ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты (билет) берілмейді.";
76-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын ақпарат жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексеру арқылы жүзеге асырылады.";
105-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.";
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Жүргізуші рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейін немесе таксидегі жұмыс басталғанға дейін отыз минут бұрын және рейсті аяқтағаннан кейін және жұмыстан кейін отыз минуттан кем емес уақытта жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында көрсету бойынша өтеді.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Багаж түбіртегі жоғалған кезде, сақтауға қабылданған багаж иесіне, оның жазбаша арызы бойынша багаждың оған тиістілігі туралы дәлелдер келтіру арқылы беріледі. Бұл жағдайда багажды беру оның иесінің жеке басын растайтын құжаттарына сәйкес түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат бойынша жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі