"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді.

      "Ғылым" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлiгi

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2021 жылғы 2 қарашадағы
№ 544 бұйрығымен
бекітілген

"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым" туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарға, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ғылыми қызметкерлеріне "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын (бұдан әрі – сыйлық) беру тәртібін айқындайды.

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) апелляциялық комиссия – конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;

      2) қатысушы – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іске асыратын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы;

      3) Республикалық конкурстық комиссия – ғылым саласындағы уәкілетті органмен сыйлық беру үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).

      Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. " Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру тәртібі

      2. Ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзінің Интернет-реcурсында "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өтетіндігі туралы хабарландыру орналастырады.

      3. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

      1) сыйлықтарды алу конкурсына қатысу үшін осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтінім;

      2) сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес мәліметтер;

      3) ғылыми ұйымдардың және ЖЖОКБҰ консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынысы);

      4) алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Конкурсқа құжаттар уәкілетті органмен конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. Құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Құпия" деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті орган Министрінің бұйрығымен бекітілетін Комиссия құрылады.

      Комиссия қазақстандық ғалымдар, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, ЖЖОКБҰ және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде 25 (жиырма бес) адамды құрайды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия отырыстары оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелері комиссия жұмысына:

      1) үміткермен соңғы бес жылдағы бірлескен авторлықты қоса алғанда, ортақ жарияланымдары болған жағдайда;

      2) соңғы 5 (бес) жыл ішінде конкурсқа үміткерге тікелей басшылық жасаса, оның қарамағында болса немесе оған консультациялық қызметтер көрсетсе;

      3) үміткермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) немесе жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;

      4) үміткердің ата-анасымен, жұбайымен (зайыбымен) жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;

      5) егер комиссия мүшесі үміткердің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болса немесе болып табылса қатыспайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерін Комиссия айқындайды. Бағалау көрсеткіштері объективтілікті қамтамасыз етуге, ғылыми негізделген фактілерге, әдістемелерге және (немесе) халықаралық тәжірибеге негізделуге тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштері мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;

      2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;

      3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

      4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

      5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;

      6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

      7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

      8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

      9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссия мүшелерінің арасынан сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін ғылым салалары бойынша секциялар құрылады. Секциялар жұмыстарды бағалайды және Комиссия айқындаған ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес әрбір үміткер бойынша қорытынды береді.

      Секция жұмысын Комиссия отырысына қатысатын мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланатын секция басшысы басқарады. Әр секция кемінде 3 (үш) мүшеден тұрады.

      Секциялар Комиссия айқындаған көрсеткіштерге сәйкес әрбір қатысушы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды береді.

      Осы Қағидалардың 6-тармағындағы ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша секциялар ұсынылған растайтын материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштерге сәйкестігін растайды немесе растамайды. Негізделген күмән болған жағдайда секция үміткер көрсеткен ақпарат пен балдарды растамайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Үміткер дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, секциялар Комиссияға осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мерзімде жазбаша негіздемесімен бірге оны үміткерлер тізімінен шығару туралы ұсыныс береді. Комиссияның шешімімен шығарылған үміткер келесі 3 (үш) жыл ішінде Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Секция қорытындыларының негізінде әрбір үміткер бойынша Комиссия ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес балдарды есептейді.

      Нәтижелер Комиссия айқындаған үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің балдары бойынша сараланған тізімдер түрінде ғылым салалары бойынша ақпараттық жүйеде жеке ресімделеді. Нәтижелер әрбір қатысушы мүшенің қолымен расталған секция хаттамасымен бекітіледі және комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.

      11. Комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сыйлық беру жөніндегі шешімді енгізеді.

      Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Сыйлықтардың жалпы саны Комиссияның шешімі бойынша ғылымның әрбір бағыты бойынша келіп түскен өтінімдердің санына байланысты ғылыми бағыттар арасында бөлінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады.

      Комиссияның шешімдеріне шағымдану конкурстың алдын ала нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін бір күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

      Шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі, сондай-ақ растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді.

      Апелляциялық комиссия Комиссиямен бірге құрылады және оның мүшелерінен тұрмайды. Қажет болған жағдайда апелляциялық комиссия шағымды онлайн-режимде апелляцияға шағым берген адамды шақыра отырып қарайды.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде негізделген жауапты ақпараттық жүйеде жариялайды.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Конкурстың қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      13. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      14. Конкурс қорытындысы бойынша сыйлық иеленушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы" куәлік беріледі және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сыйлық төленеді.

      15. Сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

      Соңғы он жылдағы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері аталған конкурсқа қатыспайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Үздік ғылыми қызметкер"
жыл сайынғы сыйлығын беру
қағидаларына 1-қосымша

"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсына үміткердің өтінімі

      Маған – Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) "Үздік ғылыми қызметкер" конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН)


2.

Туған күні, айы, жылы


3.

Жұмыс орны (қысқартуларсыз)


4.

Лауазымы (қысқартуларсыз)


5.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)


6.

Ғылыми дәрежесі/атағы


7.

Марапаттаулар, көтермелеулер (мемлекеттік, ведомстволық)


8.

Ғылым саласы


9.

ОРКИД (ORCID) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-сандық коды)


10.

РисҰчерайди (ResearcherID) (бар болған жағдайда Web of Science (Уэп оф сайнс) базасындағы ғалымның идентификаторы)


11.

Автор айди (Author ID) (Автор айди) (бар болған жағдайда Scopus (Скопус) базасындағы автордың ерекше номері)


12.

Хирш индексі


13.

Электрондық мекен-жайы


14.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)


  "Үздік ғылыми қызметкер"
жыл сайынғы сыйлығын беру
қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.11.2022 № 130 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



 

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

_____ жылғы "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығын тағайындау
туралы куәлігі __________________ саласындағы жоғары жетістіктері үшін
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) беріледі

Министр
мөр орны


Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Об утверждении Правил присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 544. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 ноября 2021 года № 25003.

      В соответствии с подпунктом 16-1) статьи 4 Закона Республики Казахстан "О науке", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник".

      2. Комитету науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет – ресурсе Министерства образования и науки Реcпублики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 2 ноября 2021 года № 544

Правила присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16-1) статьи 4 Закона Республики Казахстан "О науке" и определяют порядок присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник" (далее – Премия) ученым, научным работникам научных организаций и организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) внесшим вклад в развитие науки и техники.

      1-1. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) апелляционная комиссия – комиссия, создаваемая уполномоченным органом в области науки для пересмотра результатов конкурса;

      2) участник – гражданин Республики Казахстан, имеющий высшее образование, работающий в научной организации, организации высшего и (или) послевузовского образования или научном подразделении организации, получающий и реализующий результат научной и (или) научно-технической деятельности, предоставивший документы в соответствии с настоящими Правилами на участие в конкурсе;

      3) Республиканская конкурсная комиссия – комиссия, создаваемая уполномоченным органом в области науки для присуждения Премии (далее – Комиссия).

      Сноска. Правила дополнены пунктом 1-1 в соответствии с приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

Глава 2. Порядок присуждения ежегодной премии "Лучший научный работник"

      2. Уполномоченный орган в области науки (далее – уполномоченный орган) размещает объявление о проведении Конкурса на соискание ежегодной премии "Лучший научный работник" (далее – Конкурс) на своем официальном Интернет-ресурсе.

      3. Для участия в Конкурсе претенденты через информационную систему уполномоченного органа (далее – информационная система) представляют следующие документы:

      1) заявку по форме на участие в Конкурсе на присуждение Премии согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) сведения в соответствии с показателями оценки научных достижений претендента на присуждение Премии;

      3) ходатайство (рекомендация) консультативно-совещательного органа научных организаций и ОВПО;

      4) исключен приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования);

      5) копию документа, удостоверяющего личность.

      Документы на конкурс принимаются через информационную систему уполномоченным органом в течение 20 (двадцать) календарных дней со дня опубликования объявления о конкурсе.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      3-1. Претенденты, документы которых содержат сведения, составляющие государственные секреты или служебную информацию ограниченного распространения с пометками "Для служебного пользования" и/или "Конфиденциально" представляют их в уполномоченный орган в порядке, установленном законодательством о государственных секретах.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 3-1 в соответствии с приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      4. Для рассмотрения конкурсных материалов и подготовки решений по вопросу присуждения Премий создается Комиссия, утверждаемая приказом Министра уполномоченного органа.

      Комиссия формируется из числа казахстанских ученых, представителей уполномоченного органа, отраслевых уполномоченных органов в области науки и научно-технической деятельности, научных организаций, ОВПО и научных общественных объединений.

      Комиссия состоит не менее из 25 (двадцать пять) членов. Секретарь комиссии не является членом комиссии. Заседания Комиссии считаются правомочными при участии в них не менее двух третей от общего количества членов Комиссии.

      Члены Комиссии не принимают участия в работе Комиссии:

      1) при наличии совместных публикаций с претендентом, включая соавторство за последние пять лет;

      2) непосредственного руководства над претендентом конкурса, нахождения в его подчинении или оказания ему консультационных услуг в течение последних 5 (пять) лет;

      3) при нахождении в браке (супружестве) или близком родстве с претендентом;

      4) при нахождении в близком родстве с родителями, супругом (супругой) претендента;

      5) если член Комиссии являлся или является научным руководителем диссертационной работы претендента.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      5. Показатели оценки научных достижений претендента на присуждение Премии определяются Комиссией. Показатели оценки обеспечивают объективность, основываются на научно обоснованных фактах, методиках и (или) международном опыте.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      6. Каждый претендент на присуждение Премии оценивается по следующим показателям оценки научных достижений:

      1) наличие ученой степени, признанной в Республике Казахстан;

      2) наличие ученого звания, присвоенного уполномоченным органом;

      3) руководство научными проектами и программами по выбранному научному направлению;

      4) наличие и качество научных результатов по выбранному научному направлению (статьи или обзоры в рецензируемых журналах, отечественные и зарубежные монографии, главы в монографиях, патенты и другие);

      5) наличие статей в престижных международных рецензируемых журналах по выбранному научному направлению в соавторстве с ведущими зарубежными учеными;

      6) преподавание одной или нескольких дисциплин в ОВПО за последний год;

      7) подготовка кадров, которым присуждена степень доктора философии (PhD) или доктора по профилю;

      8) подтвержденные результаты научной и научно-технической деятельности по внедрению в производство;

      9) общественная работа, направленная на повышение качества, результативности и влияния научных исследований.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      7. Из числа членов Комиссии формируются секции по областям науки для предварительного рассмотрения работ, выдвинутых на соискание Премий. Секции оценивают работы и дают заключение по каждому претенденту в соответствии с показателями оценки научных достижений, определенными Комиссией.

      Работу секции возглавляет руководитель, избираемый открытым голосованием, простым большинством голосов членов, участвующих на заседании Комиссии. Каждая секция состоит не менее из 3 (три) членов.

      Секции дают заключение в течение 5 (пять) рабочих дней по каждому участнику в соответствии с показателями, определенными Комиссией.

      По показателям оценки научных достижений в пункте 6 настоящих Правил секции подтверждают или не подтверждают соответствие представленных подтверждающих материалов и документов выбранным критериям. При наличии обоснованных сомнений секция не подтверждает указанную претендентом информацию и баллы.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).
      8. Исключен приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      9. При представлении претендентом недостоверных сведений, секции представляют в Комиссию предложение об исключении его из списка претендентов с письменным обоснованием, в сроки, предусмотренные в пункте 7 настоящих Правил. По решению Комиссии, исключенный претендент не допускается к участию в Конкурсе в течение последующих 3 (три) лет.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      10. На основании заключений секций по каждому претенденту Комиссией рассчитываются баллы согласно показателям оценки научных достижений.

      Результаты оформляются в виде ранжированных списков по баллам показателей оценки научных достижений претендентов, определенной Комиссией, в информационной системе по областям науки в отдельности. Результаты закрепляются протоколом секций, заверенной подписью каждого присутствующего члена и передаются на рассмотрение, на итоговое заседание Комиссии.

      11. Комиссия на основании заключений секций, в течение 5 (пять) рабочих дней со дня их получения, вносит в уполномоченный орган решение по присуждению Премии.

      Решение Комиссии о присуждении Премии принимается простым большинством голосов. При равенстве голосов членов Комиссии голос Председателя Комиссии является решающим.

      Общее количество Премий распределяется между областями науки по решению Комиссии, в зависимости от количества поступивших заявок по каждому научному направлению.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      11-1. Решение Комиссии обжалуется в порядке, предусмотренным Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      Обжалование решений Комиссии осуществляется в течение одного дня после официального опубликования предварительных результатов конкурса путем подачи жалобы в Апелляционную комиссию.

      На этапе обжалования изменения в сведениях о научных достижениях и подтверждающих документах не допускается.

      Апелляционная комиссия создается вместе с Комиссией и не состоят из ее членов. При необходимости апелляционная комиссия рассматривает жалобу с приглашением подавшего жалобу на апелляцию в онлайн-режиме.

      По результатам рассмотрения заявлении в течении 5 (пять) рабочих дней Комиссия публикует мотивированный ответ через информационную систему.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-1 в соответствии с приказом Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

      12. Итоги Конкурса размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      13. Решение Комиссии может быть обжаловано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      14. По итогам Конкурса обладателю премии выдается свидетельство "О присуждении ежегодной премии "Лучший научный работник" согласно приложению 2 к настоящим Правилам и выплачивается за счет средств республиканского бюджета государственная премия в размере 2000-кратного месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      15. Премия не присуждается одному и тому же лицу более одного раза в течение десяти последующих лет.

      Обладатели звания "Лучший преподаватель вуза" за последние десять лет не участвуют в данном конкурсе.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам присуждения
ежегодной премии
"Лучший научный работник"

Заявка претендента Конкурса на присуждение ежегодной премии
"Лучший научный работник"

      Прошу допустить меня – Ф.И.О. (при его наличии) к участию в конкурсе на присуждение ежегодной премии "Лучший научный работник".

      Сообщаю о себе следующие сведения:

1.

Данные документа, удостоверяющего личность (номер, когда и кем выдан, ИИН)


2.

Дата рождения (дд.мм.гг)


3.

Место работы (без сокращений)


4.

Должность (без сокращений)


5.

Образование (какое учебное заведение, факультет, в каком году окончил)


6.

Ученая степень/звание


7.

Награды, поощрения (государственные, ведомственные)


8.

Область науки


9.

ОРКИД (ORCID) (буквенно-цифровой код идентификации научных авторов)


10.

РисҰчерайди (ResearcherID) (Идентификатор ученого в базе Web of Science (Уэп оф сайнс), при наличии)


11.

Автор айди (Author ID) (Уникальный номер автора в базе Scopus (Скопус), при наличии)


12.

Индекс Хирша


13.

Электронный адрес


14.

Контактный телефон (домашний, мобильный)


  Приложение 2
к Правилам присуждения
ежегодной премии
"Лучший научный работник"

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Министра науки и высшего образования РК от 02.11.2022 № 130 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого его официального опубликования).

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі




Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

Свидетельство
о присуждении ежегодной премии
"Лучший научный работник"__________ года
выдается за высокие достижения в области ____________
Фамилия, имя и отчество (при его наличии)

Министр
Место для печати


Фамилия, имя и отчество (при его наличии)

      ____________________________________