БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпорындар статистикасы мен конънктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
Басшысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | ||||||||
| |||||||||
Индексі | 1-НП |
біржолғы |
есепті кезең |
ай |
жыл |
Ақпаратты облыстық, қалалық, аудандық статистика органдарына жаңадан құрылған заңды тұлғалар және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарда немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орналасқан орны бойынша ұсынады | |||
БСН коды |
Құрметті респондент! Сізді қызметті бастауыңызбен құттықтаймыз! Статистика органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін келесі сұрақтарға жауап беруіңізді және толтырылған сауалнаманы статистиканың тиісті бөлімшесіне жолдауыңызды сұраймыз Уважаемый респондент! Поздравляем Вас с началом деятельности!
Для взаимодействия с органами статистики просим ответить на следующие вопросы и направить заполненную анкету в соответствующее подразделение статистики
Сұрақтарға жауап бергенде сұраққа қарама-қарсы орналасқан тиісті жолды толтырыңыз немесе тиісті ұяшыққа "V" белгісін қойыңыз
При ответе на вопрос, пожалуйста, заполните соответствующие поля напротив вопроса, либо поставьте отметку "V" в соответствующей ячейке
1. Кәсіпорынның нақты мекенжайын көрсетіңіз:
Укажите, пожалуйста, фактический адрес предприятия:
Почта индексі | |
Облыс | |
Қала, аудан (немесе қаланың ауданы) | |
Елді мекен (ауыл) | |
Орналасқан жері (көше, даңғыл) | |
Үйдің және офистің (пәтердің) нөмірі | |
Телефон нөмірі | |
Факс | |
Электрондық мекенжайы |
2. Сіздің кәсіпорныңызда статистика органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша кімге жүгінуге болады?
К кому на Вашем предприятии можно обратиться по вопросам взаимодействия с органами статистики?
Кәсіпорын басшысына К руководителю предприятия | Өзге тұлғаға (егер "Өзге тұлғаға" белгіленсе Тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жекесәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), телефон нөмірін, электрондық мекенжайын толтырыңыз)К иному лицу (если отмечено "К иному лицу" заполните Фамилию, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер (далее - ИИН), номер телефона, электронный адрес) |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
ЖСН | |
Телефон нөмірі | |
Электрондық мекенжайы |
3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес Сіздің кәсіпорныңыз қандай қызмет түрін жүзеге асыратынын көрсетіңіз:
Укажите, пожалуйста, какого рода деятельность будет осуществлять Ваше предприятие, в соответствии с Общим классификатором видов экономической деятельности:
3.1 |
Негізгі қызмет түрін көрсетіңіз | |
3.2 |
Қосалқы қызмет түрін көрсетіңіз | |
4. Сіздің кәсіпорныңыз қандай да бір экономикалық қызмет түрін (өнім өндіруді, құрылысты, тауарлар өткізуді және қызметтер көрсетуді) жүзеге асырады ма:
Осуществляет ли Ваше предприятие какую-либо экономическую деятельность (производство продукции, строительство, реализацию товаров и оказание услуг):
Жүзеге асырады ОсуществляетЖүзеге асырмайды Не осуществляет |
5. Көрсетіңіз:
Укажите, пожалуйста:
Қызметкерлердің тізімдік саны |
1Ескертпе:
1Примечание:
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған >>Жіктеуіштер>>Статистикалық жіктелімдер) сәйкес толтырылады
Заполняется в соответствии с Общим классификатором видов экономической деятельности (размещен на интернет-ресурсе www.stat.gov.kz >> Классификаторы >> Статистические классификации)
6. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейін | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Атауы Мекенжайы (респонденттің)
Наименование ___________________ Адрес (респондента) _______________________
Телефоны (респонденттің)
Телефон (респондента) ____________________ _______________________________
стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) ______________________________________
Орындаушы
Исполнитель _________________________________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы тұлға
Главный бухгалтер или лицо, исполняющее
его обязанности __________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо, исполняющее
его обязанности __________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарболып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"
Басшысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы "23" қаңтардағы № 8 бұйрығына 2-қосымша |
"Жаңа кәсіпорындарға сауал салу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Жаңа кәсіпорындарға сауал салу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жаңа кәсіпорындарға сауал салу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
қызметтің негізгі түрі – қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;
қосалқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.
3. Тізімдік саны бойынша статистикалық нысанды толтырғанда, жұмыс берушінің актілерін орындай отырып, жұмысты белгілі бір мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша орындайтын, есепті кезеңде ұйымның тізімінде бар барлық қызметкерлер, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдар (төлемақысыз және қандай да бір келісімшартсыз орындалған жұмысты білдіреді) ескеріледі.
3.1 Тізімдік санға мыналар енгізіледі:
1) Қызметкерлер:
бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істейтін басқа елдердің жұмысшылары мен мамандары, сондай-ақ шетелдік жұмыс күштері – республика аумағында еңбек әрекетін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші елден тысқары жалдаған шетелдіктер және азаматтығы жоқ азаматтар;
жұмысты вахталық әдіспен орындау үшін жіберілгендер;
толық емес жұмыс уақытына жұмысқа қабылданғандар;
қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қабылданғандар (он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер; ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер; бірінші және екінші топтардағы мүгедектер);
олардың сол ұйымдағы жалақысы сақталатын болса, іссапарларда жүргендер, сондай-ақ шетелдерде қысқа мерзімді қызметтік іссапарларда жүрген қызметкерлерді қосады;
егер олар жалақыны осы ұйымнан алатын болса, ұйымнан тыс жерлерде уақытша жұмыс істейтіндер (жүктелім бойынша);
егер олардың жалақысы негізгі жұмыс орны бойынша сақталмайтын болса, басқа ұйымдардан жұмысқа уақытша тартылғандар;
егер олар штаттық лауазымға қабылданған болса, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу секторларына жұмысқа тартылған жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінің студенттері;
қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданғандар. Аталған қызметкерлер тізімдік санға еңбек шартының әрекет етуінен бастап енгізіледі;
уақытша жұмыста жоқ қызметкерлердің (науқастануы, оқу демалысы, жүктілігі және босануы бойынша демалыс, бала күтімі бойынша демалыста болуы, мерзімді әскери қызметті өтеу) орнына қабылданғандар;
ұйыммен жұмысты үйінде (үйде жұмыс істейтін қызметкерлер) жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасағандар.
Өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерді пайдалана отырып жұмыс берушімен жұмысты үйде жеке еңбегімен жұмысты орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар жұмысты үйде істейтін қызметкерлер деп саналады.
Қызметкерлердің тізімдік санында жұмысты үйде істейтін қызметкерлер әрбір күнтізбелік күн үшін бүтін бірлік ретінде есептеледі.
2) Адамдар: қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдар (жалақы есептелетін және есептелмейтін).
Қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдардың тізімдік санында әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде есептеледі.
3.2 Сондай-ақ, тізімдік санға ұйымда уақытша болмаған қызметкерлер де кіреді:
1) ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында жүргендер;
2) әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынған қызметкерлерді қоса, себепсіз жұмысқа шықпағандар;
3) білім беру ұйымдарында оқып жүрген және жалақысы сақталмайтын демалыста жүргендер, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде білім беру ұйымдарына түсетін және түсу емтихандарын тапсыру үшін жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;
4) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін қосымша демалыс күнін алғандар;
5) егер олардың жалақысы сақталатын болса, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін білім беру ұйымдарына жұмыстан босатылып жіберілгендер;
6) еңбек ақыны толық немесе жартылай сақтаумен сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, лабораториялық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалысында жүргендер;
7) жүктілік және босануы бойынша демалыста, жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстарда жүргендер;
8) жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісу бойынша қабылданған актілерімен бекітілген ауысымдық кестелерге сәйкес демалыс күндері барлар;
9) қызметкердің өтініші негізінде еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыста жүргендер;
10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауына байланысты жұмысқа шықпаған қызметкерлер;
11) науқастануына байланысты жұмысқа келмегендер (уақытша еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес жұмысқа шыққанға дейін науқастанған бүкіл кезеңі ішінде немесе мүгедектікке шыққанға дейін);
12) өндірістің бос тұруына байланысты орнында болмағандар;
13) сот өкімі шыққанға дейін тергеуде жатқандар;
14) ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға жіберілгендер, оның ішінде құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау мақсатында жіберілгендер;
15) шақыру бойынша әскери қызметті өтеу және әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша дайындықта жүргендер.
3.3 Тізімдік санға мыналар енгізілмейді:
1) Қызметкерлер:
басқа ұйымдардан қоса атқарушылық бойынша жұмысқа қабылданғандар;
егер олардың негізгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталмайтын болса, басқа ұйымға уақытша жұмысқа жіберілгендер.
Қоса атқарушылық бойынша жұмысты орындайтын қызметкерлерге негізгі жұмыс уақытынан бос уақытында еңбек шартының талаптарында тұрақты ақы төленетін басқа жұмысты орындайтын адамдар жатады. Ұйымда еңбек қатынастарында тұрған (негізі жұмыс орны бойынша) немесе екі, бір жарым мөлшермесі бар қоса атқарушылық бойынша жұмысты атқаратын қызметкер осы ұйым қызметкерлерінің тізімдік санына бір адам (бүтін бірлік) ретінде саналады.
2) Мына адамдар:
азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысты орындаушылар;
жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл негізінде ұйымға жұмыс үшін тартылғандар.
Жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар бойынша орындайтын адамдарға ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын, белгіленген нақты жұмыс көлемін (бір жолғы, арнаулы шаруашылық) орындау уақытына ғана шарт бойынша қабылданғандар жатады.
3.4 Есепті кезеңнің басына (соңына) қызметкерлердің тізімдік саны есепті кезеңнің белгілі бір күніне: сол күні қабылданғандарды қоса алғанда және кеткен қызметкерлерді қоспағанда айдың бірінші немесе соңғы күнінде ұйымның тізімдік құрамының қызметкерлер санының көрсеткіші болып табылады.
Белгілі бір кезең ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік санын анықтау үшін жұмыс берушінің актілері негізінде нақтыланатын (қабылдау, қызметкерлерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтар, өкімдер) тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының күн сайынғы есебі жүргізіледі. Тізімдік құрамдағы қызметкерлердің әр күнгі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалануын есепке алу табелінің деректеріне сәйкес болуы тиіс.
3.5 Толық ай жұмыс істеген, сонымен қатар толық ай жұмыс істемеген ұйымдардағы (жаңадан құрылған, таратылған, өндірістің маусымдық сипаты бар ұйымдардағы) есепті айдағы қызметкерлердің орташа тізімдік саны мереке және демалыс күндерін қоса алғанда есепті айдың әрбір күнтізбелік күнін қоса, қызметкерлердің тізімдік санын қосу және алынған соманы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен есептеледі.
Демалыс немесе мереке күнгі тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны соның алдыңғы жұмыс күнгі қызметкерлердің тізімдік санына тең деп қабылданады. Қатарынан екі немесе одан да көп демалыс немесе мерекелік күндер болса, осы күндердің әрқайсысындағы тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны әлгі демалыс немесе мерекелік күндердің алдындағы жұмыс күнгі тізімдік құрамдағы қызметкерлер санымен тең етіп алынады.
4. 1-бөлімде кәсіпорынның мекенжайы бөлігі бойынша ақпарат көрсетіледі.
5. 2-бөлімде кәсіпорынның байланыстағы тұлғалары жөніндегі ақпарат көрсетіледі.
6. 3-бөлімде Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған >> Жіктеуіштер >> Статистикалық жіктелімдерге сәйкес кәсіпорынның қандай қызмет түрімен айналысқалы жатқанын көрсету қажет.
7. 4-бөлімде ағымдағы кезеңге кәсіпорынның қызмет түрін жүзеге асыруы туралы ақпарат көрсетіледі.
8. 5-бөлімде кәсіпорында жұмыспен қамтылғандардың тізімдік саны жөніндегі деректер көрсетіледі.
9. Осы статистикалық нысанды тапсыру электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.