БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.
5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кеңсе жұмыскері қабылдау мен тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады және ведомство басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Кеңсе жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандартта көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды және оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомство басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған уәжді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –2 (екі) жылға дейін. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттама не уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Ақылы. |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10287 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау кезінде жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған, құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. |
Нысан
Өтініш
Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді/тіркеу сынақтарынан өткізуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу):
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушы: _______________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
2. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы, телефоны, факсы, банктік деректемелері:
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер:
1) құрамы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) дәрілік нысаны:________________________________________________
____________________________________________________________________
3) тағайындау:___________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші: ___________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
6. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын өндіруші: ___________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
7. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі: ___________________________
__________________________________________________________________
(өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері)
Өтінім берілді: 20___жылғы "____" _______________________________
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушынның не оның өкілінің қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___ жылғы "_____" ______
__________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(үзу сызығы)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___жылғы "______" ___
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)