"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Санаториялық-курорттық ұйымдар қызметінің монетарлық емес көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 37 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 13531) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |