Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 200 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.";
6-тармақ алып тасталсын;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні __________________________________________________
Бағалау күні ________________________________________________
Негіздеме __________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ____________________________
___________________________________________________________
№ | Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері | Дәрежесі | Өзіне-өзі қызмет көрсетуді бағалау | Белгі (+ немесе -) |
1 | Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | Бірінші | Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | |
Екінші | Біреудің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | |||
Үшінші | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу | |||
2 | Өздігінен жүріп-тұру қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдардың және жеке өмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті | |||
Үшінші | Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу | |||
3 | Оқу қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті | |
Екінші | Арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті | |||
Үшінші | Оқуға қабілетсіздігі | |||
4 | Еңбек қызметіне қабілеті | Бірінші | Мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті | |||
Үшінші | Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу |
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Туған күні ____________________________________________________
Бағалау күні ___________________________________________________
Негіздеме _____________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _______________________________
______________________________________________________________
№ | Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері | Дәрежесі | Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі | Белгі (+ немесе -) |
1 | Өз бетінше оқу қабілеті | Бірінші | Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті | |
Екінші | Тек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше оқуға қабілетсіздігі | |||
2 | Еңбек қызметіне қабілеті | Бірінші | Біліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті | |||
Үшінші | Еңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі | |||
3 | Бағдарлау қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі | |||
4 | Қарым-қатынас жасау қабілеті | Бірінші | Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі | |||
5 | Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті | Бірінші | Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі | |
Екінші | Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті | |||
Үшінші | Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетсіздігі |