"Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24619 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламенті:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;

      3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Үлгілік регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін,

      азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. Жиналысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жиналысты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мәслихатының қарауына беріледі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі қарайды және ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Үлгілік регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      Ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен аудан (облыстық маңызы бар қала) тиісті мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.".

      2. Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 сентября 2021 года № 88. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2021 года № 24619

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15630) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Типовом регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным приказом:

      дополнить пунктами 3-1, 3-2 и 3-3 следующего содержания:

      "3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения города районного значения, села, поселка, сельского округа:

      1) до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания;

      2) 10-15 тысяч населения – 11-15 членов собрания;

      3) 15-20 тысяч населения – 16-20 членов собрания;

      4) свыше 20 тысяч населения – 21-25 членов собрания.

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Типового регламента.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного (города областного значения) бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата города районного значения, села, поселка, сельского округа по управлению коммунальной собственностью города районного значения, села, поселка, сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом района (города областного значения) кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в соответствующую районную (городскую) избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимами городов районного значения, сел, поселков, сельских округов самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района (города областного значения), государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты маслихата района (города областного значения), представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      часть четвертую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.";

      пункты 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом сельского округа и доводятся аппаратом акима сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Типового регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом.

      Аким сельского округа, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес вышестоящего акима и маслихата соответствующего района (города областного значения) протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Вышестоящий аким после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании маслихата соответствующего района (города областного значения) вопросов, вызвавших несогласие между акимом сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.".

      2. Департаменту анализа регионов и развития местного самоуправления в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курируещего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан А. Иргалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан