Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрліг
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және инфрақұрылымдық | |
даму министірінің | |
2021 жылғы 27 тамыздағы | |
№ 470 бұйрығымен бекітілген |
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Әдістеме тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімші – облыс әкімі айқындайтын, облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі;
2) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
4) суды тұтынушы – су объектілерінен суды тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
5) тариф – реттеліп көрсетілетін қызмет құнының ақшалай көрінісі;
6) төлемақы мөлшері – тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне халық үшін белгіленген төлемақы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Төлемақы мөлшерін есептеу
3. Әкімші төлемақы мөлшерін есептеу үшін:
1) облыс бойынша орташа тарифті есептейді;
2) облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізеді;
3) әлеуметтік-экономикалық талдаудың нәтижелері бойынша қорытындыны дайындайды.
4. Облыс бойынша орташа тариф мынадай формулалар бойынша есептеледі:
1) есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:
мұндағы:
– суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша орташа тариф;
– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы сомасы;
n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің жалпы саны.
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:
мұндағы:
– облыс бойынша суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне орташа тариф;
– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша тарифтердің жалпы сомасы;
n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы саны.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әкімші облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдауды дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан және табиғи монополиялар субъектілерінен соңғы үш жылдағы орташа жалақы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі туралы, сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, сумен жабдықтау қызметтеріне жиналу бойынша ақпаратты және келесі үш жылдық кезеңге күтілетін болжамды сұратады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Облыс бойынша жүргізілген әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындылары бойынша әкімші осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, есептелген төлемақы мөлшерін негіздейтін қорытындыны дайындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қорытындыны мемлекеттік жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Төлемақы мөлшерін ел бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес есептелген облыс бойынша орташа тарифтен жоғары емес мөлшерде белгілеуге жол беріледі.
9. Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері бойынша бастапқы деректер табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдар бұйрықтарының көшірмелерімен және (немесе) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендету туралы шешімдерімен расталады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Төлемақы мөлшері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тарифтердің мерзіміне есептеледі.
11. Хабардар ету және жария талқылау мақсатында әкімші жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында әлеуметтік-экономикалық талдауды, қорытындыны және алдын ала есептелген төлемақы мөлшерін орналастырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Әкімші Су кодексінің 39-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті өкілді органына есептелген төлемақы мөлшерін ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.09.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Облыстардың жергілікті өкілді органдары төлемақы мөлшерін Су кодексінің 38-бабының екінші бөлігіне сәйкес бекітеді.