"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты "Астана – Петропавл", Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Щучинск – Көкшетау" 230+250 километр (бұдан әрі – км) – 291+000 км (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Бурабай курорттық аймағының жолдары республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Бурабай учаскесі, Бурабай – Наурызбай Батыр – Ақмола облысының шекарасы облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Щучинск – Бурабай – Щорса – Ильичевка автомобиль жолының учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –230+250 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 291+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
І-б санатты автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
І-б санатты автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 60 км 750 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 583 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Бурабай ауданы | |
233 км | Бурабай кенті |
235 км | Қарашілік ауылы |
238 км | Зеренді ауылы |
242 км | Щучинск қаласы (Сарыарқа көшесі) |
243 км | Щучинск қаласы (Трудовая көшесі) |
244 км | Щучинск қаласы (Осенняя көшесі) |
251 км | Бурабай кенті |
254 км | Ақылбай ауылы (Дорофеевка) |
262 км | Баянбай ауылы (Вороновка) |
267 км | Кенесары ауылы (Жамантүз) |
280 км | Молодежное ауылы |
289 км | Станционный кенті |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетінатқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 583 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б санатты "Астана – Петропавл", Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Щучинск – Көкшетау" 230 + 250 километр (бұдан әрі-км) - 291 + 000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 230+250 км – 267 км(36 км 750 метр) | 0,0197 | 0,0164 | 0,0836 | 0,0705 | 0,1639 | 0,1393 |
2 | 267+000 км – 291+000 км (24 км) | 0,0128 | 0,0107 | 0,0546 | 0,0460 | 0,1070 | 0,0910 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (60 км 750 метр) | 0,0325 | 0,0271 | 0,1381 | 0,1165 | 0,2709 | 0,2302 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,2458 | 0,2097 | 0,3310 | 0,2818 | 0,4113 | 0,3490 |
0,1605 | 0,1370 | 0,2161 | 0,1840 | 0,2686 | 0,2279 |
0,4063 | 0,3467 | 0,5471 | 0,4659 | 0,6798 | 0,5769 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Жоқ | Жоқ |