"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 Бұйрығына қосымша |
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) – рецептілердің жазып берілуін, тауардың фармацевтикалық қызметті жеткізушілерге берілуін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) есепке алу мен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді есепке алуды автоматтандыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
2) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жиынтықтар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру жөніндегі қызметті электрондық түрде алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда куәландырылған бір реттік пароль арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының www.egov.kz (бұдан әрі-портал) жеке кабинетіне кіреді және электрондық форматта өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрінеді.
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін денсаулық сақтау субъектісіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып жүгінеді.
5. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді және мемлекеттік қызметті көрсету туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінімді электрондық форматта берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
6. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысаны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескерілген мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі көзделген.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.04.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті алушы ДҚАЖ-да жазып берілген рецепт бойынша дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алады. Ұсынылған дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат ДҚАЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкіметтің жеке кабинетіне түседі.
Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салу ДҚАЖ-ға келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде жүзеге асырады.
Өңдеу қорытындылары бойынша ұсынылған дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат қалыптастырылады, азаматтардың жекелеген санаттарына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы денсаулық сақтау ұйымына құжаттарды берген сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – Тізбеге сәйкес 3 (үш) сағаттан аспайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.04.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.04.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау субъектілері |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағаттан аспайды; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) оларда деректердің (мәліметтердің) дәйексіз екені анықталса; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру бойынша ақпарат
1. ЖСН:
2. ТАӘ (болған жағдайда):
3. Туған күні:
4. Нозологияның атауы:
5. Көрсетілетін қызметті беруші атауы:
6. Препараттың ХПА:
7. Препараттың саудалық атауы:
8. Рецепт жазып берілген күн:
9. Рецепт нөмірі:
10. Рецептті қамтамасыз ету күні: