Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты "Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен)" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Қонаев – Талдықорған" 67+000 километр (бұдан әрі – км) – 253+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас республикалық маңызы бар автомобиль жолының Алматы – Көкпек – Көктал учаскесі, Сарыөзек – Көктал республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Көктал – Байғазы" учаскесі, Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Байғазы – Қоғалы – Қарабұлақ – Талдықорған учаскесі;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті – 67+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 253+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 186 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 586 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Қонаев қаласы | |
69 км | Қонаев қаласындағы көлік айрығы |
72 км | Қонаев қаласы |
77 км | Қазақстан көлік айрығы |
83 км | Бақанас ауылындағы көлік айрығы |
99 км | Демалыс аймағындағы көлік айрығы |
110 км | Шеңгелді ауылы |
Кербұлақ ауданы | |
140 км | Жоламан ауылы |
147 км | Малайсары ауылы |
157 км | Қарашоқы ауылы |
167 км | Сарыөзек ауылы |
169 км | Сарыөзек ауылының көлік айрығы |
172 км | Сарыөзек ауылы |
175 км | Сарыбұлақ ауылы |
177 км | Желдіқара ауылы |
Көксу ауданы | |
км 200 | Айнабұлақ ауылы |
км 204 | Айнабұлақ ауылы |
км 210 | Қызылтоған ауылы |
км 213 | Алғабас ауылы |
км 235 | Жамбыл ауылы |
км 235 | Мұқры ауылы |
км 241 | Ақшатоған ауылы |
км 242 | Теректі ауылы |
км 242 | Балпық би ауылы |
Ескелді ауданы | |
км 245 | Алдабергенов ауылы |
км 246 | Бақтыбай ауылы |
Талдықорған қаласы | |
км 251 | аудан 3 бөлімше |
км 253 | коттедж қалашығы |
км 254 | Талдықорған қаласы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 586 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлешерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б санатты "Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен)" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Қонаев – Талдықорған" 67+000 километр (бұдан әрі-км) – 253+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 67+000 км - 84+400 км (17 км 400 метр) | 0,0094 | 0,0079 | 0,0393 | 0,0334 | 0,0778 | 0,0661 |
2 | 84+400 км - 122+750 км (38 км 350 метр) | 0,0207 | 0,0173 | 0,0866 | 0,0737 | 0,1714 | 0,1458 |
3 | 122+750 км - 188+300 км (65 км 550 метр) | 0,0353 | 0,0296 | 0,1480 | 0,1260 | 0,2930 | 0,2491 |
4 | 188+300 км - 234+050 км (45 км 750 метр) | 0,0247 | 0,0207 | 0,1033 | 0,0879 | 0,2045 | 0,1739 |
5 | 234+050 км - 253+000 км (18 950 метр) | 0,0102 | 0,0086 | 0,0428 | 0,0364 | 0,0847 | 0,0720 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (186 км) | 0,1002 | 0,0840 | 0,4198 | 0,3575 | 0,8315 | 0,7069 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,1163 | 0,0988 | 0,1563 | 0,1328 | 0,1949 | 0,1657 |
0,2563 | 0,2178 | 0,3446 | 0,2926 | 0,4295 | 0,3652 |
0,4381 | 0,3723 | 0,5890 | 0,5002 | 0,7340 | 0,6243 |
0,3058 | 0,2598 | 0,4111 | 0,3491 | 0,5123 | 0,4357 |
0,1267 | 0,1076 | 0,1703 | 0,1446 | 0,2122 | 0,1805 |
1,2432 | 1,0563 | 1,6712 | 1,4193 | 2,0829 | 1,7714 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км – километр;
т - тонна.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 586 бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Қонаев қаласы | |
1 | Қапшағай қаласындағы көлік айрығы |
2 | Қонаев қаласы ы |
3 | Қазақстан көлік айрығы |
4 | Бақанас ауылындағы көлік айрығы |
5 | Демалыс аймағындағы көлік айрығы |
6 | Шеңгелді ауылы |
Кербұлақ ауданы | |
7 | Жоламан ауылы |
8 | Малайсары ауылы |
9 | Қарашоқы ауылы |
10 | Сарыөзек ауылы |
11 | Сарыөзек ауылының көлік айрығы |
12 | Сарыөзек ауылы |
13 | Сарыбұлақ ауылы |
14 | Желдіқара ауылы |
Көксу ауданы | |
15 | Айнабұлақ ауылы |
16 | Айнабұлақ ауылы |
17 | Қызылтоған ауылы |
18 | Алғабас ауылы |
19 | Жамбыл ауылы |
20 | Мұқры ауылы |
21 | Ақшатоған ауылы |
22 | Теректі ауылы |
23 | Балпық би ауылы |
Ескелді ауданы | |
24 | Алдабергенов ауылы |
25 | Бақтыбай ауылы |
Талдықорған қаласы | |
26 | аудан 3 бөлімше |
27 | коттедж қалашығы |
28 | Талдықорған қаласы |