"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 690 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 тамызда № 24016 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелген) толықтырулар енгізілсін:

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:

      20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата – аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.

      Бала өлі туған және бала өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда өтінішті медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы бала туылған кезден бастап немесе қайтыс болған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі және туу туралы акт жазбасының негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өлі туғандығы туралы немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланың туу туралы анықтамасы беріледі.

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркей отырып, проактивті жолмен көрсетуге болады және ол:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға тууды мемлекеттік тіркеуді көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберуді;

      2) проактивті қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді алуды қамтиды.";

      мындай редакцияда 20-1 тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" және "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызметтерімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.";

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымшада:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары):

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

      2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.";

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны:

      Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
А. Мадалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 112 "Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния"

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 10 августа 2021 года № 690. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2021 года № 24016

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года №112 "Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10764) следующие дополнения:

      в Правилах организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Для государственной регистрации рождения ребенка родители или другие заинтересованные лица не позднее трех рабочих дней со дня рождения ребенка подают заявление о государственной регистрации рождения ребенка (далее – заявление о рождении) в любой регистрирующий орган, МИО районов в городе, городов районного значения, акимы поселков, сел, сельских округов или Государственную корпорацию в письменной форме по желанию заявителя, либо в электронном виде посредством портала согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      В случае рождения мертвого ребенка и ребенка, умершего на первой неделе жизни, заявление подается ответственным должностным лицом медицинской организации, не позднее одного рабочего дня с момента родов или смерти ребенка.

      Государственная регистрация ребенка, родившегося мертвым, и ребенка, умершего на первой неделе жизни, производится в регистрирующем органе не позднее пяти суток с момента родов или смерти ребенка и на основании актовой записи о рождении выдается справка о мертворождении или о рождении ребенка, умершего на первой неделе жизни, согласно приложению 6 к настоящим Правилам.

      Государственная регистрация рождения может оказываться проактивным способом, в том числе без заявления услугополучателя по инициативе услугодателя посредством информационных систем услугодателя и государственных органов при регистрации телефонного номера абонентского устройства сотовой связи услугополучателя на веб-портале "электронного правительства" www.egov.kz и включать в себя:

      1) отправку автоматических уведомлений услугополучателю с запросом на оказание государственной регистрации рождения;

      2) получение согласия услугополучателя на оказание проактивной услуги, а также иных необходимых сведений от услугополучателя, в том числе ограниченного доступа, посредством абонентского устройства сотовой связи услугополучателя.";

      дополнить пунктом 20-1 в следующей редакции:

      "20-1. По выбору услугополучателя государственная регистрация рождения оказывается по принципу "одного заявления" в совокупности с государственными услугами "Назначение социальной выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года", "Постановка на очередь детей дошкольного возраста (до 6 лет) для направления в дошкольные организации", "Назначение пособий на рождение ребенка и по уходу за ребенком".";

      в приложении 4 к Правилам организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Способы предоставления государственной услуги (каналы доступа):

      1) через Государственную корпорацию;

      2) МИО городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, районов и городов областного значения, районов в городе, городов районного значения, акимы поселков, сел, сельских округов;

      3) посредством портала;

      4) абонентское устройство сотовой связи.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Форма оказания государственной услуги:

      Электронная (частично автоматизированная)/бумажная/проактивная/ оказываемая по принципу "одного заявления".".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра юстиции
Республики Казахстан
А. Мадалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан