"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №892 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14386 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Министрлікте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |