Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24170 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрліг

  Қазақстан Республикасының
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министірінің
  2021 жылғы 27 тамыздағы
  № 470 бұйрығымен бекітілген

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Әдістеме тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімші – облыс әкімі айқындайтын, облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі;

      2) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

      3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

      4) суды тұтынушы – су объектілерінен суды тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

      5) тариф – реттеліп көрсетілетін қызмет құнының ақшалай көрінісі;

      6) төлемақы мөлшері – тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне халық үшін белгіленген төлемақы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Төлемақы мөлшерін есептеу

      3. Әкімші төлемақы мөлшерін есептеу үшін:

      1) облыс бойынша орташа тарифті есептейді;

      2) облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізеді;

      3) әлеуметтік-экономикалық талдаудың нәтижелері бойынша қорытындыны дайындайды.

      4. Облыс бойынша орташа тариф мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      1) есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:



      мұндағы:


– суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша орташа тариф;

– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы сомасы;

      n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің жалпы саны.

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:



      мұндағы:


– облыс бойынша суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне орташа тариф;

– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша тарифтердің жалпы сомасы;

      n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы саны.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әкімші облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдауды дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан және табиғи монополиялар субъектілерінен соңғы үш жылдағы орташа жалақы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі туралы, сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, сумен жабдықтау қызметтеріне жиналу бойынша ақпаратты және келесі үш жылдық кезеңге күтілетін болжамды сұратады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Облыс бойынша жүргізілген әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындылары бойынша әкімші осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, есептелген төлемақы мөлшерін негіздейтін қорытындыны дайындайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қорытындыны мемлекеттік жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшінің басшысы бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Төлемақы мөлшерін ел бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес есептелген облыс бойынша орташа тарифтен жоғары емес мөлшерде белгілеуге жол беріледі.

      9. Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері бойынша бастапқы деректер табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдар бұйрықтарының көшірмелерімен және (немесе) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендету туралы шешімдерімен расталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Төлемақы мөлшері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тарифтердің мерзіміне есептеледі.

      11. Хабардар ету және жария талқылау мақсатында әкімші жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында әлеуметтік-экономикалық талдауды, қорытындыны және алдын ала есептелген төлемақы мөлшерін орналастырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әкімші Су кодексінің 39-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті өкілді органына есептелген төлемақы мөлшерін ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Облыстардың жергілікті өкілді органдары төлемақы мөлшерін Су кодексінің 38-бабының екінші бөлігіне сәйкес бекітеді.

Об утверждении Методики расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 августа 2021 года № 470. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2021 года № 24170.

      В соответствии с подпунктом 8-9) статьи 37-1 Водного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов
      СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

  Утверждена приказом
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 27 августа 2021 года № 470

Методика расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения (далее - Методика) разработана в соответствии с подпунктом 8-9) статьи 37-1 Водного Кодекса Республики Казахстан (далее – Водный кодекс).

      Методика определяет алгоритм расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням утвержденным соответственно уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения или местными исполнительными органами областей по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящей Методике используются следующие понятия:

      1) администратор – определяемое акимом области структурное подразделение местного исполнительного органа области, курирующее сферу жилищно-коммунальных отношений;

      2) прибор учета воды – техническое средство для измерения объема воды (питьевой, технической, сточной и других видов вод), имеющее нормированные метрологические характеристики, воспроизводящее и хранящее единицу физической величины в течение определенного интервала времени, разрешенное к применению для коммерческого учета воды в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      3) организация по водоснабжению и (или) водоотведению – водохозяйственная организация, осуществляющая эксплуатацию систем водоснабжения и водоотведения в населенных пунктах;

      4) водопотребитель - физическое или юридическое лицо, потребляющее воду из водных объектов или пользующееся услугами водохозяйственных организаций и получающее воду из систем водоснабжения;

      5) тариф – денежное выражение стоимости регулируемой услуги;

      6) размер платы – установленная плата для населения за один кубический метр поданной питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения или местными исполнительными органами областей.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Расчет размера платы

      3. Для расчета размера платы администратор:

      1) рассчитывает средний тариф по области;

      2) проводит социально-экономический анализ по области;

      3) готовит заключение по итогам социально-экономического анализа.

      4. Средний тариф по области рассчитывается по следующим формулам:

      1) для потребителей, имеющих приборы учета:

     


      Где:

     

– средний тариф по области на услуги водоснабжения для потребителей с приборами учета воды;

     

- общая сумма тарифов по области на услуги водоснабжения с приборами учета питьевой воды;

      n – общее количество тарифов по области на услуги водоснабжения с приборами учета питьевой воды.

      2) для потребителей, не имеющие приборы учета питьевой воды:

     


      Где:

     

– средний тариф по области на услуги водоснабжения без приборов учета воды;

     

- общая сумма тарифов по области на услуги водоснабжения без приборов учета питьевой воды;

      n – общее количество тарифов по области на услуги водоснабжения без приборов учета питьевой воды.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Администратор для подготовки социально-экономического анализа по области запрашивает у местных уполномоченных органов по государственному планированию, вопросам занятости населения и субъектов естественных монополий информацию о средней заработной плате, среднедушевом доходе, уровне безработицы, по тарифам на услуги водоснабжения, собираемости на услуги водоснабжения, за последние три года и ожидаемый прогноз на следующий трехлетний период.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. По итогам проведенного социально-экономического анализа по области, администратор готовит заключение, в котором обосновывает рассчитанный размер платы, с учетом показателей указанных в пункте 5 настоящей Методики.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Заключение утверждается руководителем администратора по согласованию с местными уполномоченными органами по государственному планированию и вопросам занятости населения.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Установление размера платы допускается в пределах от самого низкого тарифа по стране, и не выше среднего тарифа по области, рассчитанного в соответствии с пунктом 4 настоящей Методики.

      9. Исходные данные по тарифам на регулируемые услуги водоснабжения, предоставляемые субъектами естественных монополий, подтверждаются копиями приказов территориальных государственных органов, осуществляющих руководство в сферах естественных монополий и (или) решениями субъектов естественных монополий о снижении тарифов на предоставляемые регулируемые услуги.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Размер платы рассчитывается на срок установленных тарифов, в соответствии с пунктом 2 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях".

      11. С целью оповещения и публичного обсуждения Администратор размещает на официальном интернет-ресурсе местного исполнительного органа социально-экономический анализ, заключение и предварительно рассчитанный размер платы.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Администратор представляет рассчитанный размер платы в местный представительный орган области на утверждение, в соответствии с подпунктом 2) части второй статьи 39 Водного кодекса.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.09.2022 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Местные представительные органы областей утверждают размер платы в соответствии с частью второй статьи 38 Водного кодекса.