"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) І-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Тараз – Қайнар 475+525 км (бұдан әрі – км) – 238+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент облыстық маңызы баравтомобиль жолының Тараз – Ақкөл учаскесі, Ақкөл – Ойық – Ұланбел облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел – Шығанақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Ұланбел – Бірлік учаскесі, Мерке –Бурылбайтал автомобиль жолының Бірлік – Шу учаскесі, Шу – Қайнар республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті-475+525 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті-238+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 237 км 525 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 581 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
---|---|
Кордай ауданы | |
237+175 км | Қайнар (Благовещенка) көлік айрайрығы |
Шу ауданы | |
249+800 км | Баласағұн кенті |
Меркі ауданы | |
276 км | Жауғаш батыр кенті |
307 км | Аспара кенті |
311 км | Ақермен кенті |
335+800 км | Шу көлік айрығы |
347+500 км | Меркі көлік айрығы |
351 км | Ақтоған кенті |
351 км | Қазах-дихан кенті |
360 км | Жаңатұрмыс кенті |
Тұрар Рысқұлов ауданы | |
366 км | Қазақ кенті |
367+523 км | Қазақ көлік айрығы |
371 км | Тасшолақ кенті |
373 км | Қара-Қыстақ кенті |
376 км | Көк-Арық кенті |
377 км | Еңбекші кенті |
379+555 км | Луговой станциясы көлік айрығы |
398+175 км | Көкдөнен көлік айрығы |
408 км | Юбилейный кенті |
410 км | Алғабас кенті |
417 км | Малдыбай кенті |
431 км | Өрнек кенті |
435 км | Акыртөбе кенті |
443 км | Мақпал кенті |
Байзақ ауданы | |
461 км | Ақшолақ кенті |
474 км | Жібек жолы кенті |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетінатқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 581 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
І-б санатты "Алматы – Ташкент – Термез" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Тараз – Қайнар" 475+525 километр (бұдан әрі-км) – 238+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 475+525 км - 453+550 км (21 км 975 метр) | 0,0120 | 0,0103 | 0,0496 | 0,0421 | 0,0982 | 0,0834 |
2 | 453+550 км - 381+500 км (72 км 050 метр) | 0,0394 | 0,0337 | 0,1627 | 0,1380 | 0,3221 | 0,2736 |
3 | 381+500 км - 352+800 км (28 км 700 метр) | 0,0157 | 0,0134 | 0,0648 | 0,0550 | 0,1283 | 0,1090 |
4 | 352+800 км - 332+800 км (20 км) | 0,0109 | 0,0094 | 0,0452 | 0,0383 | 0,0894 | 0,0759 |
5 | 332+800 км - 238+000 км (94 км 800 метр) | 0,0519 | 0,0443 | 0,2140 | 0,1816 | 0,4238 | 0,3600 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (237 км 525 метр) | 0,1300 | 0,1111 | 0,5363 | 0,4550 | 1,0618 | 0,9020 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,1471 | 0,1250 | 0,1972 | 0,1676 | 0,2461 | 0,2092 |
0,4823 | 0,4100 | 0,6466 | 0,5497 | 0,8068 | 0,6860 |
0,1921 | 0,1633 | 0,2576 | 0,2189 | 0,3214 | 0,2733 |
0,1339 | 0,1138 | 0,1795 | 0,1526 | 0,2240 | 0,1904 |
0,6346 | 0,5394 | 0,8508 | 0,7232 | 1,0616 | 0,9027 |
1,5899 | 1,3516 | 2,1316 | 1,8120 | 2,6598 | 2,2616 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ п\п | Елді мекеннің атауы |
Меркі ауданы | |
1 | Жауғаш батыр кенті |
2 | Аспара кенті |
3 | Ақермен кенті |
4 | Ақтоған кенті |
5 | Қазақ-дихан кенті |
6 | Жаңатұрмыс кенті |
Т.Рысқұлов ауданы | |
7 | Қазақ кенті |
8 | Тасшолақ кенті |
9 | Қара-Қыстақ кенті |
10 | Көк-Арық кенті |
11 | Еңбекші кенті |
12 | Юбилейный кенті |
13 | Алғабас кенті |
14 | Малдыбай кенті |
15 | Өрнек кенті |
16 | Акыртөбе кенті |
17 | Мақпал кенті |
Байзақ ауданы | |
18 | Ақшолақ кенті |