"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) 719+000 километр (бұдан әрі – км) – 803+000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Қазығұрт – Қызылқия – Ақжар – Дербісек – Дихан баба облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Қазығұрт – Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолының Қазығұрт-Шарбұлақ учаскесі, Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр облыстық маңызы бар автомобиль жолының Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр учаскесі, 1 мамыр – Сайрам – Шымкент учаскесі, Шымкент – Қасқасу – Көксәйек облыстық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті –719 + 000 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 803 + 000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 84 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2021 жылғы "___" _______ |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2021 жылғы "___" _______ |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 587 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Шымкент қаласы | |
714 км | Ақтас кенті |
Төлеби ауданы | |
733 км | Монтайтас көлік айрығы |
Қазығұрт ауданы | |
740 км | Қадыр Мамбет кенті |
751 км | Жіңішке кенті |
755 км | Сарапхана кенті |
762 км | Қазығұрт кенті |
764 км | Ащыбұлақ кенті |
769 км | Тұрбат көлік айрығы |
777 км | Қақпақ көлік айрығы |
787 км | Ақжар кенті |
Сарыағаш ауданы | |
791 км | Атамекен кенті |
800 км | Дербісек кенті |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 587 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б санатты "Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас" Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке)" 719+000 километр (бұдан әрі-км) – 803+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 719+000 км - 733+000 км (14 км) | 0,0077 | 0,0063 | 0,0316 | 0,0271 | 0,0627 | 0,0533 |
2 | 733+000 км - 762+900 км (29 км 900 метр) | 0,0164 | 0,0135 | 0,0675 | 0,0578 | 0,1340 | 0,1138 |
3 | 762+900 км - 774+900 км (12 км) | 0,0066 | 0,0054 | 0,0271 | 0,0232 | 0,0538 | 0,0457 |
4 | 774+900 км - 803+000 км (28 км 100 метр) | 0,0154 | 0,0127 | 0,0634 | 0,0544 | 0,1259 | 0,1069 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (84 км) | 0,0460 | 0,0379 | 0,1896 | 0,1625 | 0,3765 | 0,3196 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,0934 | 0,0795 | 0,1255 | 0,1065 | 0,1566 | 0,1332 |
0,1996 | 0,1697 | 0,2680 | 0,2275 | 0,3345 | 0,2844 |
0,0801 | 0,0681 | 0,1076 | 0,0913 | 0,1343 | 0,1141 |
0,1876 | 0,1595 | 0,2519 | 0,2138 | 0,3144 | 0,2673 |
0,5607 | 0,4767 | 0,7530 | 0,6392 | 0,9399 | 0,7990 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері,оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ р\с | Елді мекеннің атауы |
Қазығұрт ауданы | |
1 | Жіңішке кенті |