Тарихи ластануды жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24178 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарихи ластануды жою қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 345 бұйрығымен
  бекітілген

Тарихи ластануды жою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарихи ластануды жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2021 жылғы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тарихи ластану объектілерін жою тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) бұрынғы қызметтің нәтижесінде, оның ішінде антропогендік қызметтің алуантүрлері әсер етуінің жиынтығы нәтижесінде туындаған, суларға және (немесе) жерлерге келтірілген, жою жөніндегі міндеттері орындалмаған не толық көлемде орындалмаған, жинақталған экологиялық залал тарихи ластану деп танылады;

      2) тарихи ластану көздері болып табылатын аумақтар мен акваториялар немесе олардың тарихи ластану объектілері болып табылатын жекелеген учаскелері, сондай-ақ күрделі құрылыстың және қалдықтарды сақтаудың немесе көмудің иесі жоқ объектілері тарихи ластану объектілері болып танылады;

      3) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі бақылауды, жинауды, сақтауды, есепке алуды, жүйелендіруді, жинақтауды, өңдеуді және деректерді талдауды, қоршаған ортаның ластану жай-күйін бағалауды, қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы ақпарат, оның ішінде болжамдық ақпарат өндіруді және көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдарға, өзге де жеке және заңды тұлғаларға беруді қамтитын қызметті білдіреді.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тарихи ластану объектілерін жою жобасы

      3. Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстар қажетті зерттеулер жүргізуді, оның ішінде инженерлік ізденістер (геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық) жүргізуді, тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, оны келісуді және бекітуді, Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, орындалған жұмыстарды бақылау мен қабылдауды және қоршаған орта жай-күйінің одан әрі мониторингін қамтиды.

      4. Тарихи ластануды жою жөніндегі жобаны әзірлеуді жүргізу үшін аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары жекелеген объектілерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2 тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарды тартады.

      5. Тарихи ластануды жою жобасы мыналардан тұрады:

      1) өндірістік объектілер мен жер учаскелерін қоршаған ортаның, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Жай-күйге келтіру мақсатында жүргізілетін рекультивацияны қоса алғанда, іс-шаралар көрсетілетін түсіндірме жазбаны еркін нысанда бірінші басшының қолы қойылады;

      2) жауапты адамның қолы қойылған жер үсті және жер асты (талдау нәтижелерімен) су және жер ресурстарының нақты жай-күйін толық көрсететін инженерлік-іздестіру және графикалық құжаттама;

      3) жауапты адамның қолы қойылған жер бетінің топографиялық жоспарларының, геологиялық картаның көшірмелері;;

      4) бірінші басшының қолы қойылған жойылатын тарихи ластануларды орналастыру схемалары;

      5) бірінші басшының қолы қойылған тарихи ластануды жою жұмыстары жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы; ;

      6) тарату жұмыстары үшін пайдаланылатын жабдық;

      7) бірінші басшының қолы қойылған тарихи ластануды жоюдың қоршаған ортаға әсерін бағалау;

      8) тексерулер мен инженерлік ізденістер жүргізу тәртібі жөніндегі акт..

      6. Тарихи ластануды жою кезінде мынадай:

      1) халық пен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау, оның ішінде судың, газдың жарылуын болғызбау жөніндегі шаралар;

      2) жер асты суларының ластануын болдырмау;

      3) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) тарихи ластануды жоюдың қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу;

      5) тарихи ластануды жою кезеңінде объектілерге санкцияланбаған пайдалануды және қол жеткізуді болғызбайтын шаралар болып табылады;

      6) тарихи ластануды жоюды жүргізу кезінде бүлінген жерді рекультивациялау;

      7) таратылып жатқан объектідегі шаруашылық қызметке жол бермеу жөніндегі шаралар;

      8) осы жер учаскелерін пайдалану ерекшеліктері мен режимінің бағытына және жергілікті жағдайларға байланысты оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында одан әрі пайдалану үшін қоршаған орта компоненттерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

      7. Тарихи ластануды жою жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама әсер етуге экологиялық рұқсат беру рәсімі шеңберінде жүргізіледі және мемлекеттік экологиялық сараптаманың жеке қорытындысы берілмейді.

      8. Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстардың жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау тәртібі

      9. Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қабылдауды олар аяқталғаннан кейін аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы құратын және жекелеген объектілерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдерінен құратын Комиссия жүзеге асырады.

      10. Комиссияның құрамын аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы және жекелеген объектілерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Кодекстің 144-бабының 3-тармағына сәйкес әрбір жекелеген объект бойынша бекітеді.

      Шешімдер тікелей қарау және бес адамнан тұратын Комиссияның әрбір мүшесі алмастыру құқығынсыз Тарихи ластануды жою жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын бағалау негізінде қабылданады. Қабылдау комиссиясының мүшелері тікелей тексеру және орындалған жұмыстардың толықтығын, сапасын бағалау нәтижелері бойынша ерекше пікір енгізеді.

      Тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісіне қол қоюдан бас тарту бас тарту себептерін көрсете отырып, ерекше пікір түрінде қабылдау комиссиясының төрағасына беріледі. Қабылдау комиссиясының мүшелері бес күн ішінде анықталған бұзушылықтар болған жағдайда тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қабылдауды қайта бастай отырып, оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

      Қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күнін тапсырыс беруші техникалық қару-жарақ жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін қажетті уақытты және қабылдау комиссиясы мүшелерінің тарихи ластану объектілерін қабылдау орнына баруы үшін қажетті уақытты ескере отырып айқындайды.

      11. Тарихи ластануды жою жүргізілген аумақты және/немесе акваторияны тікелей тексерген және тарихи ластануды жою фактісін растайтын құжаттарды (талдау хаттамалары, мониторинг бойынша есептер, топографиялық және гидрологиялық карталар, салыстырмалы талдаулар мен кестелер және т.б.) ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісі (бұдан әрі-қабылдау актісі) жасалады.

      Қабылдау актісіне қоса беріледі:

      1) жойылған тарихи ластануды және басқа да өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары;

      2) тарихи ластануды жою жобасында көзделген нақты орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі бекітілсін;

      3) тарихи ластануды жоюға нақты жұмсалған шығындар туралы анықтама;

      4) қоршаған ортаның жай-күйі мониторингінің деректері.

      5) орындалған жұмыстар актісіне жою жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылғанға дейін және одан кейін тарихи ластану объектісінің фото және бейнетіркеуі қоса беріледі.

      Жұмыстарды қабылдау жөніндегі шешімдерді комиссия мүшелері алқалы түрде қабылдайды.

      12. Комиссия өз қызметін тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісіне толық көлемде қол қойылған және алқалық оң шешім шығарылған кезден бастап тоқтатады.

      Тарихи ластануды бұзушылықтармен жоюды қабылдаған жағдайда жоюды қабылдау комиссиясының мүшелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабына сәйкес жауапты болады.

      13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жойылған Тарихи ластану объектілерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      14. Жойылған жұмыстар жүргізілгеннен кейін тарихи ластану мониторингін аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластануды жою жүргізілген жекелеген объектілерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады. Мониторинг нәтижелері аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      15. Тарихи ластануды жою бойынша жүргізілген жұмыс туралы есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Есеп ликидациялық жұмыстарды жүргізу туралы ақпаратты қамтиды: іс-шаралар, Құрылыс және монтаждау жұмыстарының көлемі, іске асыру мерзімдері, нақты қаржылық шығындар, жойылған Тарихи ластанудың қоршаған ортаның жай-күйі (атмосфералық ауа, топырақ жамылғысы, акватория).

  Тарихи ластану объектілерін
жою қағидаларына
1 қосымша

      Пішіні

Тарихи ластану объектісін жою жұмыстарын қабылдау АКТІСІ

      №_______________                                    20______жылғы "____" _________
      __________________________________________________________________
(Тарихи ластанудың атауы, орналасқан жері және санаты)
     
      Құрылған комиссия
      ____________________________________________________________
(комиссия құрған органның атауы)
      "____" ______________ 20 ___ жылғы _________ құрамында
      Төрағаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқаратын лауазымы)
      ________________________________________
      _______________________________________________________________
      Мүшелерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқаратын лауазымы)
      ________________________________________
      _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      Тарихи ластануды жою бойынша жұмыстар жүргізілген аумақты (акваторияны) қарап шықты, жою жобасына және Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 144-бабына сәйкес Тарихи ластануды жою мақсатында жүзеге асырылған жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады.
      Шешім:
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      Ерекше пікір (бар болса)
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:

  Тарихи ластануды
жою қағидаларына
2 қосымша

      Пішіні

Жойылған тарихи ластану объектілерінің тізбесі

№ п/п Жойылған Тарихи ластанудың атауы, орналасқан жері Тарихи ластанудың мемлекеттік тізілімінің тіркеу нөмірі Тарихи ластануды жою күні Қабылдау актісінің күні Тарату жобасын әзірлеген ұйымның атауы Тарату жөніндегі жұмыстарды орындаған ұйымның атауы Тарихи ластануды жою туралы актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9




























Об утверждении Правил ликвидации исторического загрязнения

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 августа 2021 года № 345. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2021 года № 24178.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 144 Экологического кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые правила ликвидации исторического загрязнения.

      2. Департаменту государственной политики в управлении отходами Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
М. Мирзагалиев
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство по чрезвычайным ситуациам
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден
приказом Министра
экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
от 27 августа 2021 года № 345

Правила ликвидации исторического загрязнения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ликвидации исторического загрязнения (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 144 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок ликвидации исторического загрязнения.

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) историческим загрязнением признается накопленный экологический ущерб, причиненный водам и (или) землям, который возник в результате прежней деятельности, в том числе совокупности воздействий различных видов антропогенной деятельности, обязанности по устранению, которого не были выполнены либо были выполнены не в полном объеме;

      2) объектами исторического загрязнения признаются территории и акватории или их отдельные участки, на которых выявлены исторические загрязнения, а также бесхозяйные объекты капитального строительства и хранения или захоронения отходов, являющиеся источником исторического загрязнения.

      3) мониторинг состояния окружающей среды представляет собой деятельность, включающую наблюдения, сбор, хранение, учет, систематизацию, обобщение, обработку и анализ данных, оценку состояния загрязнения окружающей среды, производство информации о состоянии загрязнения окружающей среды, в том числе прогностической информации, и предоставление указанной информации государственным органам, иным физическим и юридическим лицам.

      Иные понятия и определения, использованные в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Кодексом.

Глава 2. Проект ликвидации исторического загрязнения

      3. Работы по ликвидации исторического загрязнения включают в себя проведение необходимых обследований, в том числе инженерные изыскания (геодезические, геологические, гидрометеорологические, гидрогеологические, экологические), разработку проекта работ по ликвидации исторического загрязнения, его согласование и утверждение, проведение работ по ликвидации исторического загрязнения, контроль и приемку выполненных работ, и дальнейший мониторинг состояния окружающей среды.

      4. Для проведения разработки проекта по ликвидации исторического загрязнения местные исполнительные органы районов, городов, в отношении отдельных объектов уполномоченный орган в области охраны окружающей среды привлекают организации, имеющие лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды, в соответствии с пунктом 2 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках".

      5. Проект ликвидации исторического загрязнения состоит из:

      1) пояснительной записки, в которой отражаются мероприятия, включая рекультивацию, проводимых с целью приведения производственных объектов и земельных участков в состояние, обеспечивающее безопасность окружающей среды, жизни и здоровья населения в произвольной форме за подписью первого руководителя;

      2) инженерно-изыскательной и графической документации, полностью отражающую фактическое состояние поверхностных и подземных (с результатами анализов) водных и земельных ресурсов за подписью ответственного лица;

      3) копии топографических планов земной поверхности, геологической карты;

      4) схемы размещения ликвидируемых исторических загрязнений за подписью первого руководителя;

      5) детального описания мероприятий по ликвидационным работам исторического загрязнения за подписью первого руководителя;

      6) используемого оборудования для ликвидационных работ;

      7) оценки воздействия ликвидации исторического загрязнения на окружающую среду за подписью первого руководителя;

      8) акта по порядку проведения обследований и инженерных изысканий.

      6. При ликвидации исторического загрязнения необходимо обеспечить:

      1) безопасность населения и персонала, охрана недр и окружающей среды, зданий и сооружений, в том числе меры по предотвращению прорывов воды, газов;

      2) предотвращение загрязнения подземных вод;

      3) радиационную безопасность персонала и населения;

      4) проведение оценки воздействия ликвидации исторического загрязнения на окружающую среду;

      5) меры, исключающие на период ликвидации исторического загрязнения несанкционированное использование и доступ к объектам;

      6) рекультивацию нарушенных земель при проведении ликвидации исторического загрязнения;

      7) меры по недопущению хозяйственной деятельности на объекте находящиеся на ликвидации;

      8) приведение мониторинга состояния компонентов окружающей среды для дальнейшего использования в целях вовлечения их в хозяйственный оборот в зависимости от направления особенностей и режима использования данных земельных участков и местных условий.

      7. Государственная экологическая экспертиза проекта ликвидации исторического загрязнения проводится в рамках процедуры выдачи экологических разрешений на воздействие и отдельное заключение государственной экологической экспертизы не выдается.

      8. Проведение работ по ликвидации исторического загрязнения осуществляется в соответствии с проектом работ по ликвидации исторического загрязнения.

Глава 3. Порядок приемки работ по ликвидации исторического загрязнения

      9. Приемка работ по ликвидации исторического загрязнения по их завершению осуществляется комиссией, создаваемой местным исполнительным органом районов, городов и в отношении отдельных объектов уполномоченным органом в области охраны окружающей среды из представителей уполномоченных органов в области промышленной безопасности, санитарно-эпидемиологической службы, по изучению и использованию недр, по управлению земельными ресурсами.

      10. Состав комиссии утверждается местным исполнительным органом районов, городов и в отношении отдельных объектов уполномоченным органом в области охраны окружающей среды по каждому отдельному объекту в соответствии с пунктом 3 статьи 144 Кодекса.

      Решения принимаются на основании непосредственного осмотра и оценки полноты и качества выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации исторического загрязнения, каждым членом комиссии из пяти человек без права замены. Члены приемочной комиссии по результатам непосредственного осмотра и оценки полноты, качества выполненных работ, вносят особое мнение.

      Отказ от подписания акта приемки работ по ликвидации исторического загрязнения предоставляется председателю приемочной комиссии в виде особого мнения с указанием причин отказа. Члены приемочной комиссии в течении пяти дней вырабатывают рекомендации по устранению выявленных нарушений при их наличии с возобновлением приемки работ по устранению исторического загрязнения.

      Дата начала работы приемочной комиссии определяется заказчиком с учетом времени, необходимого для завершения работ по техническому вооружению, и времени, необходимого для проезда членов приемочной комиссии к месту приемки объектов исторического загрязнения.

      11. В течение пяти рабочих дней с даты непосредственного осмотра территории и/или акватории, на которой проходила ликвидация исторического загрязнения и предоставления документов, подтверждающих факт ликвидации исторических загрязнений (протоколы анализов, отчеты по мониторингу, топографические и гидрологические карты, сравнительные анализы и таблицы и т.п.), составляется акт приемки работ по ликвидации (далее – акт приемки), согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      К акту приемки прилагаются:

      1) планы размещения ликвидированных исторического загрязнения и других производственных объектов;

      2) перечень и объем фактически выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации исторического загрязнения;

      3) справка о фактически произведенных затратах на ликвидацию исторического загрязнения;

      4) данные мониторинга состояния окружающей среды;

      5) к акту выполненных работ прикладывается фото и видеофиксации объекта исторического загрязнения до и после осуществления работ по ликвидации.

      Решения по приемке работ принимается коллегиально членами Комиссии.

      12. Комиссия прекращает свою деятельность с момента подписания акта приемки работ по ликвидации исторического загрязнения в полном объеме и вынесением коллегиального положительного решения.

      В случае приемки ликвидации исторического загрязнения с нарушениями члены комиссии приемки ликвидации несут ответственность в соответствии со статьей 30 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

      13. Перечень ликвидированных объектов исторического загрязнения по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, ведется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

      14. Мониторинг исторического загрязнения после проведения ликвидированных работ организуют местные исполнительные органы районов, городов. В отношении отдельных объектов, по которым ликвидация исторического загрязнения проводилась по решению Правительства Республики Казахстан организует уполномоченный орган в области охраны окружающей среды. Результаты мониторинга публикуются на интернет-ресурсах местные исполнительные органы районов, городов и уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

      15. Отчет о проведенной работе по ликвидации исторического загрязнения публикуется на интернет-ресурсе уполномоченного органа в области охраны окружающей среды. Отчет содержит информацию о проведении ликидационных работ: мероприятия, объем строительных и монтажных работ, сроки реализации, фактические финансовые затраты, состояние окружающей среды (атмосферный воздух, почвенный покров, акватория) ликвидированного исторического загрязнения.

  Приложение 1
к Правилам ликвидации
исторического загрязнения
  Форма

АКТ
приемки работ по ликвидации исторического загрязнения


№_______________

"____" _________20___года

      __________________________________________________________________
            (название исторического загрязнения, местонахождение и категория)

      Комиссия, созданная
      __________________________________________________________________
                  (наименование органа, создавшего комиссию)
      "____" ______________ 20 ___ года _________ в составе
      Председателя (Фамилия, имя, отчество (при наличии) и занимаемая должность)
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      Членов (Фамилия, имя, отчество (при наличии) и занимаемая должность)
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________

      Произвели осмотр территории (акватории), на которой проводились работы по ликвидации исторического загрязнения, рассмотрели все представленные документы и материалы, характеризующие полноту и качество работ, осуществленных в целях ликвидации исторического загрязнения в соответствии с проектом ликвидации и статьи 144 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      Решение:
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________

      Особое мнение (при наличии такового)
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________

      Председатель комиссии:

      Члены комиссии:

  Приложение 2
к Правилам ликвидации
исторического загрязнения
  Форма

Перечень
ликвидированных объектов исторического загрязнения

№ п/п

Наименование ликвидированного исторического загрязнения, местонахождение

Регистрационный номер государственного реестра исторического загрязнения

Дата ликвидации исторического загрязнения

Дата акта приемки

Наименование организации, разработавшей проект ликвидации

Наименование организации, выполнившей работы по ликвидации

Наименование госоргана, принявшего акт о ликвидации исторического загрязнения

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9