалануды қадағалау жөніндегі инженерлік-техникалық қызметкердің қатысуымен комиссия орындайды.
54. Сынақтар жүргізу кезіндегі жүктемелердің шамалары нақты жүк көтергіш машина үшін дайындаушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
55. Жүк көтергіш машина комиссия анықтаған ақауларды жойғаннан және оны жұмысқа қабілетті күйге ауыстырғаннан кейін ғана статикалық және динамикалық сынақтарға ұшырайды.
14-тарау. Қалдық ресурсын бағалау
56. Жүк көтергіш машиналардың металл конструкцияларының қалдық ресурсын бағалау:
көтергіш машинаның металл конструкциялары қарқынды коррозиялық тозған кезде орындау керек. Металдың коррозия дәрежесін бағалау ГОСТ 9.407-2015 "Коррозиядан және қартаюдан қорғаудың бірыңғай жүйесі (КҚҚБЖ) сәйкес жүзеге асырылады. Лак-бояу жабыны. Сыртқы түрін бағалау әдісі";
көптеген жарықтар, әсіресе, бұрын жөндеуден өткен түйіндерде анықталған кезде;
жүк көтергіш машинаны ауыстырғанға (есептен шығарғанға) дейін болжамды мерзімді бағалау үшін иесінің өтініші бойынша орындау керек.
57. Нақты үлгідегі жүк көтергіш машиналардың қалдық ресурсын бағалау дайындаушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бағалаудың базалық тұжырымдамасы ретінде техникалық жай-күйі бойынша қауіпсіз пайдалану қағидатына негізделген тәсіл пайдаланылады, оған сәйкес жүк көтергіш машинаның техникалық жай-күйін бағалау нормативтік және конструкторлық құжаттамаға сәйкес оның сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін техникалық жай-күй параметрлері бойынша, ал қалдық ресурс – техникалық жай-күй параметрлері бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық жағдайдың анықтайтын параметрлері ретінде өзгеруі (жеке немесе белгілі бір жиынтықта) жүк көтергіш машинаны жұмысқа жарамсыз, ақаулы немесе шекті күйге келтіруі мүмкін параметрлер қабылданады.
58. Қалдық ресурсты бағалауды орындау үшін бастапқы деректер:
осы Нұсқаулыққа сәйкес жүк көтергіш машинаны тексеру нәтижелері;
жүк көтергіш машинаны пайдаланудың барлық мерзімінде оны пайдалануды сипаттайтын деректер (айналымдар саны, тасымалданатын жүктерді масса бойынша бөлу, ортаның агрессиялық дәрежесі);
қалдық ресурсты бағалауды орындау сәтіндегі металл конструкцияларының есептік элементтері металының химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері туралы деректер;
жүк көтергіш машинаның металл конструкциясын есептеу (бар болса);
нақты коррозияны ескере отырып металл конструкцияның есептік элементтерінің геометриясы туралы деректер;
қалдық ресурсты бағалау бойынша, осы үлгідегі металл конструкцияларын есептеу бойынша нормативтік құжаттар;
бағаланатын металл конструкцияларды тензометрлеу нәтижелері (қажет болған жағдайда) болып табылады.
59. Қалдық ресурсты бағалау нәтижелері жүк көтергіш машинаның иесіне берілетін есеп түрінде ресімделеді.
Есеп одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттары туралы қорытындыны қамтиды (қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау тізбесін көрсете отырып).
15-тарау. Тексеру нәтижелерін ресімдеу
60. Сынақтар жүргізілгеннен кейін жүк көтергіш машинаны тексеру нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісімен ресімделеді.
Кезектен тыс сараптама жүргізілген жағдайда акт еркін нысанда жасалады. Актіге кезектен тыс емтиханның себептері туралы мәліметтер, емтихан барысы мен өткізілген сынақтардың сипаттамасы және сараптама нәтижелері бойынша комиссияның қорытындысы енгізілген.
61. Актіні комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін тексеруді жүргізген ұйымның басшысы бекітеді.
62. Тексеру жөніндегі жұмыстар аяқталған кезде жұмысқа қабілетті жағдайда тұрған жүк көтергіш машиналар үшін комиссия актіде олардың одан әрі пайдаланылуын ұзарту ұсынылатын мерзімді белгілейді.
63. Ақаулар ведомосімен тексеру актісінің бір данасы жүк көтергіш машинаның иесіне беріледі және жүк көтергіш машинаны одан әрі пайдалану, оны жөндеу немесе есептен шығару үшін негіз болады.
Ақаулар ведомосі, қажетті анықтамалары мен қосымшалары бар актінің екінші данасы тексеруді орындаған ұйымның мұрағатында қалады.
64. Актімен бір мезгілде жүргізілген тексеру туралы есеп (еркін нысан) ресімделеді. Жүргізілген тексеру туралы есепті бір ұйымның (учаскенің, цехтың) тексерілген жүк көтергіш машиналар тобына жинақтап жасауға жол беріледі.
Есеп тексеруді орындаған ұйымның ішкі құжаты болып табылады, оның көшірмесі жүк көтергіш машинаны есепке қойған мемлекеттік органға жіберіледі. Тексеруді орындаған ұйымның есебі жүк көтергіш машинаның иесіне берілмейді.
65. Тексеру жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жүк көтергіш машина иесі кәсіпорынның тексерілетін жүк көтергіш механизмінің қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау жөніндегі жауапты адам жүк көтергіш машина паспортының "Техникалық куәландыру нәтижелерінің жазбасы" бөліміне осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көрсетілген мәліметтерді енгізеді.
Нысан
"БЕКІТЕМІН" ____________________________ (жүк көтергіш машинаны тексеруді жүргізетін ұйымның басшысы) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) 20___ жылғы "_____" ________ |
Тексеру актісі
Жүк көтергіш машинаның түрі | ||||||||||
Зауыттық нөмірі | ||||||||||
Есептік (тіркеу) нөмірі | ||||||||||
Жүк көтергіш машина орнатылған қала (ауыл, кент) | ||||||||||
Жүк көтергіш машина орнатылған объект | ||||||||||
Жүк көтергіш машинаның иесі-ұйым | ||||||||||
Комиссия (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығына сертификаттың болуы жүргізген ұйымның атауы) | ||||||||||
Аттестаттың нөмірі | ||||||||||
Аттестаттың берілген күні | ||||||||||
Ұйым бойынша өкімнің (бұйрықтың) нөмірі, осыған сәйкес осы тексеру жүргізілді | ||||||||||
Комиссия тексеру жүргізді (бастапқы немесе қайталама екендігін көрсету) | ||||||||||
Тексеру талаптарға сәйкес жүргізілді (нормативтік құқықтық актіні көрсету) |
1. Тексеру нәтижесінде комиссия анықтады:
Жүк көтергіш машина (түрін көрсету), т | ||||||||||
Дайындалған (жылын, айын көрсету) | ||||||||||
Классификацияның (режимнің) паспорттық тобы бар | ||||||||||
"Машиналар, құрылғылар және басқа да техникалық бұйымдар. Әртүрлі климаттық аймақтарға арналған нұсқалар. Сыртқы ортаның климаттық факторларының әсері тұрғысынан санаттар, пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары" МЕМСТ 15150-69 бойынша климаттың орындалуы бар (қайсысы екенін көрсету) | ||||||||||
"Жүк көтергіш крандар. Жел жүктемесі. Нормалар және анықтау әдісі" МЕМСТ 1451-77 бойынша жел аймағында (қайсысында екенін көрсету) немесе ғимаратта орнатылуына рұқсат етіледі | ||||||||||
Паспорт бойынша қондырғының рұқсат етілген температурасы (төменгі және жоғарғы шектерін көрсету) | ||||||||||
паспорт бойынша орнату аймағының рұқсат етілген сейсмикасы | ||||||||||
өрт қауіпті орта санатына орнату мүмкіндігі | ||||||||||
жарылыс қаупі бар ортаға орнату мүмкіндігі |
2. Жүк көтергіш машинаны пайдаланудың нақты шарттары:
Орындалатын жұмыстардың түрі(құрылыс, қоймалық) | ||||||||||
Классификацияның (режимнің) нақты тобы | ||||||||||
Орнату ауданы (орынның) температурасының төменгі және жоғарғы шектері | ||||||||||
Орнату орнындағы жел аймағы | ||||||||||
Сейсмикалығы | ||||||||||
Ортаның сипаттамасы (өрт немесе жарылысқа қауіпті, агрессивті) | ||||||||||
Пайдалану шарттары паспортқа сәйкес келеді ме, егер "жоқ" болса неге сәйкес келмейтінін көрсету (температура, режим, сейсмикалық) |
3. Тексеру кезіндегі жүк көтергіш машинаның және оның жекелеген тораптарының жалпы жай-күйі (жарамды, жұмысқа қабілетті, жұмысқа қабілетсіз немесе жарамсыз):
4. Комиссия ақаулар ведомосінде атап өткен ақаулардың жалпы саны:
соның ішінде:
жедел жоюды талап етеді | ||
1 ай ішінде жою | ||
кезекті техникалық қызмет көрсету және жөндеукезінде жою |
5. Тексеру жүргізу барысында комиссияның ескертулері бойынша жүк көтергіш машинаның иесі жойған ақаулардың саны:
6. Жүк көтергіш машинаға сынақтар жүргізілді (сынақтар жүргізілген жағдайда толтырылады):
Статикалық (жүк массасын тоннада көрсету) | |||
Динамикалық (жүк массасын тоннада көрсету |
Сынақ нәтижелері бойынша қандай да бірақаулар табылған жоқ.
7. Комиссия қорытындысы:
7.1. тексеру нәтижелері бойынша және жұмыс барысында жүк көтергіш машинаның иесі жойған ақауларды ескере отырып, комиссия (қажетті жол толтырылады):
Жүк көтергіш машина жұмыс күйінде және ақаулар ведомосіндегі ескертулерді ескере отырып, паспорттық режимде пайдаланыла алады. | ("Иә" немесе "Жоқ" деп көрсету) |
Келесі тексеру кешіктірілмей өткізілсін | (айын және жылын көрсету) |
Жүк көтергіш машинаны ақаулар ведомосіне сәйкес жөндеу қажет | ("Иә" немесе "Жоқ" деп көрсету) |
Жүк көтергіш машина есептен шығарылуға жатады | ("Иә" немесе "Жоқ" деп көрсету) |
санайды.
7.2. жүк көтергіш машинаны тек келесі шектеулермен басқаруға болады (комиссия қандайда бір шектеулер тағайындаған кезде толтырылады):
жүк көтергіштігінің төмендеуімен, т | ||||
бастап және дейін температура диапозонында, градус С | ||||
Келесі тексеру кешіктірілмей өткізілсін | (айын және жылын көрсету) |
7.3. тексерілетін жүк көтергіш машинаның нақты жағдайын ескере отырып, оның қалдық ресурсын бағалау қажет (немесе қажет емес) ("иә" немесе "жоқ"деп көрсету):
Кран иесі:
1) осы актінің ұсынымдарын орындамағаны және ақаулар ведомосінде белгіленген ескертулерді жоймағаны үшін тексеру жүргізген комиссия жауап бермейді.
2) осы акті жүк көтергіш машинаның паспортына тігіледі және жүк көтергіш машина есептен шығарылғаннан кейін паспортпен бірге кемінде 5 жыл сақталады.
Тексеру актісіне:
1) жүк көтергіш машина иесінің тексеру жүргізу туралы өкімінің (бұйрығының) көшірмесі;
2) жүк көтергіш машинамен орындалатын жұмыс сипаты туралы анықтама;
3) жүк көтергіш машинаның негізгі параметрлері туралы паспорттан үзінді;
4) ақаулар ведомосі;
5) статикалық және динамикалық синақтарды жүргізу актісі;
6) химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін тексеру нәтижелері (бар болса);
7) бақылау түрі және ол жүргізілген металл конструкцияларының орындары көрсетілген бұзбайтын бақылау нәтижелері бойынша қорытынды;
8) рельс жолының жай-күйі және нивелирлеу нәтижелері туралы қорытынды қосымша беріледі (егер нивелирлеу жүргізілген болса). (Тек рельс жолымен қозғалатын жүк көтергіш машиналарға арналған).
Комиссия төрағасы _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Комиссия мүшелері _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдары)
Нысан
Тексерудің жұмыс картасы
Жүк көтергіш машинаның түрі ________, зауыт № __________, тіркеу № _____
Торап (элементтің, құжаттың) жай-күйінің шартты белгілері:
– қалпынша |
/ | – ақаулықтарды жоюды талап етеді |
Х | – жөндеуді немесе ауыстыруды талап етеді |
Тораптың шартты № (индекс) | Тораптың, элементтің, құжаттың атауы* | Жай-күйінің шартты белгілері** | Ақау, оның орналасқан орны |
1 | 2 | 3 | 4 |
0100 | Жүк көтергіш машина бойынша құжаттама (жалпы алғанда) | ||
0101 | Паспорт | ||
0102 | Электрлік сызба | ||
0103 | Техникалық сипаттамасы | ||
0104 | Монтаждау бойынша нұсқаулық | ||
0105 | Жүк көтергіш машинаның журналы | ||
0200 | Тірек (жүріс) рамасы | ||
0201 | Рама | ||
0202 | Түйіспелі қосылыстар | ||
0203 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0204 | Топсалы қосылыстар | ||
0205 | Желбағарлар | ||
0206 | Бөрене (қосылмаған) | ||
0207 | Тіреуіш | ||
0208 | Баспалдақтар | ||
0209 | Алаңдар | ||
0210 | Осьтер | ||
0300 | Жүргі арбасы | ||
0301 | Рама | ||
0302 | Теңгергіш | ||
0303 | Жетек | ||
0304 | Тежегіш | ||
0305 | Тежегіш қалып | ||
0306 | Жүрістік доңғалақ | ||
0307 | Ашық берілістер | ||
0308 | Буксалар | ||
0309 | Осьтер | ||
0310 | Лақтыру соқасы | ||
0311 | Рельсқармауыш | ||
0312 | Кіндік темір | ||
0313 | Буфер | ||
0314 | Топсалы қосылыстар | ||
0315 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0316 | Майлау және тығыздау орындары | ||
0400 | Кабельді барабан | ||
0401 | Барабан | ||
0402 | Жетек | ||
0403 | Тежегіш | ||
0404 | Рама | ||
0405 | Кабельді төсеу | ||
0406 | Топсалы қосылыстар | ||
0407 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0500 | Батпан | ||
0501 | Батпан плиталары | ||
0502 | Бекіту түйіндері | ||
0503 | Батпан салмағы | ||
0600 | Тіреу-айналу құрылғысы | ||
0601 | Тісті тәж | ||
0602 | Жартылай құрсамалар | ||
0603 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0604 | Майлау орындары | ||
0605 | Роликтер, шарлар | ||
0700 | Айналмалы платформа | ||
0701 | Платформа(дәнекерленген құрылым) | ||
0702 | Телескоптық сүйеме | ||
0703 | Монтаждық сүйеме | ||
0704 | Топсалы қосылыстар | ||
0705 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0706 | Тартымдар | ||
0707 | Блоктар | ||
0708 | Алаңдар | ||
0709 | Баспалдақтар | ||
0710 | Монтаждау құралдары | ||
0800 | Жүк шығыры | ||
0801 | Бәсеңдеткіш | ||
0802 | Тежегіш | ||
0803 | Тежегіш қалыптар | ||
0804 | Муфталар | ||
0805 | Барабан | ||
0806 | Рама | ||
0807 | Біліктер | ||
0808 | Берілісті ауыстыру жүйесі | ||
0809 | Шығарылатын тірек | ||
0810 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0811 | Бекіту саусақтары | ||
0812 | Майлау және тығыздау орындары | ||
0900 | Жебелі шығыр | ||
0901 | Бәсеңдеткіш | ||
0902 | Тежегіш | ||
0903 | Тежегіш қалыптар | ||
0904 | Муфталар | ||
0905 | Барабан | ||
0906 | Рама | ||
0907 | Біліктер | ||
0908 | Берілісті ауыстыру жүйесі | ||
0909 | Шығарылатын тірек | ||
0910 | Бұрандалы қосылыстар | ||
0911 | Бекіту саусақтары | ||
1000 | Бұрылу механизмі | ||
1001 | Бәсеңдеткіш | ||
1002 | Тежегіш | ||
1003 | Тежегіш қалыптар | ||
1004 | Муфталар | ||
1005 | Ашық тістегеріш | ||
1006 | Рама | ||
1007 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1008 | Бекіту осьтері | ||
1009 | Майлау және тығыздау орындары | ||
1100 | Қарсы салмақ | ||
1101 | Қарсы салмақ плиталары | ||
1102 | Бекіту түйіндері | ||
1103 | Қарсы салмақ салмағы | ||
1200 | Мұнара | ||
1201 | Портал | ||
1202 | Мұнара секциялары | ||
1203 | Диагоналды арқалықтар | ||
1204 | Бағыттаушы роликтер | ||
1205 | Блоктар | ||
1206 | Құлыптар | ||
1207 | Тартымдар | ||
1208 | Түйіспелі қосылыстар | ||
1209 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1210 | Топсалы қосылыстар | ||
1211 | Баспалдақтар, қоршаулар | ||
1212 | Алаңдар | ||
1213 | Люк қақпақтары | ||
1214 | Монтаждау құралдары | ||
1215 | Көтергіш шахтасының қоршауы | ||
1300 | Баулық | ||
1301 | Кергіш | ||
1302 | Монтаждау сөресі | ||
1303 | Блоктар | ||
1304 | Осьтер | ||
1305 | Жүк көтергіштігін шектегішке датчик орнату | ||
1306 | Топсалы қосылыстар | ||
1307 | Түйіспелі қосылыстар | ||
1308 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1309 | Баспалдақтар, қоршаулар | ||
1310 | Алаңдар | ||
1311 | Люк қақпағы | ||
1400 | Краншының көтергіші | ||
1401 | Кабина, есіктер, терезелер | ||
1402 | Шығырдың жетегі | ||
1403 | Барабан | ||
1404 | Шығыр рамасы | ||
1405 | Тежегіш | ||
1406 | Топсалы қосылыстар | ||
1407 | Түйіспелі қосылыстар | ||
1408 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1409 | Буферлік құрылғы | ||
1410 | Керу құрылғысы | ||
1411 | Баспалдақтар | ||
1412 | Алаңдар | ||
1413 | Авариялық шығатын орын | ||
1414 | Тақтай | ||
1415 | Кабельді төсеу құрылғысы | ||
1500 | Тірек рамалары (бұрылмайтын мұнарасы бар крандарда) | ||
1501 | Төменгі рама | ||
1502 | Жоғарғы рама | ||
103 | Түйіспелі қосылыстар | ||
1504 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1505 | Баспалдақтар | ||
1600 | Кабина | ||
1601 | Каркас | ||
1602 | Басқару пульті (тұтқалар, түймелер, басқылар) | ||
1603 | Пульттегі белгілер | ||
1604 | Орындық (қозғалу мүмкіндігі) | ||
1605 | Есіктер | ||
1606 | Шынылау | ||
1607 | Өрт сөндіргіш | ||
1608 | Желдетіс | ||
1609 | Ауа баптау | ||
1700 | Жебе | ||
1701 | Жебе (металл құрылымы) | ||
1702 | Түйіспелі қосылыстар | ||
1703 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1704 | Топсалы қосылыстар | ||
1705 | Осьтер | ||
1706 | Блоктар, олардың қоршаулары | ||
1707 | Шығыршық | ||
1708 | Тартымдар | ||
1709 | Өтпелер | ||
1710 | Қоршаулар | ||
1800 | Жүк арбасы | ||
1801 | Рама | ||
1802 | Блоктар, олардың қоршаулары | ||
1803 | Жүрісті аунақтар | ||
1804 | Бүйірлік роликтер | ||
1805 | Топсалы қосылыстар | ||
1806 | Осьтер | ||
1807 | Керу құрылғылары | ||
1900 | Арба шығыры | ||
1901 | Бәсеңдеткіш | ||
1902 | Тежегіш | ||
1903 | Тежегіш қалыптар | ||
1904 | Муфталар | ||
1905 | Барабан | ||
1906 | Рама | ||
1907 | Біліктер | ||
1908 | Шығарылатын тірек | ||
1909 | Бұрандалы қосылыстар | ||
1910 | Бекіту саусақтары | ||
1911 | Майлау және тығыздау орындары | ||
2000 | Ілгекті аспа | ||
2001 | Жақтар | ||
2002 | Блоктар, олардың қоршаулары | ||
2003 | Осьтер | ||
2004 | Бұрандалы қосылыстар | ||
2005 | Жүктер | ||
2006 | Траверса | ||
2007 | Ілгек | ||
2008 | Сақтандыру қапсырмасы | ||
2100 | Қарсы салмақ консолі | ||
2101 | Консоль | ||
2102 | Механизмдерді орнатуға арналған алаңдар | ||
2103 | Өтпелер | ||
2104 | Түйіспелі қосылыстар | ||
2105 | Бұрандалы қосылыстар | ||
2106 | Топсалы қосылыстар | ||
2107 | Тартымдар | ||
2108 | Көтергіш құрылғы | ||
2109 | Қарсы салмақ арбасы | ||
2110 | Аунақтар | ||
2111 | Бүйірлік роликтер | ||
2112 | Блоктар | ||
2200 | Қарсы салмақты жылжыту шығыры | ||
2201 | Бәсеңдеткіш | ||
2202 | Тежегіш | ||
2203 | Тежегіш қалыптар | ||
2204 | Муфталар | ||
2205 | Барабан | ||
2206 | Рама | ||
2207 | Біліктер | ||
2208 | Шығарылатын тірек | ||
2209 | Бұрандалы қосылыстар | ||
2210 | Бекіту саусақтары | ||
2211 | Майлау және тығыздау орындары | ||
2300 | Арқан жүйелері | ||
2301 | Жүк арқаны | ||
2302 | Жебелі арқан | ||
2303 | Жебелі кергіш арқан | ||
2304 | Арбалық арқан | ||
2305 | Монтаждау арқаны | ||
2306 | Тартқыштар | ||
2307 | Жүк көтергіштікті шектегіш арқан | ||
2308 | Қарсы салмақтың қозғалу арқаны | ||
2400 | Электр жабдығы | ||
2401 | Жүріс арбаларының қозғалтқыштары | ||
2402 | Жүріс арбаларының тежегіш электромагниттері | ||
2403 | Кабельдік барабан қозғалтқышы | ||
2404 | Кабельді барабанның электромагниті | ||
2405 | Жүк шығырының қозғалтқыштары | ||
2406 | Жүк шығырының электромагниті | ||
2407 | Жебелі шығырдың қозғалтқышы | ||
2408 | Жебелі шығырдың қозғалтқышы электромагниті | ||
2409 | Бұрылу механизмінің қозғалтқышы | ||
2410 | Бұрылу механизмінің электромагниті | ||
2411 | Кран көтергіші жетегінің қозғалтқышы | ||
2412 | Кран көтергіші жетегінің электромагниті | ||
2413 | Арбалы шығырдың қозғалтқышы | ||
2414 | Арбалы шығырдың электромагниті | ||
2415 | Қарсы салмақ қозғалысының шығыр қозғалтқышы | ||
2416 | Қарсы салмақ қозғалысының шығыр электромагниті | ||
2417 | Аппараттық кабина (басқару шкафы) | ||
2418 | Басқару панельдері | ||
2419 | Контакторлар | ||
2420 | Резисторлар | ||
2421 | Реле | ||
2422 | Сым | ||
2423 | Айырғыш | ||
2424 | Командалық бақылаушылар | ||
2425 | Кабинадағы және крандағы жарықтандыру | ||
2426 | Жөндеу жарығы | ||
2427 | Прожекторлар | ||
2428 | Жерге тұйықтағыштар | ||
2429 | Қуат кабелі | ||
2430 | Сымдар | ||
2431 | Радиокеліссөз байланысы | ||
2432 | Кабельді барабанның ток түсіргіші | ||
2433 | Кранның айналмалы бөлігінің ток түсіргіші | ||
2500 | Қауіпсіздік аспаптары | ||
2501 | Жүк көтергіштігін шектегіш (жүктеме, ұшу датчиктері) | ||
2502 | Көтеру биіктігін, түсіру тереңдігін шектегіш | ||
2503 | Ұшуды өзгерту шектегіші | ||
2504 | Қозғалыс шектегіші | ||
2505 | Бұрылу шектегіші | ||
2506 | Краншы көтергішінің көтеру биіктігін шектегіш | ||
2507 | Қарсы салмақтың қозғалысын шектегіш | ||
2508 | Кран көтергішінің жылдамдығын шектегіш | ||
2509 | Көтергіштің және оның шахтасының есіктерін бұғаттау | ||
2510 | Жүк көтергіштік көрсеткіші | ||
2511 | Жайқабылдағыш | ||
2512 | Анемометр | ||
2600 | Кран жолдары | ||
2601 | Бойлық еңіс (максималды) | ||
2602 | Көлденең еңіс (максималды) | ||
2603 | Рельстер | ||
2604 | Шпалдар | ||
2605 | Батпандық призма | ||
2606 | Жерге қосу | ||
2607 | Тұйық тіреулер | ||
2700 | Техникалық қызмет көрсету жай-күйі | ||
2701 | ТҚ өткізу кестесі және оны орындау | ||
2702 | Техникалық қызмет көрсету журналы (бар болуы, жүргізу жағдайы, талаптарға сәйкес болу) | ||
2703 | Вахталық (крандық) журнал және оны жүргізу | ||
2704 | Паспорттың пайдалану нысандары, оларды жүргізу, пайдалану шарттарына сәйкестігі |
* Тораптардың, элементтердің, құжаттардың тізбесі оны одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында тексеру жүргізу жөніндегі құжатпен жүк көтергіш машинаның тиісті типіне (түріне) айқындалады.
** Тексеру барысында көрсету.
Нысан
Ақаулар ведомосі
Жүк көтергіш машинаның түрі ________, зауыт № _____, тіркеу № _________
_________________________________________________________________________
(әзірлеуші кәсіпорын, әзірленген жылы)
әзірленген және ___________________________________________________________
(иесі және оның мекенжайы)
тиесілі.
Тораптың, элементтің атауы | Ақаудың сипаттамасы | Ақауды жою қажеттілігі және мерзімі туралы қорытынды |
Тексеру жөніндегі комиссия төрағасы |
| |
Комиссия мүшелері |
__________________________________ | |
_________________________________ |
Техникалық куәландыру нәтижелерінің жазбасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына 20___ жылғы _______
№ ____ аттестаты бар __________________________________________________ ұйым
(ұйымның атауы)
осы жүк көтергіш машинаға ___________________________________ тексеру жүргізді.
(күні, айы, жылы)
________________________ тексеру актісі және ақаулар ведомосі қосымша беріледі.
(күні, айы, жылы)
_________________________________________________ |
_________________ |