Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрі | |
2021 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 418 бұйрығымен бекітіліген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту тәртібін айқындайды.
2. Кәсіптік тәжірибе мен тағылымдаманың түрлері, мерзімдері мен мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-МЖМБС) сәйкес айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кәсіптік практика мен тағылымдаманы ұйымдастыруды және өткізуді ТЖМ арнаулы оқу орнының, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері жүзеге асырады.
4. Шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ТЖМ арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасы тиісті мемлекеттердің азаматтық қорғау органдарында өткізіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында кәсіптік практика мен тағылымдаманы ұйымдастыру және одан өту
5. Кәсіптік практика мен тағылымдама ТЖМ арнаулы оқу орны әзірлейтін оқу үрдісі кестесіне, жұмыс оқу жоспарлары мен әдістемелік нұсқауларына сәйкес ұйымдастырылады.
6. ТЖМ арнаулы оқу орнында қашықтықтан оқытуды қолдана отырып, оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда кәсіптік практика мен тағылымдамадан өтуден босатылады. Олар ТЖМ арнаулы оқу орнына қызмет орнынан анықтама және тікелей бастық қол қойған, олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
Мамандық бойынша жұмыс істемейтін, ТЖМ арнаулы оқу орнында қашықтықтан оқытуды қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар негізгі функционалдық міндеттерін орындаудан бос уақытта кәсіптік практика мен тағылымдамадан өту үшін ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен қызмет орны бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
7. Кәсіптік практика мен тағылымдамадан өтуге жолдама ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен тәжірибе мен тағылымдамадан өту мерзімдері мен орны, сондай-ақ ТЖМ арнаулы оқу орнынан кәсіптік практика мен тағылымдама жетекшілері көрсетіле отырып ресімделеді.
8. ТЖМ арнаулы оқу орны білім алушыларды кәсіптік практика мен тағылымдамаға жіберер алдында күнтізбелік 7 күн ішінде ТЖМ аумақтық бөлімшелерін, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін кәсіптік практика мен тағылымдаманы өткізу мерзімдері, білім алушылардың саны және олар тәжірибеден өтетін (тағылымдамадан өтетін) нақты лауазымдары туралы хабардар етеді.
ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен тәжірибе ерекшелігі бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар ТЖМ арнаулы оқу орны кафедраларының және тиісті бөлімшелерінің профессорлық-оқытушы құрамы қатарынан тәжірибе және тағылымдама жетекшілері тағайындалады.
Бітіртуші кафедралар білім алушыларды әдістемелік нұсқаулармен, тәжірибе және тағылымдама күнделігімен қамтамасыз етеді.
9. Әдістемелік нұсқауларды бейіндік кафедралар әзірлейді, оқу-әдістемелік кеңестің отырысында қаралады және ТЖМ арнаулы оқу орны ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
10. Әдістемелік нұсқаулар:
1) жалпы ережелерден;
2) кәсіптік практика мен тағылымдаманың оқу, тәрбие мақсаттары мен міндеттерінен;
3) кәсіптік практика мен тағылымдама кезеңдерінен;
4) ұйымдастыру іс-шаралары, арнаулы оқу орнынан кәсіптік практика мен тағылымдама жетекшілерінің, аумақтық бөлімшелерден кәсіптік практика мен тағылымдама білім алушылары мен басшыларының міндеттері мен құқықтарынан;
5) алдағы кәсіптік практика мен тағылымдама бейіні бойынша тапсырмалардан, әдістемелік ұсынымдардан, оларды орындау мерзімдерінен;
6) білім алушылардың тәжірибе және тағылымдама бойынша есепті дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдерінен, есептік материалдардың мазмұнына қойылатын талаптардан;
7) кәсіптік практика мен тағылымдама бойынша есептік құжаттама үлгілерінен тұрады.
11. ТЖМ арнаулы оқу орнының кәсіптік практика мен тағылымдама жетекшісі білім алушылармен консультациялар өткізеді, кәсіптік практика мен тағылымдама бойынша есептерді тексереді және оларды ТЖМ арнаулы оқу орны кафедрасының бастығына ұсынады.
12. ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері:
білім алушылардың кәсіптік практика мен тағылымдамадан өтуі үшін бөлімшелерді айқындайды;
осы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, жоғары іскерлік және моральдық қасиеттері бар неғұрлым даярланған қызметкерлер (әскери қызметшілер) қатарынан тәжірибе және тағылымдама тікелей жетекшілерін бұйрықпен бекітеді, осы бұйрықпен тәжірибе және тағылымдама жетекшілеріне білім алушыларды (бір қызметкерге үштен аспайтын) бекітеді, бұл туралы ТЖМ арнаулы оқу орнынан тәжірибе ұйымдастыру туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде ТЖМ арнаулы оқу орнын хабардар етеді;
тәжірибе және тағылымдама кезеңінде білім алушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты лауазымдағы міндеттерін орындағаны туралы куәландыратын жеке басын куәландыратын құжатқа қосымша парақты уақтылы ресімдеуді және беруді ұйымдастырады.
Білім алушыларды бөлімшенің жеке құрамына таныстырады, олардың құқықтық жағдайын, тәжірибе және тағылымдама жетекшілерінің, білім алушылардың өз міндеттерін орындау кезіндегі бөлімшелердің басқа да қызметкерлерінің (әскери қызметшілер) рөлі мен орнын түсіндіреді.
Кәсіптік практика мен тағылымдамадан өтуін бақылауды, тәжірибе мен тағылымдаманың қорытындыларын шығаруды, тәжірибе мен тағылымдаманың нәтижелерін жинақтауды және талдауды, оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді аумақтық бөлімшенің басшысы жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Кәсіптік практика мен тағылымдамадан өту үшін келген кезде білім алушылар азаматтық қорғау органынан тәжірибе және тағылымдама жетекшісімен бірлесіп, әдістемелік нұсқаулар негізінде жеке жоспарлар әзірлейді.
Жеке жоспарды азаматтық қорғау органының тәжірибе және тағылымдама жетекшісі бекітеді.
14. Азаматтық қорғау органының тәжірибе мен тағылымдаманың тікелей жетекшісі жеке жоспардың орындалуын күнделікті бақылауды жүзеге асырады, білім алушыға кәсіптік практика мен тағылымдамадан өту бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, учаскедегі (объектідегі, аудандағы) жедел жағдаймен, орындалатын жұмыстардың сипатымен және ерекшеліктерімен таныстырады, білім алушының жұмысын тұрақты есепке алуды және бағалауды жүзеге асырады, олардың тиісті құжаттаманы жүргізуіне, тәртіп пен ішкі тәртіпті сақтауына бақылауды жүзеге асырады, білім алушының жеке және іскерлік қасиеттерін зерделейді, білім алушыға кәсіптік практика мен тағылымдама аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын мінездеме жасайды және оны азаматтық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің бастығына бекітуге ұсынады.
15. Білім алушыға мінездемеде жеке жоспарды орындау сапасы, білім алушының лауазымдық міндеттерді орындауға дайындық дәрежесі, нормативтік құқықтық құжаттарды білуі және оларды жұмыста пайдалана білуі, жедел-қызметтік құжаттарды жасау дағдыларының болуы, арнайы техникалық құралдарды сауатты қолдануы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, моральдық-ерік-жігер қасиеттері, тәртіптібі, тыңғылықтылығы, жалпы мәдени даму деңгейі, білім алушыны қызметте пайдалану бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Тәжірибе мен тағылымдаманың тікелей басшысы мінездемеде тәжірибе мен тағылымдама үшін келесі бағалар:
1) "100-90 балл / үздік" - тәжірибе бойынша есептің және тәжірибеден өту күнделігінің мазмұны мен ресімделуі қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді, курсанттың мінездемелері оң, тәжірибе бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауаптар толық және дәл;
2) "89-70 / жақсы" - тәжірибеден өтуге қойылатын негізгі талаптарды орындаған кезде және есеп пен күнделіктің мазмұны мен нысандары бойынша елеусіз ескертулер болған кезде курсанттың сипаттамасы оң, тәжірибе бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауаптарда курсант белгілі бір дәлсіздіктерге жол береді, бірақ тұтастай алғанда сенімді жауап береді және жақсы білімі бар;
3) "69-50 / қанағаттанарлық" - есеп пен күнделіктің ұқыпсыз ресімделуі. Тәжірибе бағдарламасының барлық сұрақтары көрсетілген, бірақ жеке маңызды қателіктері бар, курсанттың сипаттамалары оң, тәжірибе бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап бергенде курсант қателіктер жібереді;
4) "49-0 / қанағаттанарлықсыз" - баға курсантқа, егер есепте тәжірибе бағдарламасының барлық бөлімдері қамтылмаса, сұрақтарға қанағаттанарлық жауап бермесе, қызметтердің, басқаруды ұйымдастырудың функциялары туралы нақты түсінігі болмаса, практикалық дағдылары мен басқаруды ұйымдастыру деңгейін бағалауы болмаса қойылады.
3. Кәсіптік практика мен тағылымдаманың қорытындыларын шығару
16. Кәсіптік практика мен тағылымдама қорытындылары бойынша білім алушылар ТЖМ арнаулы оқу орнының тиісті кафедрасына аумақтық бөлімшелерден тәжірибе және тағылымдама жетекшісі берген мінездемесі (пікірі) бар тәжірибе және тағылымдама бойынша есепті ұсынады.
Тәжірибе және тағылымдама жөніндегі есепті арнаулы оқу орнының тәжірибе және тағылымдама жетекшісі тексереді және комиссия алдында қорғалады.
17. Комиссия құрамына арнаулы оқу орнының тәжірибе және тағылымдама жетекшісі, бітіруші кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы кіреді.
ТЖМ арнаулы оқу орнының бітіруші кафедраларының бастықтары комиссиялардың төрағалары болып табылады. Комиссия құрамы кемінде 3 адамды құрайды.
Комиссия шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
18. Тәжірибе мен тағылымдаманы қорғау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практика мен тағылымдаманы қорғау хаттамасы жасалады.
19. Кәсіптік практика мен тағылымдама бойынша қорытынды баға үлес салмағы қорытынды бағаның 60% құрайтын аумақтық бөлімшенің тәжірибе және тағылымдама жетекшісінің ТЖМ арнаулы оқу орнынан ұсынған есепті қорғау бойынша бағасы ескеріле отырып қойылады, оның үлес салмағы қорытынды бағаның 40% құрайды.
Есепті қорғау нәтижелері дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырыла отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Кәсіптік практика мен тағылымдама бойынша есепті қорғау қорытындылары қорытынды бақылау ведомосына енгізіледі.
Кәсіптік практика мен тағылымдаманың қорытындылары ТЖМ арнаулы оқу орнының тиісті факультеттерінде, кафедраларында талқыланады. Тәжірибе мен тағылымдаманың жалпы қорытындылары ТЖМ арнаулы оқу орнының оқу-әдістемелік кеңесіне шығарылады.
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрлігінің | |
арнаулы оқу орнында | |
білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру | |
және одан өту қағидаларына | |
1-қосымша |
Нысан
ҚОСЫМША ПАРАҚ
№ _________________________________ жеке басын куәландыратын құжатқа
курсант _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)), арнаулы атағы)
_________________________________________________________ лауазымдағы
_____________________________________________________________________
(лауазымның және бөлімшенің атауы)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшесінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің кадр қызметінің бастығы
______________ ___________ _____________________________________________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20__ жылғы "____"____________
20___ жылғы "____"_________________ дейін жарамды
Жеке куәлікті көрсеткен кезде _________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы | |
Төтенше жағдайлар министрлігінің | |
арнаулы оқу орнында | |
білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру | |
және одан өту қағидаларына | |
2-қосымша |
Нысан
Кәсіптік практика мен тағылымдаманы қорғау хаттамасы
№ | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тәжірибе және тағылымдамадан өту орны, лауазымы | Тәжірибе және тағылымдама жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы | Тәжірибені және тағылымдаманы қорғау нәтижелері |
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Тәжірибе және тағылымдама жетекшісі: ______________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________