"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24782 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

      2-2 - тармақ алынып тасталсын;

      8-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Жеке басын куәландыратын және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманы, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтаманы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

      2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ қандастар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

      4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

      5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

      Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеудің, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

      6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

      7) ұйымның өзге де білім алушылары.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:

      1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (шілде);

      2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);

      3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТжКБ немесе ЖЖОКБҰ жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТжКБ-ның немесе ЖЖОКБҰ -ның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен оған шағым жасауға құқылы.";

      2 және 3 -қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 13 қазандағы
№ 515 бұйрығына
1-қосымша
  Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу
қағидаларына
2-қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс істеу кестесі

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат арқылы (сәйкестендіру үшін).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген) білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 13 қазандағы
№ 515 бұйрығына
2-қосымша
  Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
3-қосымша

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс істеу кестесі

1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің/ Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарты:
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезек броньдалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz орналастырылған

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат арқылы (сәйкестендіру үшін).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген) білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 "Об утверждении Правил распределения мест в общежитиях организаций образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2021 года № 515. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 октября 2021 года № 24782

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 "Об утверждении Правил распределения мест в общежитиях организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 13487) следующие изменения:

      в Правилах распределения мест в общежитиях организаций образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2-2 исключить;

      пункт 8-1 изложить в следующей редакции:

      "8-1. Сведения о документах, удостоверяющих личность и (или) электронный документ посредством сервиса цифровых документов (для идентификации), справку о составе семьи, при наличии семьи, свидетельство о смерти родителя (родителей) (для детей – сирот), справку о наличии в семье 4-х и более детей (для детей из многодетных семей), справку о подтверждении инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10589), справку о подтверждении права для получения государственной адресной социальной помощи, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Конкурсная комиссия осуществляет распределение мест в общежитии с учетом оснований и очередности в следующем приоритетном порядке:

      1) лица с ограниченными возможностями в развитии, инвалиды и инвалиды с детства, дети-инвалиды, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, дети из семей, в которых воспитывается четыре и более несовершеннолетних, лица, у которых один или оба родителя являются инвалидами;

      2) лица из числа молодежи, оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия, дети из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет, лица, приравненные по льготам к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, лица из числа сельской молодежи, поступившие на обучение по образовательным программам, определяющим социально-экономическое развитие села, а также кандасы;

      3) обучающиеся, в рамках проекта "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін – 2050");

      4) обучающиеся, зачисленные на первый курс, обладающие знаком "Алтын белгі", обучающиеся, имеющие сертификат победителя или призера Президентской, международной и республиканской олимпиады и (или) конкурса, а также абитуриенты, окончившие организацию с отличием с подтверждающим документом об образовании (свидетельство, аттестат, диплом);

      5) обучающиеся, принятые на обучение на первый курс в соответствии с государственным образовательным заказом, имеющие высокий балл по итогам Единого национального тестирования или Комплексного тестирования, вступительных экзаменов по предметам или в форме тестирования, проведенных организацией.

      При равенстве баллов по итогам Единого национального тестирования или Комплексного тестирования, вступительных экзаменов по предметам или в форме тестирования, проведенных организацией, учитывается материальное положение обучающегося, при предоставлении справки, подтверждающая принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемая местными исполнительными органами, согласно Правилам формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64;

      6) обучающиеся из числа учащихся старших курсов, имеющие высокие результаты в учебной, научной и общественной работе;

      7) иные обучающиеся организации.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Конкурсная комиссия проводит распределение мест в общежитиях поэтапно:

      1) в конце учебного года (июль) обучающимся в следующем учебном году на всех курсах, кроме первого;

      2) в начале учебного года (август) обучающимся, зачисленным для обучения на первый курс и в порядке перевода из других учебных заведений;

      3) в течение учебного года по мере необходимости – в соответствии с изменениями контингента обучающихся, проживающих в общежитиях, а также для обоснованного заселения переведенных или восстановленных обучающихся.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. На основании сформированного списка для проживания в общежитии за подписью председателя Комиссии обучающемуся выдается направление о предоставлении места в общежитиях ТиПО или ОВПО, либо мотивированный отказ.

      При обращении через портал в "личном кабинете" услугополучателя результат о предоставлении места в общежитии либо мотивированный отказ по предоставлению государственной услуги направляется в форме электронного документа подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица ТиПО или ОВПО.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Жалоба на решение, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан и Законом о государственных услугах.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучатель вправе обжаловать его в порядке предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.";

      приложения 2 и 3 к указанному приказу изложить в редакции согласно приложениям 1, 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

  Приложение 1 к приказу
Министр образования и науки
Республики Казахстан
от 13 октября 2021 года № 515
  Приложение 2
к Правилам распределения
мест в общежитиях
организаций образования

Стандарт государственной услуги: "Предоставление общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования"

1

Наименование услугодателя

Организации технического и профессионального, послесреднего образования

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:
1) Организации технического и профессионального, послесреднего образования;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

Срок оказания - 3 рабочих дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Направление о предоставлении общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам, либо мотивированный отказ.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная/бумажная.
При не обращении услугополучателя за результатом государственной услуги в указанный срок, услугодатель обеспечивает их хранение по месту приема до получения услугополучателем.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

1) Организации технического и профессионального, послесреднего образования – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя;
2) портале www.egov.kz.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

К услугодателю:
1) заявление на имя руководителя организации технического и профессионального, послесреднего образования о предоставлении места в общежитии по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) документ о статусе кандаса
3) документ, удостоверяющий личность, и (или) электронный документ посредством сервиса цифровых документов (для идентификации).
На портале:
1) заявление о предоставлении места в общежитии в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;
2) электронная копия документа о статусе кандаса.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, о составе семьи, при наличии семьи; о смерти родителя (родителей) (для детей – сирот), либо справка с детского дома; о наличии в семье 4-х и более детей (для детей из многодетных семей); о подтверждении инвалидности о подтверждении инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10589, опубликован 15 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"); о подтверждении права для получения государственной адресной социальной помощи предоставляются услугодателю из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
Услугодатели получают цифровые документы из сервиса цифровых документов через реализованную интеграцию при условии согласия владельца документа, предоставленного посредством зарегистрированного на веб-портале "электронного правительства" абонентского номера сотовой связи пользователя путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление веб-портала "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие представленных документов услугополучателя, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами распределения мест в общежитиях организаций образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13487).
При отказе в оказании государственной услуги услугодатель направляет услугополучателю ответ с указанием причин отказа.
В случае устранения услугополучателем причин отказа в оказании государственной услуги услугополучатель может обратиться повторно для получения государственной услуги в порядке, установленном настоящими Правилами государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов -15 минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 30 минут.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Сервис цифровых документов доступен для пользователей, авторизованных в мобильном приложении.
Для использования цифрового документа необходимо пройти авторизацию в мобильном приложении с использованием электронно-цифровой подписи или одноразового пароля, далее перейти в раздел "Цифровые документы" и выбрать необходимый документ.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.
Условия получения услуги третьими лицами:
Электронный запрос третьих лиц, при условии согласия лица, в отношении которого запрашиваются сведения, предоставленного из "личного кабинета" на портале.

  Приложение 2 к приказу
Министр образования и науки
Республики Казахстан
от 13 октября 2021 года № 515
  Приложение 3
к Правилам распределения
мест в общежитиях
организаций образования

Стандарт государственной услуги: "Предоставление общежития обучающимся в организациях высшего и (или) послевузовского образования"

1

Наименование услугодателя

Организации высшего и (или) послевузовского образования

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:
1) Организации высшего и (или) послевузовского образования;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

Срок оказания - 3 рабочих дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

направление о предоставлении общежития обучающимся в организациях высшего и (или) послевузовского образования по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам, либо мотивированный отказ.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная/бумажная
При не обращении услугополучателя за результатом государственной услуги в указанный срок, услугодатель обеспечивает их хранение по месту приема до получения услугополучателем.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

1) Организации высшего и (или) послевузовского образования – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя;
2) портале www.egov.kz.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

К услугодателю:
1) заявление на имя руководителя организации высшего и (или) послевузовского образования о предоставлении места в общежитии по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) документ о статусе кандаса.