Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28916 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 27.08.2024 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.

      2. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 7 және 8-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№2 бұйрығына 1-қосымша

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 27.08.2024 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

      2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – ұлттық қауіпсіздік жүйесінде кәсіби қызметті және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

      3) бакалавриат – кемінде 240 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;

      4) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

      5) дипломдық жұмыс – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;

      5-1) дипломдық жоба – жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;

      6) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;

      7) жоғары арнаулы білім (специалитет) – кемінде 300 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маманның біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;

      8) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

      9) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті

      9-1) микробіліктілік - жекелеген еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретін, қысқа оқу кезеңі аяқталғаннан кейін алынған білім, дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;

      9-2) нано-кредит – дербес және аяқталған сипаттағы оқу материалының шағын көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      9-3) кеңейтілетін дәрежелер (Stackable degree (стакэбл дегри)) – әртүрлі салалардан немесе кәсіби қызметтің салаларынан формальды және формальды емес білім арқылы алынған дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;

      10) міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;

      11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖЖОКБҰ дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      12) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі;

      ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде АӘОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      13) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты.

      14) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинақтау жүйесі (ECTS (еситиэс)) – студенттің шетелде алған кредиттерін өзінің білім беру ұйымына оралғаннан кейін олардың дәреже алуы үшін есептелетін кредиттерге аудару, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде кредиттер жинақтау тәсілі;

      15) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімдерінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар;

      16) білім алушылардың білім срезі – білім алушылардың академиялық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау.

2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      3. Жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәндерінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер және осы МЖБС-ға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

      ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды.

      ӘАОО-ларда ЖБП циклі міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен, БП және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады, олардың құрылымы осы МЖБС-ға 3-қосымшада келтірілген.

      3-1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, оларды сипаттау кезінде еуропалық трансферт (аудару) жүйесіне сәйкес және кредиттердің жинақталуы (ECTS) ЖЖОКБҰ мынадай шарттарды ұстанады:

      1) оқыту нәтижелері бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұнын көрсетеді;

      2) оқыту нәтижелері өзара байланысты болып табылады;

      3) оқыту нәтижелері түсінікті болып табылады;

      4) оқыту нәтижелері бағдарламаның оқу жүктемесі шеңберінде қолжетімді болып табылады;

      5) оқыту нәтижелері тиісті оқу қызметіне, бағалау әдістері мен өлшемдеріне байланысты болып табылады.

      4. ЖЖОКБҰ мазмұны ҮОБ-мен айқындалатын ЖБП циклінің тізбесіндегі міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары ерекшелік болып табылады.

      ЖЖОКБҰ тиісті бейіндегі білім беру бағдарламаларын қоспағанда, ҮОБ анықтайтын ЖБП циклінің "Қазақстан тарихы" және "Философия" пәндерінің мазмұнын өзгеріссіз қалдырады.

      Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ кадрларын даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу үшін ҮОБ айқындайтын "Шет тілі", "Орыс тілі", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Дене шынықтыру" пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді.

      ЖЖОКБҰ ҮОБ-мен анықталатын "Қазақ тілі" пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнына 50% - ға дейін өз бетінше өзгерістер енгізеді.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ филиалдары және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының территориясында құрылған шетелдік ЖЖОКБҰ және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша халықаралық стратегиялық әріптестігі бар ЖЖОКБҰ "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі" және "Философия" пәндерін қоспағанда, ҮОБ айқындайтын ЖБП циклі пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді.

      ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖБП циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқыту нәтижелерін тануды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын тұлғалар "Қазақстан тарихы" пәнін оқиды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ЖК және ТК пәндерін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды және еңбек нарығының қажеттілігін, жұмыс берушілердің күтуін және білім алушылардың жеке мүдделерін ескереді.

      ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептер, біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін ескереді.

      6. ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

      Бұл ретте бакалавриат деңгейіндегі барлық білім беру бағдарламалары және (немесе) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары "Қазақстан тарихы" пәнінен оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      ЖБП цикліндегі міндетті компонент пәндері:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде коммуникация бағдарламаларын құруға, салауатты өмір салтына бағдарлауға, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағдарланған;

      2) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттілік жүйесін құрайды;

      3) мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады;

      4) өз өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді;

      5) өзін-өзі дамыту және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады;

      6) қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.

      ЖЖОКБҰ мемлекеттік бақылаудан өту кезеңінде білім алушылар ЖБП циклінің міндетті компонентінің пәндері бойынша білім алушылардың біліміне срез қорытындысы бойынша қол жеткізген оқу нәтижелерін растайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ЖБП циклінің міндетті пәндерін оқып бітіргеннен кейін білім алушы:

      1) ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми ұғыну мен зерделеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған болмысты бағалайды;

      2) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіреді;

      3) әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық жағдайларға өз бағасын береді;

      4) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын танытады;

      5) Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарларын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады;

      6) әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, Әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды;

      7) интегративті процестердің заманауи өнімі ретінде осы ғылымдардың білімін синтездейді;

      8) нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін қолданады;

      9) өзінің адамгершілік және азаматтық ұстанымын дамытады;

      10) қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істейді;

      11) жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді;

      12) әлемде танылған қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді практикада қолданады;

      13) әдіснама мен талдауды таңдауды жүзеге асырады;

      14) зерттеу нәтижелерін қорытындылайды;

      15) жаңа білімді синтездейді және оны гуманитарлық қоғамдық маңызы бар өнім түрінде ұсынады;

      16) тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға түседі;

      17) грамматикалық білім жүйесі негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды жүзеге асыру; қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты талдау;

      18) коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеттері мен іс-әрекеттерін бағалайды;

      19) жеке қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерді пайдаланады;

      20) өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады;

      21) Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды біледі және түсінеді;

      22) игерілген білімді өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қолданады;

      23) әлеуметтік құбылыстарды, процестер мен проблемаларды сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгереді.

      8. ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ЖЖОКБҰ пәнаралық сипатқа ие ЖБП циклінің пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады және білім алушылардың экономика және құқық саласындағы құзыреттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларын, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыруға бағытталған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламасындағы пәндердің көлемінен кемінде 23%-дан аспайды немесе 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), дене шынықтыру, әлеуметтік-саяси білімнің модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

      ӘАОО "Дене шынықтыру" пәнін БП цикліне немесе қосымша оқыту түріне ауыстыруға, ал оған бөлінген кредиттерді ЖК-нің ЖБП циклі ауыстыруға рұқсат етіледі.

      ӘАОО-да ЖК ЖБП циклінің пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.

      11. БП және бейіндеуші пәндер циклі оқу пәндерін, кәсіби практикалардың түрлерін оқуды қамтиды және кемінде 176 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-лар үшін БП циклі жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 112 академиялық кредиттен аспайды. БП цикліне практикалардың барлық түрлері (кәсіптік практика, оқу практикасы, әскери тағылымдама, жауынгерлік дайындық және т.б.) кіреді.

      ӘАОО-ларда бейіндеуші пәндер циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 60 академиялық кредитті құрайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Білім алушылар оқытудың жеке траекториясын анықтау кезінде жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті аясында негізгі (Major) білім беру бағдарламасы пәндерін және (немесе) қосымша (Minor) білім беру бағдарламасы пәндерін таңдай алады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды.

      Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау, кешенді емтихан және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан дайындау және тапсыру нысанында не кешенді мемлекеттік емтихан, екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан тапсыру нысанында өткізіледі.

      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары қарамағында ӘАОО бар мемлекеттік органдар бекітетін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларында айқындалады.

      15. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты жоғары білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелерін бағалау болып табылады.

      16. ЖЖОКБҰ және ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлерін ӘАОО дербес анықтайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде немесе ақылы негізде жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ны қоспағанда, басқа қосымша оқыту түрлерін меңгеру ақылы негізде қамтамасыз етіледі.

      18. Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ЖЖОКБҰ білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.

      Оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.

      Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО -лар оқытуды үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО-лар оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Әр түрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО дербес айқындайды.

      19. Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізетін ЖЖОКБҰ теориялық оқытуды өндірістегі практикалық дайындықпен ұштастыру негізінде білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте пәннің оқу материалының кемінде 30%-ын тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және басқалар) меңгеру қажет.

      20. ЖЖОКБҰ МЖБС және кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

      ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

      ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері кіреді.

      Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

      ЖБП циклінің пәндерін қоспағанда, білім алушылар білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқыту траекториясын дербес айқындайды.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ЖЖОКБҰ модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірлейді. ӘАОО-ларда білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаты дербес айқындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 27.08.2024 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жоғары білімі бар кадрларды даярлау жалпы орта білімнің, техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай - ақ екінші жоғары білім алған кезде жоғары білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламалары базасында жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында - "кіруде" екінші жоғары білімді алу барысында жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейінінің жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес және (немесе) мәндес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады, меңгерілген академиялық кредиттер саны мен оқу мерзімі қысқартылады.

      Оқыту нәтижелері пререквизиттер ретінде сәйкес келген жағдайда формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білім берудің оқыту нәтижелері қайта оқылады.

      22. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 471 қаулысымен бекітілген Өмір бойы оқыту тұжырымдамасына (үздіксіз білім беру) сәйкес формальды емес білім берудің, оның ішінде микровалификацияларды, нано-кредиттерді және арттырылатын дәрежелерді (Stackable degree (стакэбл дегри) оқыту нәтижелерін тануды дербес жүзеге асырады.

      23. ЖЖОКБҰ білім беру мазмұнын, оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоспарлауды жүзеге асырады.

      24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні оның білім берудің тиісті саласына қатыстылығын, оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерін білдіреді және Жіктеуішке сәйкес анықталады:

      1) "Педагогикалық ғалымдар" - педагогикалық жоғары білім;

      2) "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" - жоғары өнертану немесе жоғары гуманитарлық білім;

      3) "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" - әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім немесе PR саласындағы жоғары білім;

      4) "Бизнес, басқару және құқық" - экономикалық білім немесе жоғары заңгерлік білім;

      5) "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" - жоғары жаратылыстану білімі немесе жоғары математикалық білім;

      6) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" - АКТ саласындағы жоғары білім;

      7) "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" - жоғары инженерлік білім;

      8) "Ауыл шауашылығы және биоресурстар" - жоғары ауылшаруашылық білім;

      9) "Ветеринария" - жоғары ветеринарлық білім;

      10) "Денсаулық сақтау" - жоғары медициналық білім;

      11) "Қызмет көрсету" - қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;

      12) "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" - ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары білім.

      Білім беру салалары мен деңгейлері бойынша берілетін дәрежелердің атауы осы МЖБС-ға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.

3-тарау. Студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      25. Оқу жүктемесі оқу пәнін, модулін немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасын толық зерделеу үшін студентке талап етілетін және жоғары білімнің білім беру бағдарламасында белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

      26. Оқу жүктемесі студенттің барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілімен жүргізілетін жұмыс.

      27. Студенттің оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысандарын жоғары және (немесе) ЖЖОКБҰ дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 аптадан кем емес, триместр – 10 аптадан кем емес, тоқсан – 7-8 аптадан кем емес), аралық аттестаттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын ескеру қажет.

      ӘАОО-да курсанттың оқу жүктемесін анықтау кезінде ӘАОО дербес айқындайтын академиялық кезеңнің ұзақтығы негізге алынады.

      28. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі, әдетте, кемінде 60 академиялық кредитті немесе 1800 академиялық сағатты құрайды.

      ЖЖОКБҰ семестр (триместр, тоқсан) бойынша академиялық кредиттердің көлемін дербес бөледі.

      ӘАОО-ларда бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитті құрайды. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 20 академиялық кредитті меңгереді.

      29. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

      30. Осы МЖБС-ның 25, 26-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу 30. Осы МЖБС-ның 27, 28-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Студенттің бір семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне рұқсат беріледі. Оқытудың нысандары мен технологиясына байланысты студенттердің жекелеген санаттары үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оны ЖЖОКБҰ дербес есептейді.

      31. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемі студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

      "Ветеринария" даярлық бағытты бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ сәулет және дизайн саласындағы білім беру бағдарламаларының ерекшелігін ескере отырып, оқудың аяқталғандығының негізгі өлшемшарты студенттің кемінде 300 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

      32. Жоғары білімнің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі бағдарлама немесе жоғары білім беру бағдарламасы базасында немесе жалпы орта білім беру бағдарламасы базасында оқуға түскен студенттерге академиялық кредиттердің саны және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемі ЖЖОКБҰ-ның бұрын қол жеткізген формалды және формалды емес білім беруде қол жеткізілген оқу нәтижелерін тануды, оның ішінде микробіліктілік және нано-кредиттерді ескере отырып, "Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 17588 тіркелген) сәйкес дербес айқындайды.

      33. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

4-тарау. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

      34. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетіледі.

      Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де тұжырымдалады.

      35. Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

      1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

      2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу;

      3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;

      4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;

      5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары;

      6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану;

      7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну;

      8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

      ЖЖОКБҰ-да оқыту нәтижелерін бағалау мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде білім алушылардың біліміне срез арқылы жүргізіледі.

      36. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдарға ЖЖОКБҰ дипломға (Diploma Supplement (диплом саплэмент) қосымшасы және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты тегін береді.

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

      37. Бакалавриатта оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Академиялық кредиттердің белгіленген көлемін игеру және бакалавр дәрежесін алу үшін күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде жоғары білімнің білім беру бағдарламасы толық игерілген болып саналады.

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)

кемінде 5280

кемінде 176

1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Кәсіптік практика



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



1)

Таңдау компоненті



4

Қорытынды аттестаттау

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 7200

кемінде 240

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Дене шынықтыру

150

5

2

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

Кемінде 7080

Кемінде 236

1)

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)



2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



3

Кәсіптік практика



1)

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Таңдау компоненті

Кемінде 240

Кемінде 8


Қорытынды аттестаттау

Кемінде 9000

Кемінде 300

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына
3-қосымша

ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы (оқу мерзімі 4 жыл)

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

кемінде 1680

кемінде 56

1)

Міндетті компонент

кемінде 1530

кемінде 51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті

150-ден кем емес

5-тен кем емес

2

Базалық пәндер (БП) циклы

кемінде 3360

кемінде 112

1)

Жоғары оқу орны компоненті



3

Бейіндеуші пәндер циклы

кемінде 1800

кемінде 60

1)

Жоғары оқу орны компоненті



4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



5

Қорытынды аттестаттау

360

12


Барлығы

7200-ден кем емес

240-тан кем емес

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
4-қосымша

Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы

р/н

Білім беру саласының атауы

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт/ бейіндік)берілетін дәреже

Философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

1.

Педагогикалық ғылымдар

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі/ білім магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) /білім докторы

2.

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры
2. "білім беру бағдарламасының атауы және код" білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
3. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі/ өнер магистрі
2. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі/ гуманитарлық білім магистрі
3. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрі/ тіл білімі магистрі

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/Өнер докторы
2. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
3. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

3.

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі/әлеуметтік білім магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

4.

Бизнес, басқару және құқық

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры немесе бизнес және басқару бакалавры
2. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі/ бизнес және басқару магистрі немесе МВА
2. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ докторы немесе "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша DВА
2. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/құқық докторы

5.

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі/жаратылыстану магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

6.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

7.

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

8.

Ауыл шауашылығы және биоресурстар

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі/ауыл шаруашылығы магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

9.

Ветеринария

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария маманы

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары ветеринария ғылымдарының магистрі/ветеринария магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

10.

Денсаулық сақтау

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі/ денсаулық сақтау магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/медицина докторы

11.

Қызмет көрсету

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/ қызмет көрсету саласының магистрі

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

12.

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

"білім беру бағдарламаларының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/әскери ісі және ұлттық қауіпсіздік докторы

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 2 бұйрығына 2-қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) және 5-2) тармақшаларына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы білім беру ұйымдарында, білім беру мазмұны мен оқыту технологиясы ерекше мәртебеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылардың айрықша мәртебесіне сәйкес дербес айқындалады.

      2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:

      1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

      2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

      3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;

      4) ӘАОО-дағы магистрлік диссертация – магистранттың таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және (немесе) практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

      5) ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы не ҮОҚы негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      6) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      7) DBA бағдарламасы (бұдан әрі – DBA (ДиБиЭй)) – бизнес-әкімшілендіруде жобалау жұмысы мен қолданбалы зерттеулер жүргізуге негізделген және басқарушы кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы;

      8) докторант – докторантурада білім алатын адам;

      9) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      10) докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген, жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми проблема шешілген не ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;

      11) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

      12) executive MBA (бұдан әрі – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарламасы;

      13) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогының негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына жеке жасайтын оқу жоспары;

      14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

      15) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;

      16) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

      17) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

      18) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;

      19) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

      20) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;

      21) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;

      22) міндетті компонент – МЖБС-да белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

      23) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламасы мен білім алушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      24) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде білім алушының өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

      25) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      26) іскерлік әкімшілендіру докторы – DBA бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

      27) іскерлік әкімшілендіру магистрі – МВА немесе ЕМВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже;

      28) диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресоч пропозал)) – докторант дайындаған және бірінші немесе екінші оқу жылы ішінде ЖЖОКБҰ бекіткен, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу жасауды және зерттеудің күтілетін нәтижелерін қамтитын құжат.

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар

1 - параграф. Магистратура

      3. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:

      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;

      2) магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;

      3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы. ӘАОО үшін магистрлік диссертацияны немесе магистрлік жобаны орындау;

      4) қорытынды аттестаттау.

      4. Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және таңдау бойынша компонент (бұдан әрі – ТК) пәндерінен тұрады.

      ӘАОО-да БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК пәндерін қамтиды.

      5. Жоғары оқу орны компоненті және таңдау бойынша компонент пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығының сұранысы, жұмыс берушілердің талабы, магистранттардың сұраныстары мен мүдделері ескеріледі.

      ӘАОО-ны және мемлекеттің 100% қатысуымен сенімгерлік басқарудағы ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның барлық білім беру бағдарламаларының БП циклінің жоғары оқу орны компоненті "Ғылым тарихы мен философиясы", "Шет тілі (кәсіби)", "Жоғары мектеп педагогикасы", "Басқару психологиясы" пәндерін, бейінді бағыт үшін "Менеджмент", "Басқару психологиясы", "Шет тілі (кәсіби)" пәндерін қамтиды.

      ЖЖОКБҰ-лар пәнаралық сипатқа ие БП циклінің жоғары оқу орны компоненті пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар әзірлейді.

      6. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 35 академиялық кредитті құрайды. Олардың 20 академиялық кредиті ЖК-ға тиесілі.

      ӘАОО-ларда ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 16%-ын құрайды.

      7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 53 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 46%-ды құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бейінді бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі ЖЖОКБҰ-ның қалауы бойынша ЖК мен ТК арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемі кемінде 29 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда бейінді бағыттағы магистратурада магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен бейіндеуші пәндер циклінің көлемі кемінде 47% (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 50%-ды (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.

      11. Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.

      12. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

      13. Білім беру мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін жоспарлауды ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйым кредиттік оқыту технологиясы негізінде дербес жүзеге асырады.

      14. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      15. Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      Бизнес-орта үшін мамандар даярлау мақсатында ЖЖОКБҰ MBA бағдарламаларын іске асыра алады.

      16. Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып табылады:

      1) магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;

      2) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.

      17. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:

      1) БП циклінде педагогикалық – ЖЖОКБҰ -да (ӘАОО-ларда БП циклінде және ОҚТ);

      2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде (ӘАОО-ларда МҒЗЖ шеңберінде).

      18. Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте ЖЖОКБҰ қалауы бойынша магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.

      19. Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.

      20. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер циклінде өндірістік практиканы қамтиды.

      Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.

      ӘАОО-да өндірістік практика МҒЗЖ шеңберінде кәсіптік практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізіледі.

      21. Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.

      22. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.

      Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келеді.

      Шетелде тағылымдамадан өткен жағдайда, тағылымдама халықаралық рейтингтерге енгізілген жетекші ғылыми ұйымдарда және ЖЖОКБҰ-да, соның ішінде тиісті бағытта (by Subject (бай сабджект)) жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ-да мәдениет және өнер саласында тағылымдама "Өнер" бағыты бойынша халықаралық рейтингтерге кіретін және (немесе) халықаралық кәсіптік қоғамдастықтар мен қауымдастықтардың құрамына кіретін жетекші ғылыми ұйымдарда және ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 14 күнді құрайды.

      Тағылымдама бағдарламасы мен апталық жоспарын ЖЖОКБҰ тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп бекітеді.

      Тағылымдама бағдарламасы білім беру және ғылыми компоненттердің болуын қамтиды.

      Тағылымдамадан өтуге зерттеу тақырыбы бойынша алдын ала зерттеу нәтижелері және (немесе) жарияланымдары бар адамдар жіберіледі.

      Шет тілінде тағылымдамадан өткен жағдайда тіл білу туралы сертификаты болуы қажет:

      • Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи)) шекті балл – 163 балдан кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл – 60-тан кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи)) шекті балл – 498-ден кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливеред тэстинг) (TOEFL PDT (ТОЙФЛ ПиДиТи)) – шекті балл – 65-тен кем емес,

      • International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) (IELTS IELTS (АЙЛТС)) шекті балл – 6,0 кем емес;

      • және/немесе неміс тілі (Германия, Австрия, Швейцария, Лихтенштейн, Бельгия немесе Люксембургте тағылымдамадан өтетін жағдайда): Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/C1 деңгейі);

      • және/немесе француз тілі (Бельгия, Канада, Люксембург, Монако, Франция немесе Швейцарияда тағылымдамадан өткен жағдайда): Test de Français International™ Тест де франсэ Интернасиональ - (TFI (ТФИ)) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B1 деңгейінен төмен емес, Diplome d’Etudes en Langue franзaise Диплом дэтюд ан Ланг франсэз - (DELF (ДЭЛФ),), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue française Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du français Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ)) - кемінде 400 балл.

      МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке кезеңде жоспарланады.

      ӘАОО-да ғылыми тағылымдама МҒЗЖ шеңберінде жүргізіледі.

      23. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.

      24. Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

      1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

      2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;

      3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

      4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

      5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

      6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.

      25. Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

      1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

      2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;

      3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

      4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.

      26. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты академиялық аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      27. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.

      28. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

      29. ЖЖОКБҰ магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.

      30. Магистрант қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ғылыми кеңестің шешімі негізінде магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ЖЖОКБҰ өзі айқындайды.

      ӘАОО-да магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      32. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖЖОКБҰ-ның өзі анықтайды.

      33. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау рәсімін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйым дербес айқындайды.

      35. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергеннен кейін педагогикалық қызметке рұқсат етіледі.

      36. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      37. ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын аяқтаған бейінді бағыттағы магистрге негізгі дипломына қосымша тиісті куәлік беріледі.

      Педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын меңгергені туралы куәліктің нысанын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖЖОКБҰ-лар тарапынан міндетті түрде танылады.

      38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде жүргізіледі.

      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен меңгерілген құзыреттерді бағалау болып табылады.

      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) магистрлік диссертация (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.

      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) магистрлік диссертация (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.

      Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға рұқсат болмаған жағдайда, магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауды жүргізу тәртібін ӘАОО дербес айқындайды.

      40. ӘАОО білім алушыларын қоспағанда, магистратурада білім алушылар қажет болған жағдайда оқудың қосымша түрлерін өз бетінше ақылы негізде меңгереді.

      41. МВА (ЕМВА) бітірушілерінің басты және кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптар.

      МВА (ЕМВА) бағдарламасын бітірушілердің құзыреттері мынадай білімдермен және дағдылармен айқындалады:

      1) заманауи нарықтық ортада ұйым қызметінің стратегиялық позициясымен бизнесті басқарудың мәні;

      2) ұйымдардың құрылымы, олардың мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара іс-қимыл жүргізу тетіктері, ұзақ мерзімді перспективада сыртқы контекст жағдайында жұмыс істеу принципі;

      3) стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдамасы;

      4) басқарудың заманауи тәсілдері;

      5) менеджменттің аналитикалық әдістері, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістері, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістері;

      6) бизнестің жаһандану мәні;

      7) бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдерді түрлендіру;

      8) сыртқы ортаның ықпалын анықтау және оны басқарудың практикалық проблемаларын шешу кезінде ескеру;

      9) теория білімдеріне, заманауи зерттеулер мен практиканың талаптарына қарай менеджменттің әртүрлі функционалдық аспектілерін кіріктіру;

      10) компанияны басқару проблемаларын шешуде маркетингтік және қаржылық тәсілдерді пайдалану;

      11) бизнесті жүргізу проблемаларын қарау және оларды халықаралық ортадағы бәсекелестік позициясымен басқару.

      42. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:

      1) кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері;

      2) өндірістік практиканы (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін);

      3) магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау;

      4) қорытынды аттестаттау.

      43. Басты және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары міндетті және элективті компоненттер пәндерінен тұрады.

      Элективті пәндердің тізбесі белгілі бір бизнес саласы үшін МВА (ЕМВА) бағдарламасының дайындау бағытына және мамандандыруына сәйкес айқындалады.

      44. МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      45. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы шеңберінде магистрлер даярлау жалпы бейіндегі кәсіби басқарушыларды (general manager) даярлауға қойылатын талаптарды орындау жағдайында әртүрлі бағыттар бойынша, сондай-ақ корпоративті бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

      46. МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқытуды бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етеді.

      47. ЖЖОКБҰ МЖБС талаптарына сәйкес оқыту нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді, оның негізінде пәндер бойынша оқу жоспарлары (білім алушының оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жоспарлары) және оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

      ЖЖОКБҰ білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайын қамтамасыз етеді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульді оқыту принципі бойынша әзірленеді (ӘАОО-да басқа принциптер бойынша да әзірленеді).

      48. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте "кіруде" магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасы бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер орнатылмайды).

      Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.

      Пререквизиттер ретінде магистрант тануды ЖЖОКБҰ Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсынады.

      Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламаларына сәйкес оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

      ӘАОО үшін жоғары арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері түрлі академияның білімі болған жағдайда бейіндік бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

      49. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

3-тарау. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      50. Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәндерін, модулін немесе барлық білім беру бағдарламасын зерделеуі үшін талап етілетін және білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

      51. Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.

      52. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

      53. Магистранттың жеке жұмыс жоспарының құрылымын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      ӘАОО-да магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

      2) практика (в том числе педагогическая), әскери тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

      3) негіздемесі және құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы;

      4) магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау жоспары;

      5) ғылыми жарияланымдар жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға (ғылыми-теориялық конференцияларға) және тағы басқаларға қатысу.

      54. Магистранттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсандық – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

      55. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

      56. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

      57. Осы МЖМБС-ның 54 және 55-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Магистрант семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын меңгереді. Магистранттардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологиясына байланысты оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және ЖЖОКБҰ дербес есептейді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:

      1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде анықталған;

      2) бейінді магистратурада кемінде 60 академиялық кредитті (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен 60 кредиттен кем емес, 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 кредиттен кем емес және 110 кредиттен көп емес) игеруі болып табылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Магистранттардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

      59. Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді.

      Оқыту нәтижелері барлық магистратураның білім беру бағдарламасының деңгейіндегі сияқты жекелеген модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де тұжырымдалады.

      60. Дескрипторлар білім алушының:

      1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

      2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

      3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

      4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

      5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.

      61. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖЖОКБҰ магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдарға білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты қосымшасымен тегін береді.

      62. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым сұрау бойынша бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплом саплэмент) тегін береді.

      63. Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі.

      64. Магистратурада кадрлар даярлау білім беру бағдарламалары негізінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      1) ғылыми-педагогикалық;

      2) бейінді.

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар 2-параграф. Докторантура

      65. Теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін (бұдан әрі – ЖК) және таңдау компонентін (бұдан әрі – ТК), практиканы қамтитын базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдерінен тұрады. Бұл ретте, БП және бейіндеуші пәндер көлемінің арақатынасын ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.

      ӘАОО-ларда теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін базалық пәндер БП және бейіндеуші пәндер циклдерінен тұрады.

      66. ЖК және ТК пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. Бұл еңбек нарығының қажеттілігі, жұмыс берушілердің үміттері, докторанттардың қажеттіліктері мен мүдделері есепке алынады.

      ӘАОО-да ЖК пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес анықтайды.

      Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.

      67. PhD докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады, бейінді докторантурада, оның ішінде DBA бағдарламалары бойынша – магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білім беру базасында жүзеге асырылады. Докторантураның білім беру бағдарламасына түсу және оның бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда алдыңғы білім беру деңгейінің Оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда докторантқа игеру үшін Пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер белгіленбейді).

      Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.

      Пререквизиттер ретінде докторант тануды ЖЖОКБҰ Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсына алады.

      ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен жағдайда, пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.

      68. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

      69. Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика, білім, медицина, құқық, өнер, экономика, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы, бизнес-әкімшілендіру сияқты әлеуметтік салалар үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

      70. Докторантураның кәсіптік даярлау бойынша білім беру бағдарламалары PhD докторанттар немесе бейіні бойынша докторлар даярлауға арналған аккредиттелген бағдарламаларды іске асыратын шетелдік ЖЖОКБҰ мен ғылыми орталықтар тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.

      71. Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламасы:

      1) PhD бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеу практикасын;

      2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканы қамтиды.

      Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриат және магистратурада сабақ өткізуге тартылады.

      Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі.

      Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру барысында алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі.

      Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен анықталады.

      72. Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдасы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.

      Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.

      73. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардың немесе қызмет салаларының ұйымдарында, оның ішінде шетелде міндетті түрде тағылымдамадан өту көзделеді.

      Тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына, докторлық диссертация тақырыбына және шетелдік консультанттың жұмыс орнына сәйкес келеді.

      Тағылымдама халықаралық рейтингтерде алғашқы 1000 позицияны немесе тиісті бағыт (by Subject (бай сабджект)) бойынша алғашқы 200 позицияны алатын жетекші шетелдік ғылыми ұйымдарда және ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ-да мәдениет және өнер саласында тағылымдама "Өнер" бағыты бойынша халықаралық рейтингтерге кіретін және/немесе халықаралық кәсіби қоғамдастықтар мен қауымдастықтардың құрамына кіретін жетекші шетелдік ғылыми ұйымдарда және ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      Докторанттың шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды, тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайды.

      Тағылымдама бағдарламасы мен апталық жоспарын ЖЖОКБҰ базасында тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп бекітеді.

      Тағылымдама бағдарламасы білім беру және ғылыми компоненттердің болуын қамтиды.

      Тағылымдамадан өтуге зерттеу тақырыбы бойынша алдын ала зерттеу нәтижелері және (немесе) жарияланымдары бар адамдар жіберіледі.

      Шет тілінде тағылымдамадан өткен жағдайда тіл білу туралы сертификаты болуы қажет:

      • Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – 163 балдан кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл – 60-тан кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) шекті балл – 498-ден кем емес,

      • Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливеред тэстинг) (TOEFL PDT (ТОЙФЛ ПиДиТи), шекті балл – 65-тен кем емес,

      • International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) (IELTS (АЙЛТС)), шекті балл – 6,0 кем емес;

      • және/немесе неміс тілі Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/уровень C1), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/ C1 деңгейі);

      • және/немесе француз тілі: Test de Français International™ Тест де франсэ Интернасиональ - (TFI (ТФИ)) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B1 деңгейінен төмен емес, Diplome d’Etudes en Langue franзaise Диплом дэтюд ан Ланг франсэз - (DELF ДЭЛФ)), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue française Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du français Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - 50 балдан кем емес.

      Тағылымдама нәтижелері ЖЖОКБҰ-ның ғылыми семинарында қарастырылады.

      74. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ қойылатын талаптар:

      1) докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;

      2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

      3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді;

      4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді;

      5) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі;

      6) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.

      75. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ қойылатын талаптар:

      1) докторлық диссертация қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;

      2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

      3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделіп, интеграцияланған, функционалдық сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсыныстарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;

      4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;

      5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады.

      76. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Докторантураның академиялық аттестациясын өткізу тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.

      77. Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.

      ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.

      78. Докторлық диссертацияға жетекшілік ету үшін докторантқа оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ғылыми жетекші тағайындалады.

      Ғылыми басшылық Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ЖЖОКБҰ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      79. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖЖОКБҰ-ның ғалымы болады ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" даярлау бағыттары тобынан басқа).

      Бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кем дегенде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың біреуі тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманы болады.

      Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуына және академиялық адалдық принциптерінің сақталуына және диссертациялық жұмыстың қорғауға уақытылы ұсынылуын қамтамсыз етеді.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Докторлық диссертацияның тақырыбы оқудың бірінші семестрде анықталып, ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі. Докторлық диссертация тақырыбының атауына бірінші оқу жылы ішінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Егер диссертациялық зерттеудің мазмұны қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын материалдарды қамтитын болса, тақырыпқа және диссертациялық зерттеуге заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті белгі беріледі.

      81. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

      82. Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес жарияланады.

      83. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 10-қосымшаға сәйкес, ӘАОО-да 11-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      ӘАОО-лар үшін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары модульдік оқыту принципі бойынша құрылымдалады.

      84. Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және "Дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген дәрежелер беру қағидаларының 5-1-тармағында қойылатын талаптар белгіленген диссертациялық жұмыс немесе мақалалар сериясы нысанында өткізіледі.

      Докторлық диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүзеге асыратын басқа авторлардың мәтінін пайдалануын анықтау мәніне тексеруден өтеді.

      85. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады.

      86. DВА бітірушілерінің негізгі және кәсіби құзыреттері білім алушының қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

      1) ұйымдастыруға жүйелі тәсілдің әдіснамасын, басқарудың заманауи тәсілдерін және менеджменттің аналитикалық әдістерін, диагностикалау, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыра білу әдістерін меңгеру;

      2) менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешу және осы шешімдерді өмірде жүзеге асыру, басқару функцияларын орындауға дайын болу және тұтастай ұйымның мүддесі үшін кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті болу;

      3) тиісті басқарушылық лауазымға орналасу үшін қажетті және нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен оның мүмкіндіктерін, мемлекеттің функциялары мен экономикалық рөлін терең түсінуге, экологиялық проблемаларды түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және оны жүргізудің өркениетті этикалық нормаларына сүйенгенін түсінуге негізделген қажетті білімді, іскерлік пен дағдыларды меңгеру:

      4) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі проблемалары мен перспективаларын бағалай, әлемдік экономика мен жаһанданудың қазіргі даму үрдістерін түсіне және халықаралық бәсекелестік мәселелерін басшылыққа ала білу.

      87. DВА білім беру бағдарламасы:

      1) теориялық оқытуды;

      2) ғылыми-зерттеу жұмысын, оның ішінде докторлық диссертацияларды орындауды;

      3) қорытынды аттестаттауды қамтиды.

      88. DBA білім беру бағдарламасының мазмұны қазақстандық бизнес пен менеджменттің ерекшеліктері мен принциптерін, халықаралық бизнесті және шетелдік басқару тәжірибесін зерттеуді ескере отырып әзірленеді.

      ЖОО компоненті мен таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.

      89. DBA білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 9-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      90. DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компоненті докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарынан, басылымдары мен докторлық диссертациясын жазуынан қалыптастырылады.

      91. Докторанттың зерттеулерінің нәтижелері кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде кемінде 3 (үш) алыс шетелдердегі ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланады.

      Докторанттың зерттеу нәтижелері қоғамдық талқылаудан өтеді.

      92. DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалатын, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультант жүзеге асырады.

      93. DBA бағдарламалары бойынша оқытуды ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар және даярлау бағыты бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар профессорлық-оқытушылық құрам жүзеге асырады.

      94. ЖЖОКБҰ заманауи білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы DBA бағдарламасын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етеді.

      95. DBA білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға ЖЖОКБҰ аттестаттау комиссиясының шешімімен Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесі беріледі.

3-тарау. Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар

      96. Оқу жүктемесі докторантқа оқу пәнін, модульді, барлық білім беру бағдарламасын зерттеуге және білім беру бағдарламасының белгіленген оқу нәтижелеріне жету үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

      97. Оқу жүктемесі докторанттың барлық оқу қызметін қамтиды: дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар, топтық жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, өндіріс орнындағы практика, ғылыми немесе кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (тәжірибелік-зерттеу жұмысы), докторлық диссертацияны жазу мен қорғау, өзіндік жұмыс, оның ішінде ғылыми жетекшінің басшылығымен.

      98. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

      ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      ӘАОО-да докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны;

      2) практика (педагогикалық практика қажет болғанда), тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру түрі);

      3) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;

      4) докторлық диссертацияны орындау жоспары;

      5) ғылыми басылымдар жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға қатысу) және т.б.

      100. Докторанттың оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым анықтайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратындығы ескеріледі.

      101. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 кредитке тең және бір оқу жылында 1800 академиялық сағатта сәйкес келеді. Бұл ретте бір семестр ішінде докторант 30 академиялық кредитті меңгереді.

      102. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

      103. Осы МЖБС-ның 100 және 101-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін көрсетеді. Докторанттың семестрде академиялық кредиттің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне жол беріледі. Докторанттардың жекелеген санаттары үшін оқытудың нысаны мен технологиясына байланысты оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты өзгеше болуы мүмкін және ЖЖОКБҰ тарапынан өз бетінше есептелуі мүмкін.

      104. Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

      Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген және диссертациясын нәтижелі қорғаған докторантқа философия докторы (PhD) немесе оқу мерзіміне қарамастан бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

4-тарау. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      105. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді.

      Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.

      106. Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:

      1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;

      2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

      3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;

      4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

      5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;

      6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.

      107. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің оң шешімімен докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес диплом және оның қосымшасы (транскрипт) беріледі.

      108. PhD докторы дәрежесін алған тұлғалар ғылыми білімдерін тереңдету, мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін постдокторлық бағдарламаны орындайды немесе таңдаған ЖЖОКБҰ-ның жетекші ғалымының жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

      109. Бейінді докторантураның түлегі педагогикалық бейін пәндерінің циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады. Бұл цикл қосымша академиялық кезеңде игеріледі (егер докторантураның білім беру бағдарламасында қарастырылмаса), оны аяқтағаннан кейін негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі.

      110. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) орындамаған докторантқа ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) академиялық кредиттерін қайта меңгеруге және келесі жылдары диссертацияны ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) орындаған, бірақ докторлық диссертация (жоба) қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері және академиялық кредиттер беріледі және диссертациясын бітіргеннен кейін екі жыл ішінде тегін қорғауға, ал келесі жылдары кемінде 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі.

      Бұл ретте докторант бітіргеннен кейін 3 жыл өткен соң ақылы негізде диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресорч пропозал)) қайта бекітілгеннен кейін ғана қорғалады.

      ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа диссертациясын келесі жылдары қорғауға мүмкіндік беріледі. Ғылыми компонент кредиттерін қайта меңгеру және диссертацияны қорғау тәртібін ӘАОО өз бетінше анықтайды.

5-тарау. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар

      111. Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық меңгерілген болып есептеледі.

      112. Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

      1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогикалық;

      2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

      113. DВА білім беру бағдарламасы бойынша типтік оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды.

  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

2640

88

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

1050

35

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

600

20

оның ішінде:



Ғылым тарихы мен философиясы



Шет тілі (кәсіби)



Жоғары мектептің педагогикасы



Басқару психологиясы



Педагогикалық практика



2)

Таңдау компоненті (ТК)

450

15

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

1590

53

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Таңдау компоненті (ТК)



3)

Зерттеу практикасы



2

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

720

24

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

240

8


Барлығы

кемінде 3600

кемінде 120

  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына
2-қосымша

ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

Р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық кредит бойынша

1

2

3

1

Теориялық оқыту

кемінде 74

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 16%

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):


1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 46 %

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)


2

Ғылыми-зерттеу жұмысы

34 аспайтын

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)


4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

12 аспайтын

1)

Кешенді мемлекеттік емтихан (КМЕ)


2)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)



Барлығы

кемінде 120

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
3-қосымша

Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

1 жылдық типтік оқу мерзімімен

1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

5

6

1.

Теориялық оқыту

кемінде 1170

кемінде 39

1920

64

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 300

кемінде 10

450

15

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

180

6

180

6

Оның ішінде:





Шет тілі (кәсіби)





Менеджмент





Басқару психологиясы





2)

Таңдау компоненті (ТК)

кемінде 120

кемінде 4

270

9

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 870

кемінде 29

1470

49

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)





2)

Таңдау компоненті (ТК)





3)

Өндірістік практика





2

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 390

кемінде 13

540

18

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 390

кемінде 13

540

18

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)





4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ)

кемінде 240

кемінде 8

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 1800

кемінде 60

кемінде 2700

кемінде 90

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  4-қосымша

ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

      .

Р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы



Типтік оқыту мерзімі 1 жыл

Типтік оқыту мерзімі 1,5 жыл



академиялық кредит бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Теориялық оқыту

кемінде 35

кемінде 60

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 12%

кемінде 15%

1)

Жоғары оқу орны компоненті компоненті (ЖК)



1.2

Бейіндеуші пәндер (КП) циклі

кемінде 47%

кемінде 50%

1)

Жоғары оқу орны компоненті компоненті (ЖК)



2.

Эксперименттік-зерттеу

кемінде 13

кемінде 18

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)



2)

Өндірістік практика (кәсіби практика немесе әскери тағылымдама)


3)

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)


4)

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

12 аспайтын

12 аспайтын

1)

Кешенді мемлекеттік емтихан (КМЕ)



2)

Магистрлік диссертацияны (жобаны) ресімдеу және қорғау (МДРҚ)




Барлығы

кемінде 60

кемінде 90*

      Типтік оқыту мерзімі 1,5 жылды құрайтын бейінді магистратурада жалпы еңбек сыйымдылығы 110 кредиттен аспайтын көлемді құрауы мүмкін.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
5-қосымша

Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

900

30

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):



Оның ішінде:



Ғылым тарихы мен философиясы



Жоғары мектеп педагогикасы



Педагогикалық практика



2)

Таңдау компоненті (ТК)



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Таңдау компоненті (ТК)




Барлығы

кемінде 900

кемінде 30

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік жалпыға
  міндетті стандартына
  6-қосымша

МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с№

Блоктар мен пәндердің атауы

Жалпы сыйымдылығы

МВА

ЕМВА

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академия-лық кредит бойынша

1

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы

1740

58

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті:

180

6

180

6


Стратегиялық менеджмент

90

3

90

3


Бизнес-зерттеу

90

3

90

3

2)

Таңдау компоненті

1320

44

1320

14


Оның ішінде көшпелі модуль/ шетелде тағылымдамадан өту*





3)

Өндірістік практика

кемінде 240

кемінде 8



2

Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы

600

20

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті





2)

Таңдау компоненті





3

Эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау

900

30

540

18

4

Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/жобаны жазу және қорғау)

360

12

360

12


Барлығы

кемінде 3600

кемінде 120

кемінде 1800

кемінде 60

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  7-қосымша

Докторантураның ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық компоненті

1350

45

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі 1) Академиялық хат 2) Ғылыми зерттеу әдістері



1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Педагогикалық практика

кемінде 300

кемінде 10

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Зерттеу практикасы

кемінде 300

кемінде 10

2

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ)

3690

123

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

360

12


Барлығы

кемінде 5400

кемінде 180

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  8-қосымша

ӘАОО-ғы докторантураның ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық компоненті

кемінде 1350

кемінде 45

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті



2)

Педагогикалық практика



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті



2)

Зерттеу практикасы



2.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

3690 аспайтын

123 аспайтын

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

3.

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4.

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау




Барлығы

Кемінде 5400

Кемінде 180

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  9-қосымша

DBA бағдарламасының құрылымы

р/с№

Блоктар мен пәндердің атауы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы

1290

43

1.1

Жоғары оқу орны компоненті:

150

5


Зерттеу әдістері және әдіснамасы

150

5

1.2

Таңдау компоненті

300

10

1.3

Зерттеу практикасы

840

28


оның ішінде көшпелі модуль/шетелде тағылымдамадан өту



2

Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы

300

10


Таңдау компоненті

300

10

3

Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын зерттеу жұмысы

3450

115

4

Қорытынды аттестаттау (докторлық диссертацияны жазу және қорғау)

360

12


Барлығы

кемінде 5400

кемінде 180

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  10-қосымша

Бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық компоненті

1350

45

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі 1) Академиялық хат 2) Ғылыми зерттеу әдістері



1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Зерттеу практикасы

кемінде 600

кемінде 20

2

Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (ДЭЗЖ)

3690

123

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

360

12


Барлығы

кемінде 5400

кемінде 180

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
  білім берудің мемлекеттік
  жалпыға міндетті стандартына
  11-қосымша

ӘАОО-ғы докторантураның бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы


р/с

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

в академических кредитах

1

2

3

4

1.

Теориялық компоненті

кемінде 1350

кемінде 45

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Зерттеу практикасы



2

Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (ДЭЗЖ)

кемінде 3450

кемінде 115

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау




Барлығы

кемінде 5400

кемінде 180


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады