"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Тараз 674+000 километр (бұдан әрі – км) – 534+700 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Шымкент – Шаян – Жаңатас – Саудакент – Тоғызкент – Ақкөл – Тараз автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті –674+000 км, ақылы жолдың соңғы пункті –534+700 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 89 км 300 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы (учаске) жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 585 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Сайрам ауданы | |
674 км | көлік айырмасы Шымкент қ. айналып өту |
670 км | Ынтымак кенті |
665 км | Қарабұлақ көлік айырмасы |
658 км | Манкент көлік айрығы |
Түлкібас ауданы | |
652 км | Машат кенті |
646 км |
Састөбе |
632 км |
Майтөбе |
587 км | Дүйсебай кенті |
578 км | Қарасаз кенті |
576 км | Бауыржан Момышұлы кенті |
575 км | Ақ Бастау кенті |
572 км | Аманбаев кенті |
565 км | Нұрлыкент кенті |
557 км | 2 санатты "Алматы-Ташкент-Термез", автожолымен "Күйік" ескі асудан түсу |
556 км | Теріс Ащыбұлақ кенті |
555 км |
"Күйік-Теріс-Ащыбұлақ", автожолынан шығу |
537 км | Әулие көл кенті |
Жамбыл ауданы | |
535 км | Айша-Бибі көлік айрығы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 585 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
І-б санатты учаскесі Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы өтетін "Өзбекстан Республикасының шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасының шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарымен)" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Шымкент – Тараз" 674 +000 километр (бұдан әрі-км) - 534+700 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 674+000 км - 653+150 км (20 км 850 метр) | 0,0114 | 0,0095 | 0,0468 | 0,0398 | 0,0930 | 0,0791 |
2 | 653+150 км - 632+000 км (21 км 150 метр) | 0,0115 | 0,0096 | 0,0475 | 0,0404 | 0,0943 | 0,0802 |
3 | 593+000 км - 557+000 км (36 км) | 0,0197 | 0,0164 | 0,0808 | 0,0688 | 0,1605 | 0,1365 |
4 | 546+000 км - 534+700 км (11 км 300 метр) | 0,0062 | 0,0051 | 0,0254 | 0,0216 | 0,0504 | 0,0428 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (89 км 300 метр) | 0,0488 | 0,0406 | 0,2004 | 0,1706 | 0,3982 | 0,3386 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,1398 | 0,1189 | 0,1872 | 0,1594 | 0,2334 | 0,1986 |
0,1418 | 0,1206 | 0,1899 | 0,1617 | 0,2367 | 0,2014 |
0,2413 | 0,2053 | 0,3232 | 0,2752 | 0,4029 | 0,3429 |
0,0757 | 0,0644 | 0,1015 | 0,0864 | 0,1265 | 0,1076 |
0,5986 | 0,5092 | 0,8017 | 0,6826 | 0,9995 | 0,8505 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Жамбыл ауданы | |
1 | Әулие көл кенті |
2 | Күйік-Теріс-Ащыбұлақ автожолынан шығу |
3 | Теріс Ащыбұлақ кенті |
4 | Нұрлыкент кенті |
5 | Аманбаева кенті |
6 | Ақ Бастау кенті |
7 | Бауыржан Момышұлы кенті |
8 | Қарасаз кенті |
9 | Шақпақ ата кенті |
10 | Дүйсебай кенті |