Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 340, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 018, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 1158 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 695 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қарашада № 25095 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында және көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов
     
      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан

Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 9 ноября 2021 года № 340, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 9 ноября 2021 года № 018, Министра финансов Республики Казахстан от 10 ноября 2021 года № 1158 и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 ноября 2021 года № 695. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2021 года № 25095

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и подпунктом 1) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", со статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе, а также разделом 10 Приложения 7 к Договору ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Ввести запрет сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан автомобильным транспортом бензинов, дизельного топлива и отдельных видов нефтепродуктов (ТН ВЭД ЕАЭС 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826), за исключением смазочных масел (ТН ВЭД ЕАЭС 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0), за исключением вывоза в бензобаках, предусмотренных заводом-изготовителем автомобильных транспортных средств, а также в отдельных емкостях объемом не более 20 литров.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан при взаимодействии с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в пределах своей компетенции принять необходимые меры по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего совместного приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в пределах своей компетенции оказать содействие по недопущению случаев вывоза товаров, указанных в пункте 1 настоящего совместного приказа, в бензобаках, несоответствующих стандартам, предусмотренным заводом-изготовителем автомобильных транспортных средств, а также в отдельных емкостях объемом не более 20 литров.

      4. Департаменту транспортировки и переработки нефти Министерства энергетики Республики Казахстан уведомить Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан о необходимости в установленном порядке информировать Евразийскую экономическую комиссию о введении указанного в пункте 1 настоящего совместного приказа запрета.

      5. Департаменту транспортировки и переработки нефти Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      6. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих соответствующее направление вице-министров энергетики, финансов, внутренних дел и заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан – Директора Пограничной службы.

      7. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
__________К. Масимов
      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________Е. Тургумбаев
      Министр финансов
Республики Казахстан
__________Е. Жамаубаев
      Министр энергетики
Республики Казахстан
__________М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан