"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30404 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25003 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) апелляциялық комиссия – конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;

      2) қатысушы – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іске асыратын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы;

      3) Республикалық конкурстық комиссия – ғылым саласындағы уәкілетті органмен сыйлық беру үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).";

      3 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.

      3 тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурсқа құжаттар уәкілетті органмен конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Құпия" деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.";

      4 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті орган Министрінің бұйрығымен бекітілетін Комиссия құрылады.";

      5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерін Комиссия айқындайды. Бағалау көрсеткіштері объективтілікті қамтамасыз етуге, ғылыми негізделген фактілерге, әдістемелерге және (немесе) халықаралық тәжірибеге негізделуге тиіс.

      6. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштері мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;

      2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;

      3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

      4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

      5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;

      6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

      7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

      8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

      9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.";

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия мүшелерінің арасынан сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін ғылым салалары бойынша секциялар құрылады. Секциялар жұмыстарды бағалайды және Комиссия айқындаған ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес әрбір үміткер бойынша қорытынды береді.

      Секция жұмысын Комиссия отырысына қатысатын мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланатын секция басшысы басқарады. Әр секция кемінде 3 (үш) мүшеден тұрады.

      Секциялар Комиссия айқындаған көрсеткіштерге сәйкес әрбір қатысушы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды береді.

      Осы Қағидалардың 6-тармағындағы ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша секциялар ұсынылған растайтын материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштерге сәйкестігін растайды немесе растамайды. Негізделген күмән болған жағдайда секция үміткер көрсеткен ақпарат пен балдарды растамайды.";

      8 тармақ алынып тасталсын;

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үміткер дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, секциялар Комиссияға осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мерзімде жазбаша негіздемесімен бірге оны үміткерлер тізімінен шығару туралы ұсыныс береді. Комиссияның шешімімен шығарылған үміткер келесі 3 (үш) жыл ішінде Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";

      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сыйлық беру жөніндегі шешімді енгізеді.

      Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Сыйлықтардың жалпы саны Комиссияның шешімі бойынша ғылымның әрбір бағыты бойынша келіп түскен өтінімдердің санына байланысты ғылыми бағыттар арасында бөлінеді.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады.

      Комиссияның шешімдеріне шағымдану конкурстың алдын ала нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін бір күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

      Шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі, сондай-ақ растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді.

      Апелляциялық комиссия Комиссиямен бірге құрылады және оның мүшелерінен тұрмайды. Қажет болған жағдайда апелляциялық комиссия шағымды онлайн-режимде апелляцияға шағым берген адамды шақыра отырып қарайды.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде негізделген жауапты ақпараттық жүйеде жариялайды.";

      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

      Соңғы он жылдағы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері аталған конкурсқа қатыспайды.";

      көрсетілген Қағидаларда 2 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 130 Бұйрыққа
қосымша
  "Үздік ғылыми қызметкер"
жыл сайынғы сыйлығын беру
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



 

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

_____ жылғы "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығын тағайындау
туралы куәлігі __________________ саласындағы жоғары жетістіктері үшін
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) беріледі

Министр
мөр орны


Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады