"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25101 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.

      5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңсе жұмыскері қабылдау мен тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады және ведомство басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Кеңсе жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандартта көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды және оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомство басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған уәжді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 326 бұйрығына
1-қосымша
  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
1-қосымша

"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –2 (екі) жылға дейін.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттама не уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және үй-жайларында орналастырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған: www. gov. kz

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10287 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың жемшөп қоспаларын, әртүрлі дозалары, концентрациясы немесе көлемі, бірақ бір дәрілік нысаны бар жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарына берілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, дозаларын немесе концентрацияларын тізімдейтін бір өтініш ұсынады;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ведомство мен көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау кезінде жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған, құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www. gov. kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 326 бұйрығына
2-қосымша
  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді/тіркеу сынақтарынан өткізуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушы: _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)

      2. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы, телефоны, факсы, банктік деректемелері:

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер:

      1) құрамы: ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) дәрілік нысаны:________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3) тағайындау:___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      5. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші: ___________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

      6. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын өндіруші: ___________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

      7. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі: ___________________________

      __________________________________________________________________

      (өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері)

      Өтінім берілді: 20___жылғы "____" _______________________________

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушынның не оның өкілінің қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___ жылғы "_____" ______

      __________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (үзу сызығы)

      Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___жылғы "______" ___

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 "Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 ноября 2021 года № 326. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 ноября 2021 года № 25101

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 "Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10287) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 46-20) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 46-20) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее – Закон) и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон о государственных услугах) и определяют порядок проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок, а также порядок оказания государственной услуги.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложен в стандарте государственной услуги "Проведение апробации и регистрационных испытаний ветеринарного препарата и кормовых добавок" согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – стандарт).

      5. Физические и юридические лица (далее – услугополучатель) для получения государственной услуги представляют в канцелярию ведомства (далее – канцелярия) заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и документы, указанные в стандарте.";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Работник канцелярии осуществляет прием и регистрацию заявления в день его поступления и направляет руководителю ведомства, которым назначается ответственный исполнитель.

      Работником канцелярии услугополучателю выдается отрывной талон заявления с отметкой о регистрации с указанием даты и времени, фамилии и инициалов, должности лица, принявшего заявление.

      В случае обращения услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются в ближайший следующий за ним рабочий день.

      8. Ответственный исполнитель в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации заявления проверяет полноту представленных документов, указанных в стандарте.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов и (или) отсутствия сведений, необходимых для оказания государственной услуги в соответствии с настоящими Правилами, ответственный исполнитель в срок, указанный в части первой настоящего пункта, направляет услугополучателю уведомление с указанием требований, которым не соответствуют представленные документы и (или) сведения, и срока приведения их в соответствие.

      Срок приведения в соответствие указанного в уведомлении документов составляет 2 (два) рабочих дня со дня направления уведомления.

      На период приведения в соответствие указанных в уведомлении документов с требованиями настоящих Правил, срок оказания государственной услуги приостанавливается.

      В случае, если в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения уведомления, услугополучатель не привел документы в соответствие требованиям настоящих Правил, услугодатель направляет мотивированный отказ по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам, подписанный руководителем ведомства либо лицом, исполняющим его обязанности.

      В случае предоставления услугополучателем полного пакета документов и отсутствия оснований для отказа в оказании государственной услуги, ответственный исполнитель в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня регистрации заявления направляет документы услугодателю.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. Жалоба на решение, действий (бездействий) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг может быть подана на имя руководителя услугодателя, ведомства, уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса (далее – уполномоченный орган), в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      В случае поступления жалобы в соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – АППК) услугодатель направляет ее в орган, рассматривающий жалобу, в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления. Жалоба услугодателем не направляется в орган, рассматривающий жалобу, в случае принятия благоприятного акта, совершения административного действия, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 АППК.";

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту ветеринарной, фитосанитарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского
хозяйства Республики Казахстан
Е. Карашукеев

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 9 ноября 2021 года № 326
Приложение 1
к Правилам проведения
апробации и регистрационных
испытаний ветеринарных
препаратов, кормовых добавок

Стандарт государственной услуги "Проведение апробации и регистрационных испытаний ветеринарного препарата и кормовых добавок"

1

Наименование услугодателя

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный референтный центр по ветеринарии" Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – услугодатель).

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – ведомство).

3

Срок оказания государственной услуги

Со дня сдачи пакета документов услугополучателем и до момента получения результата оказания государственной услуги – до 2 (двух) лет.

4

Форма оказания государственной услуги

Бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Протокол о результатах апробации ветеринарного препарата, кормовых добавок и/или протокол о результатах регистрационных испытаний ветеринарного препарата, кормовых добавок, либо мотивированный отказ.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Платно.
Стоимость оказания государственной услуги устанавливается услугодателем в соответствии с пунктом 1 статьи 116 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан и подпунктом 1) пункта 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и размещается на интернет-ресурсе и в помещениях услугодателя.

7

График работы

Услугодатель – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются с 9.00 до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.
Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
Адрес места оказания государственной услуги размещен на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан: www.gov.kz

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) заявление по форме согласно приложению 2 к Правилам проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10287) (далее – Правила).
Для проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок различных лекарственных форм одного и того же ветеринарного препарата, кормовых добавок, услугополучатель представляет заявление на каждую лекарственную форму отдельно.
Для проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок одного и того же ветеринарного препарата, кормовых добавок с различными дозировками, концентрацией или объемом, но одной лекарственной формы, услугополучатель представляет одно заявление, в котором перечисляет все объемы, дозы или концентрации ветеринарного препарата, кормовых добавок, предоставляемых на апробацию и регистрационные испытания ветеринарных препаратов, кормовых добавок;
2) документ, удостоверяющий личность, и (или) документ, подтверждающий полномочия представителя, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации).
Сведения о документе, удостоверяющем личность физического лица, о регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, сотрудники ведомства и услугодателя получают из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
Не допускается истребование от услугополучателей документов, которые могут быть получены из информационных систем.
Услугодатели получают цифровые документы из сервиса цифровых документов через реализованную интеграцию при условии согласия владельца документа, предоставленного посредством зарегистрированного на веб-портале "электронного правительства" абонентского номера сотовой связи пользователя путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление веб-портала "электронного правительства".
Сервис цифровых документов доступен для пользователей, авторизованных в мобильном приложении.
Для использования цифрового документа необходимо пройти авторизацию в мобильном приложении с использованием электронной цифровой подписи или одноразового пароля, далее перейти в раздел "Цифровые документы" и выбрать необходимый документ.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Для оказания государственной услуги создаются условия для услугополучателей на время ожидания и подготовки необходимых документов (кресла для ожидания, места для заполнения документов, оснащенные стендами с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения), принимаются меры противопожарной безопасности.
Здания услугодателя оборудованы входом с пандусами, предназначенными для доступа людей с ограниченными физическими возможностями.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан: www.gov.kz. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 2 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 9 ноября 2021 года № 326
Приложение 2
к Правилам проведения
апробации и регистрационных
испытаний ветеринарных препаратов,
кормовых добавок
  Форма

Заявление

      Прошу провести апробацию/регистрационные испытания ветеринарного препарата,
кормовых добавок (нужное подчеркнуть)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(торговое (отличительное) название ветеринарного препарата, кормовых добавок)
1. Услугополучатель ______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
________________________________________________________________________________
физического лица, наименование юридического лица)
2. Адрес услугополучателя, телефон, факс, банковские реквизиты ___
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер услугополучателя
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Сведения о ветеринарном препарате, кормовых добавках:
1) состав ________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2) лекарственная форма ___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3) назначение ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Разработчик ветеринарного препарата, кормовых добавок ____________________________
________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, наименование юридического
лица, адрес)
6. Производитель ветеринарного препарата, кормовых добавок__________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, наименование юридического
лица, адрес)
7. Представитель услугополучателя _________________________________________________
________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность представителя, контактные данные)
Заявление подано: "____" _______________ 20 ___ года
________________________________________________________________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) услугополучателя либо его представителя)
Заявление принято к рассмотрению в _____ часов "__" ___ 20___года
________________________________________________________________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность, принявшего заявление)
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
(линия отрыва)
Заявление принято к рассмотрению в _____ часов "__" ___ 20___года
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность, принявшего заявление)