ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
орыс тілінде көрсетілген бұйрықтың тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
орыс тілінде көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
орыс тілінде тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.";
орыс тілінде 2-тараудың тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін толтыруы";
8-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі" деректемесі – "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" деген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Осы Қағидалардың ережелері "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖАЖ) арқылы электрондық түрде нысандардың толық көлемінде енгізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті МЖАЖ арқылы беру күні оны ұсыну күні болып есептеледі.
Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қарау нәтижелері бойынша ескертулер болған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін пысықтау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі пысықталған болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қағаз тасығышта парақтары нөмірленген кітапша етіп жасалған түрде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін пайдалану немесе "Бұлтты құжат айналымы" сервистік бағдарламалық өнім арқылы электрондық құжат түрінде енгізеді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қарау нәтижелері бойынша ескертулер болған кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарлама әкімшісін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін пысықтау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі пысықталған болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.";
орыс тілінде 3-тараудың тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасауы";
орыс тілінде 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 1-қосымша";
орыс тілінде 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 2-қосымша";
орыс тілінде 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 3-қосымша";
орыс тілінде 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 4-қосымша";
орыс тілінде 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 5-қосымша";
орыс тілінде 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 6-қосымша";
орыс тілінде 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 7-қосымша";
орыс тілінде 8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 8-қосымша";
орыс тілінде 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 9-қосымша";
орыс тілінде 10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларына 10-қосымша".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |