Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 мамырда № 36116 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 мамырдағы
№ 225 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18750 болып тіркелген).

      2. "Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19591 болып тіркелген).

      3. "Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 102 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20007 болып тіркелген).

      4. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20546 тіркелген).

      5. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22247 тіркелген).

      6. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 313 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22523 тіркелген).

      7. "Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 371 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22584 болып тіркелген).

      8. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 855 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24089 тіркелген).

      9. "Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 1108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24948 болып тіркелген).

      10. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26921 тіркелген).

      11. "Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 818 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33212 болып тіркелген).

      12. "Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 1108 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 896 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33337 болып тіркелген).

      13. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 964 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33413 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады